жетілдіріп, дүние тану көзқарасын қалыптастырады.
Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие.
Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбие. Экологиялық білімнің негізгі
көздері: химия, физика, биология, география, астроиомия пәндері, олардың
бағдарламаларындағы оқу материалдарын дәрістерде терең түсіндіріп,
сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда тиімді қолдана
білуге оқушыларды үйрету және дағдыландыру - мұғалімнің міндеті.
Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығын ауыл шаруашылығында
пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй
мүліктерін, киім-кешек, тағам, т.б. жаасайтын табиғат заттарын пайдалану
жолдарымен танысады.
Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасындағы оқушылардың экологиялық
іскерлік дағдысын қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері:
өсімдіктердің даму кезеңіне фенологиялық бақылау жүргізу, мектеп және
қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды,
суды үнемді пайдалану. Орта және жоғары сыныптар оқушыларын кең
көлемде экологиялық біліммен қаруландыру қажет.
№ Сұрақтар/тапсырма
Балл
Жинаған
балл
1
"Тәрбие" ұғымының анықтамасын талдай отырып,
тәрбие
процесінің мәні неде екенін тұжырымдаңыз.
35
2
Оқушылардың
физиологиялық, даму ерекшеліктері,
айналасындағыларға, өзіне деген көзқарасы
туралы
пікіріңізді ұсыныңыз (Ұлдар және қыздар , жасөспірім
13-15 жас)
35
3
Дене шынықтыру тәрбие істерін ұйымдастыру жолдары,
мысал келтіріңіз
30
1)
Тәрбие процесі – бұл өзара байланыстағы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу
жүйесінің тізбегі, мұндағы әрбір тізбек алдыңғы нәтижелер есебінен құралады.
Бұл түсінік бойынша тәрбие процесі өзіндік даму жүйесі
ретінде
қарастырылады және оның бірлігі болып дамушы тәрбиелеу жағдайында
есептеледі. Мұнда тәрбиеленушілер, тәрбие іс - әрекеті,
тәрбиеші, оның
тәэрбиеленушілерімен өзара әрекеті ғана дамып қоймай, келешек күрделі
жүйе
қалыптастыратын
біртұтас
объектіні
дамытады.
Тәрбие
процесі көпқырлылық, иерархиялық, статистикалық, өзін - өзі басқару сияқты
қасиеттермен сипатталады.Тәрбие процесі – де мазмұндық және
процессуалдық жақтары анықталады. Бұлардың бірлігі тек
тәрбие іске асатын
нақты жағдайлар төңірегінен шығуға мүмкіндік беретін жоғары дәрежедегі
абстракциялау арқылы жасалады. Оқу пәні мұғалімнің, сынып жетекшісінің,
ұжымның тәрбиелік іс-әрекеті – бұлар бәрі тәрбие процесі болып табылады.
Бұлардың арғы жағындагы тұтастықты көру үшін педагогикалық
абстракциялау қажет. Абстракциялаудың жеткілікті дәрежесі – тәрбиелеу
теориясының аса маңызды әдіснамалық проблемасы. Өйткені,
төмен
дәрежедегі абстракциялауда тәрбие процесі тексеріле алмайды, ал өте жоғары
болса, шындықтан алшақтау қаупі туады. Тәрбиенің мақсатқа бағытталған
ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар: түрлі әсердің бала табиғатына
үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасы мен ынта-
ықыласы, әдеті мен талғамдарының болуы. Сондықтан оқушының ішкі рухани
жан дүниесін ашудың қиындығы бір педагогикалық
ықпал нәтижесінің әр
түрлілігінен, баланың қоғамдық мәнінен, өзіне тән әрекеті сипатынан келіп
туады.
Тәрбие диалектикасы дегеніміздің өзі сыртқының ішкі жағдайдың игілігіне
айналатын адам санасының шеңберіне өткізілуі.
Келешекте іс-әрекет
нәтижесінде көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәні дамудың қай
жағдайда жүруіне байланысты қалыптасады. Дегенмен, адамның қоғамдық
мәнінің қалыптасуында, оның осы жағдайлардағы нақты орны, қатынасы және
сол жағдайлардағы іс-әрекетінің сипаты маңызды роль ойнайды. Бұл дамудың
әлеуметтік жағдайы деп аталып кеткен. Тәрбие процесінде адамның қоғамдық
мәнін қалыптастырудың қозғаушы күші деп
саналатын бірқатар қарама-
кайшылықтар тән. Олар сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар болуы
мүмкін.
2)
Физиология ғылымының бір саласы ретінде
Достарыңызбен бөлісу: