Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Жасуша бүліністерінің жалпы даму жолдары мына



Pdf көрінісі
бет255/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Жасуша бүліністерінің жалпы даму жолдары мына 
бұзылыстардан байланысты болады:
● 
энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылыстарына; 
● жасуша мембраналарының бұзылыстарына
● 
гендік құрылымдарының
 
бұзылыстарына; 
● 
жасушада 
иондар 
мен 
сұйықтардың 
алмасуы 
бұзылыстарына;
● 
жасуша қызметтерінің реттелулерінің бұзылыстарына - 
байланысты дамиды.
Жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары 
мына жағдайларда байқалады: 
● макроергиялық фосфорлық қосындылардың (АТФ) түзілуі 
бұзылудан; Ол өз алдына мына жағдайларда: 
оттегінің жетіспеушілігінен
♣ қоректік заттардың аздығынан; 
♣ гликолиздік және тотығу-тотықсыздану ферменттерінің 
белсенділігі төмендеуінен; 
♣ митохондрийлардың бүліністерінен – байқалады. 
● 
энергияның 
жасуша 
ішінде 
тасымалдануы 
бұзылыстарынан; 
Мәселен, 
адениннуклеотидтрансфераза 


309
ферменті митохондрийлардың ішінен олардың ішкі мембранасы 
арқылы 
АТФ 
энергиясын 
шығарады. 
Ары 
қарай 
оны 
митохондрийдің мембранасындағы креатинфосфокиназа (КФК) 
ферменті креатинге ауыстырып, креатин фосфат (КрФ) 
құрады. Креатин фосфат жасушаның цитоплазмасына түседі 
де, қызмет атқаратын құрылымдардың КФК ферментінің 
көмегімен оның бір фосфор қышқылы АДФ молекуласына 
ауыстырылып, АТФ түзіледі. Ол жасушаның тіршілікке 
қажетті 
міндетін 
атқаруға 
пайдаланылады. 
Осындай 
энергияны 
тасымалдау 
жүйесі 
көптеген 
бүліндіргіш 
ықпалдардан бұзылады. 
● жасушаның энергияны пайдалануы бұзылыстарынан – 
дамиды.Әрбір жасуша өзі өндірген АТФ қуатын ғана 
пайдаланады, басқа жасушаларда өндірілген немесе емдік 
мақсатта 
сырттан 
енгізілген 
АТФ 
пайдаланылмайды. 
Энергияны пайдалану әртүрлі уыттардың әсерлерінен АТФ-аза 
ферменттерінің белсенділігі төмендегенде байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет