669
аутоиммундық үрдістердің маңызы әбден дәлелденген. Бұл
дерт кезінде қалқанша бездерінің қалыптыдан өсіп кетуі
(зоб), қызметінің жеткіліксіздігі (гипотиреоз) байқалады.
Бездің құрылымы өзгеріп, без тінінде лимфоциттердің
жиналып, шоғырланып қалуы болады, оның көпіршіктері
азайып, дәнекер тін тым артық өсіп кетеді. Біртіндеп
микседема дамуы ықтимал.
Инсулинге тәуелді диабет кезінде де, ұйқыбездің
инсулин өндіру қызметі аутоиммундық бүліністерден бұзылуы
мүмкін. Бұл кезде үйқы безінің альфа -және бета-
жасушаларына
қарсы
аутоантиденелер
мен
сезімталдығы
көтерілген
Т-лимфоциттер
өндіріледі.
Көрсетілген
аутоантиденелер мен лимфоциттер ұйқыбез жасушаларының
сыртындағы глюкозаны қабылдайтын рецепторларға немесе Са
2
иондарын байланыстыратын мембрананың бөлшектеріне қарсы
бағытталған болуы мүмкін. Сол себептен олар, біріншіден,
инсулин мен глюкагонның түзілуін, екіншіден олардың қанға
шығарылуын бұзады. Осыдан қантты диабеттің клиникалық
көріністері де әртүрлі болады.
Бүйрек
үсті
бездерінің
аутоиммундық
бүліністері
нәтижесінде олардың созылмалы жеткіліксіздігі дамып,
Аддисон ауруының көріністері байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: