Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет38/151
Дата11.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#142420
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   151
Байланысты:
ana tln oqytu adstemes 2

 
 


55 
Кӛру диктанты
Бҧл диктант оқушылардың кӛру, есте сақтау, затты тану қабілеттерін 
дамыту мақсатымен жҥргізіледі. Кӛру диктантына әліппе бойынша ӛтілген 
әріп, буын және жеке сӛздермен бірге жазылуы қиын сӛздер, сӛз тіркестері 
және шағын текстер, жҧмбақ, жаттауға берілген ӛлеңдер алынады. 
Диктант мәтіні ҥзіліс кезінде тақтаға немесе алдын ала плакат қағазға 
жазылып қойылады. Оларды оқушылардың екі-ҥш рет оқып шығуына
асықпай кәріп, жадында сақтауына 1-2 минут уақыт беріледі. Содан кейін 
жазылған мәтін жабылады. 
Оқушылар тақтадан оқыған мәтінін есіне тҥсіріп, дәптерге жазады. 
Ӛздік диктанты
Оқушылар ӛтілген материалдарға байланысты ӛздері әріптер мен 
буындарды, сӛз бен сӛз тіркестерін және жекелеген сӛйлемдер мен жаттап 
алған ӛлең, жҧмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді естеріне тҥсіріп, ойлана 
отырып - диктантты ӛз бетінше жазады. Олар, бірінші -ӛтілген тақырыпты 
санаға тоқыту мақсатында мҧғалім диктант тексін тақтаға жазады, жеке 
сӛздердің жазылуы, грамматикалық ереже тҥсіндіріледі. Екінші - мҧғалім 
мәтінді кітаптан кӛрсетеді. Мәтін бірнеше рет оқылған соң, кітап жабылып, 
оқушылар жатқа жазады. Ҥшінші оқушыларға ӛлеңдерді жатқа жазғызу. 
Шығармашылық диктанттың ӛзіндік ерекшелігі оқушыларды ойлауға 
жетелеу болып табылады. Бҧл диктантты орындау ҥстінде оқушылар 
шығармашылық еңбекке ҥйренеді. Мәселен, мҧнда оқушылар сӛйлемдегі 
кӛп нҥктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сӛздерді дҧрыс орналастыру 
арқылы сӛйлем қҧрау, басы жазылған мәтінді аяқтау сияқты басқа 
диктанттарға қҧсамайтын ӛзгеше жҧмыс атқарады. 
Ескерту диктантының кӛлемі, орфографикалық емле, сӛздік қоры 
жағынан бақылау диктантына жақын. Ескерту диктантының ерекшелігі - 
осы уақытқа дейінгі барлық материалды тҥгел қамтып, оқушыларды 
бақылау диктантына тікелей әзірлеу. Диктанттың бҧл тҥрі бастауыш ҥш 
сыныпта да жҥргізіледі. 1-сыныпта айтылуы мен жазылуында ерекшелігі 


56 
жоқ сӛздер алынады, әрі ол дҧрыс жазу дағдысына ҥйретіледі. Мәтін 
біртіндеп кҥрделендіріле келіп, 3-сыныпта айтылуы мен жазылуында 
ӛзгешелік бар сӛздер енгізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет