мегафакторлар
(мега-өте үлкен): космос, неосфера, планета, әлем.
Бұлар басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетінің тұрғындарын
әлеуметтендіруге әсер етеді.Екінші –
макрофакторлар
(макро-үлкен): ел,
мемлекет, этнос, қоғам. Бұлар белгілі бір елді мекенде өмір сүретін
тұрғындардың әлеуметтендіру жағдайына әсер етеді.Үшінші
–
мезофакторлар (
мезо-орташа): тұрғылықты жерде халықтың болмыс-
түрі, әртүрлі субьмәдениетке қатысы бойынша сараланатын адамдардың
үлкен тобының әлеуметтеңдіру жағдайы.Төртінші
–
микрофакторлар:
белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы
күштер жатады – ұстаз бен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие
орындары, әртүрлі қоғамдық, діни, мемлекеттік, жеке ұйымдар,
микросоциум.
Тәрбие
– баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес
бағыттап, белгілі бағытта жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы
мен дәрежесіне лайық баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады,
ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды іріктейді,
жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз
ықпалдардан аластайды, аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи
тәжірибені беруі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы
қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін бала дамуын бағыттайтын
процесс. Сондықтан ТӘРБИЕ -тұлға қалыптастырудың
Достарыңызбен бөлісу: |