Жақын перспектива –
бұл күнделікті өмірде пайда болып жеке адамды
әр түрлі іс -әрекетіне ынталандыру, қызықтыру. «Егер балалар алдында
қуанышты, қызықты істер болмаса, онда олар өмір сүре алмайды. А.С.
Макаренко адам өмірін шын ынталандыруды ертеңгі қуаныш» - деді.
Жақын перспективаға жарыс, саяхат жексенбілік серуен, цирк, музей
және көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар т.б. жатады.
Орта перспектива –
бұл перспективаға балалар лагеріне бару, жыл
сайын өткізілетін ән, сурет сайыстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық және
этикалық тақырыптарға пікірталас өткізу т.б. жатады. Мұндай алда тұрған
оқиға оқушылар үшін өте қуанышты болады.
Қашық перспектива –
бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ
мерзімді орындауға талаптану мақсаты. Қашық перспективаға келешек маман-
дықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында
жұмыс істеуге тілек білдіру немесе орта және жоғары арнайы оқу орындарына
түсу жатады.
Қоғам адамдары қашық перспектива арқылы мүмкіндігінше ұжымға,
Отанға пайда келтіруі тиіс. Бұл перспектива жақын және орта перспективалар-
мен мызғымас байланыста іске асырылады.
Осы перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалануда
әрбір мұғалімнің міндеттері: біріншіден, перспективаны баланың, сыныптың,
мектептің пайдасы үшін таңдап ала білу; екіншіден, оқушылардың жас
ерекшеліктерен және жалпы
дайындық дәрежесін еске алу.
№ Сұрақтар/тапсырма
Балл
Жинаған
балл
1
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының тәрбиелік сипатын
ашыңыз, жұмыс мазмұнына сипаттама беріңіз
35
2
Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың
әлеуметтік педагогикалық технологиясының ерекшелігін
ашыңыз
35
3
Кәсіптік бағдар және мамандық тандау жұмысының
кезеңдерін атаңыз
30
1)
Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы
талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы
оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке
тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс,
шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика
жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін
тәрбиелеуді қажет етеді. Мамандықты саналы таңдауда адамның
қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар. Ол адамның
психологиялық санасының қалыптасуына байланысты. Олар: қабілеттілік,
қызығушылық, бағыттың құндылығы, кәсіптік жоспар, идеялы, сенімі, т.б.
Мамандық туралы жеткіліксіз білу — мамандық таңдауда кездейсоқтыққа
әкеліп соқтырады.Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған
мамандығын жек көріп, жұмысорнын жиі өзгертуге себепші болады. Мектептегі
кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:
— оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;
— кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту
мақсатында
оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;
— мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;
2)
Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты
ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір
сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы
басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу
формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Мектеп
оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері
болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.
Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру
бұл:[3.4]
- Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи
ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі
үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;
- Екіншіден, салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып,
сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға
бағытталған іс – шараларды жүргізу.
3)
Жоғары сынып оқушыларына тән басты ерекшелік - бұл олардың өмірлік
жоспарларының
қалыптасуы.
Бұл
бір
жағынан
мақсаттардың тиянақтылығының, қорытылу нәтижесінде өмірлік жоспарлар
туындап, олар
өздеріне
жеке
тұлға,
иерархизациялардың
бағалы
бағдарламасының тиянақты ядросын орнығуын келтіреді. Олар өздеріне жеке
ұмтылыстарды бағындырады. Екінші жағынан мақсаттардың нақтылану мен
даралану процестері жүріп жатады. өмірлік жоспар - бір мезгілдегі әлеуметтік
және этикалық құбылыс.Біріншіден, талаптардың жиынтығы ретінде, онда
қоғам қалыптасып келе жатқан тұлғаның алдына қояды, яғни белгілі бір уақыт
аралығында осы тұлға оны байсалдылықпен шешуге тиісті.
Екіншіден,
шешімдер
қабылдау
процессі
ретінде,
оның
көмегімен индивидуалды өзінің басым бағалау және қабілеттерінің
балансын қалыптастырады және оны саралайды, екінші жағынан қоғамдык
еңбек бөлісу жүйесінің қажеттілігіне орналасады.
Үшіншіден, өмірдің жеке стилін қалыптастыру. Мұның құрамдас бөлігі
ретінде кәсіптік қызметі. Бұл үш тәсіл жұмыстың әр түрлі жақтарын басым
көрсетеді (бірінші қоғамдық сұрақтардан туындайды, үшінші жеке
тұлғаның қасиеттерінен, екінші - екеуінің келісімдерінің жолдарын ізд
ейді). Бірақ сонымен бірге өзара толықтырушылар болып
есептелінеді (бірінші басым әлеуметтік, екінші әлеуметтік, психологиялық,
үшінші -дифференциалды психологиялық).
№ Сұрақтар/тапсырма
Балл
Жинаған
балл
1
Тәрбие әдістерінің түрлері, топтастырылуын атаңыз
35
2
Ынталандыру әдістерін атап, анықтама беріңіз
30
3
Сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлаудың формалары
ерекшелігін ашып, мысал келтіріңіз
35
1)
Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін
қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара
байланысты
педагогикалық
жұмыс
тәсілдері.
Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және
дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие
мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге,
адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға
көмектеседі.
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалык; өзгерістерге байланысты тәрбие
мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде
әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік, ал
екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ.Қазіргі кезде тәрбие әдістерін
жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т.Е.Конникова,
Г.И.Щукина жәнеВ.С.Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік
байқалады.
Бұл
жіктеу
мектептерде
қолданылады.
Осыған
орай
тәрбие
әдістері
төрт
топқа
ажыратылады:
•
Адамгершілік
сананы
қалыптастыратын
әдістер.
• Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.
•
Тәртіпке,
іс-әрекетке
ынталандыратын
әдістер.
• Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру
және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.
2)
Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті де оқушы сезіміне әсер етеді. Оқулық
тақырыптарының мазмұны — оқу іс-әрекетіне қызықтыратын негізгі құрал.
Оқуға қызықтырудың өте жақсы әдісі — танымдық ойындар. Пікірсайыстар
да оқушыны оқуға қызықтырады. Үлгерімі төмен оқушыларды жеткен
жетістігіне қуанту да олардың оқуға ықыласын арттырады.
Жауапкершілікті қалыптастыру әдістері.
Тәсілдері:
• оқушыға оқудың өзіне және қоғамға пайдасын түсіндіру;
• талап қою;
• талаптарды орындауға үйрету;
• өз міндеттерін жақсы атқаратындарды мадақтау;
• керек жағдайда жазалау әдісін қолдану;
• оқушыға кемшіліктерін айтып, оларды түзетуге көмектесу.
Оқушыға оқудың өзіне және қоғамға пайдасын түсіндіру үшін мұғалім
өндірістің дамуына ғылымның қалай әсер еткенін айтып, білімділік еңбек
өнімділігін арттырып, жаңашылдыққа әкелетінін дәлелдейді.
Оқушыға оқудың пайдасын түсіндіру. Жаратылыс-математика бағытын
таңдаған балаларға қоғамдық ғылымдардың, қоғамдық бағыттағы пәндерді
тереңдетіп оқитын оқушыларға жаратылыс-математика бағытындағы
пәндердің пайдасын түсіндіру үшін өндіріске экскурсияға, мәдени
орталықтарға, кітапханаларға экскурсияға апарудың, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің дарынды балаларға жасап отырған қамқорлығын,
түрлі олимпиадаларға қатысудың, мамандығын растайтын құжаттардың
тіршілік үшін маңызын түсіндірудің пайдасы зор.
Оқуға байланысты талаптар қою әдісі арқылы оқушыларға барлық пәндер
бойынша бағалау өлшемдері, мектептің ішкі төртібі, оқушылардың
құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Оқушыларды оқу жұмысының алуан
түрін орындауға үйрету, жаттықтыру борыш пен жауапкершілікті
қалыптастырады. Үлгілі оқушылар мен мұғалімдердің де бала оқуына
ықпалы зор.
Оқудағы мадақтау және жазалау әдістері.
Мадақтау түрлері:
•
баға қою;
• тапсырмалар арқылы оқушыны табысқа жеткізу;
• оқушыны тәжірибе және зертханалық жұмыстарды жүргізуге көмекші
етіп алу;
• топтық тәжірибелік жұмыс кезінде оқушыға бөлімшелерді басқарту;
• үлгерім және сабаққа қатынас көрсеткіштерін шығару;
• білімнің қоғамдық байқауының қорытындылары бойынша мадақтау;
• жақсы оқитын оқушылардың үлгерімі төмен оқушыларға көмектесуі, т.б.
Жазалау түрлері:
• сабақта оқушыға ауызша ескерту жасау;
• күнделікке, дәптерге «қанаттанғысыз» баға қою;
• қателерін айтып, қосымша жұмыс істеуді талап ету.
3)
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары –педагогикалық құжат.
Тәрбие жоспарын құру, оның орындауындағы жауапкершілік сынып
жетекшісіне жүктеледі. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бір жылға,
жарты жылға жоспарланады. Сынып жетекшісінің жоспары тәрбиенің
мазмұнын, түрлері мен әдістерін таңдап алуға деген комплексті көзқарасты
қамтамасыз етеді. Онда тәрбие мазмұнын негізгі түрлерінің, ең алдымен
мектеп оқушыларына жан-жақты жарасымды саяси-идеялық, еңбек,
адамгершілік т.б. тәрбие берудің тығыз байланысын ескеру қажет. Жоспар
жасағанда сынып жетекшісінің окушылардың жас ерекшеліктерін,
қызығушылықтарын, ықыластарын ескерген жөн.Тәрбие жұмысының
жоспары іс-әрекетке басшылық бола алады, бұл үшін, ол мектеп
оқушыларына тәрбие берудегі нысаналықты, оны мектептің ортақ мақсатына
бағындыруды қамтамасыз ететіндей идеялық жағынан мақсатқа бағытталған
болуы көрек. Барлық жекелеген тәрбие міндеттері мектептің негізгі мақсатын
шешуге оқушыларды жан-жақты дамытуға, оларды өмірге дайындауға
жәрдемдесетін болуы керек. Жоспардың мазмұны идеялық-саяси, қоғамдық
пайдалы бағытта болуын қамтамасыз ету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |