667 жеткіліксіздігі байқалады.
Безде қанайналым бұзылыстары жарақаттың әсерінен, қан
тамырларында тромбоз дамуынан т.б. байқалады. Содан безде
ишемия, некроз дамуы, қан құйылуы т.с.с жағдайлар оның
құрылымын өзгертіп, қызметтерінің бұзылыстарына әкеледі.
Безде өспе өсуі. Эндокриндік бездерде өспе өсуі жиі
байқалады. Без өспелерін аденома деп атайды. Кейбір
өспелер өздері гормон өндірмейді, тек айналасындағы
қалыпты без тіндерін қысып, бездің семіп қалуына әкеледі.
Осыдан бездің қызметі төмендейді. Мәселен, гипофиздің
хромофобты аденомасы кезінде тропты гормондардың өндірілуі
азаюынан қалқаншабездін, бүйрек үсті безі сыртқы қабатының
және жыныстық бездердің қызметтері төмендейді. Сонымен
қатар, бұл өспе көру жүйкесінің мидағы қиылысқан жерін
қысып, тас қараңғы соқырлыққа әкелуі мүмкін.
Безде өспе өсуі жиі гормон өндірілуінің көбеюімен
қабаттасады
да,
оның
қызметін
күшейтеді.
Мәселен,
гипофиздің
эозинофилдік
аденомасы
өсу
гормонының
(соматотропиннің) қалыптыдан артық өндірілуіне әкеледі.
Осыдан өсіп келе жатқан жас адамдарда
алыптылық , ал, өсуі
тоқтаған ересек адамдарда —
акромегалия (грек. acros -
сыртқа шығып тұрған мүше, megalos - алып, үлкен) дамиды.
Соңғы
жағдайда
дене
мүшелерінің
бөлшектері
(қол
саусақтары, аяқ табаны, мұрын, иек, қабақ) тым үлкейіп,
жуандайды. Сонымен қатар, ішкі ағзалар да үлкейеді (-
сурет).
- сурет. Акромегалиямен ауыратын адам (Guyton, Hall бойынша).
Гипофиздің базофилдік аденомасында кортикотропин артық
өндіріледі. Бұл бүйрек үсті бездерінің гормоны кортизолдың
өндірілуін көбейтеді де Иценко-Кушинг ауруын дамытады. Ал,
өспе бүйрек үсті бездерінің өздерінде болса, онда Иценко -
Кушинг синдромы пайда болады.
Егер өспе бүйрек үсті бездерінің торлы қабатында
болса, онда