Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


ятрогендік эндокринопатия



Pdf көрінісі
бет560/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   556   557   558   559   560   561   562   563   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

ятрогендік эндокринопатия 
деп атайды. 
Әдетте әртүрлі ауыртпалықтар (операция, жарақаттану, 
аллергия, уыттар т.б.) организмге әсер етулерінен бүйрек 
үсті бездері сыртқы қабатының қызметі көтеріледі де, 
кортикостероидтық гормондардың өндірілуі күшейеді. Осыдан 
организм сыртқы ортаның жаңа өзгерген жағдайларына тез 
бейімделе алады. Ал, кортикостероидтармен ұзақ емделген 
науқас адамдардың, бүйрек үсті бездері семіп қалғандықтан, 
қосымша 
ауыртпалықтарға 
(жарақат, 
операция 
т.б.) 
эндогендік кортикостероидтарды өндіріп шығара алмайды. 
Организмнің өзгерген жағдайға бейімделуі нашарлайды, 
бүйрек үсті бездерінің тез дамитын жеткіліксіздігі дамып
науқас тез қайтыс болуы мүмкін. 
Гипоталамус 
нейрондарының 
шеткері 
бездердің 
гормондарына сезімталдығы өзгеруі де да кері байланыс 
заңдылығы бұзылуына әкеледі. Содан ол төмендегенде бұл 
заңдылық іске қосылмайды да, қандағы гормон мөлшерінің 
артуы гипоталамуста либериндердің өндірілуін азайтпайды. 


666
Мәселен, Иценко-Кушинг ауруы кезінде қандағы кортизолдың 
мөлшері 
көбеюіне 
гипоталамустың 
нейрондары 
кортиколибериннің өндірілуін азайтумен жауап қайтармайды
керісінше, оны көбейтіп, кортикотропиннің өндірілуін 
арттырады. Осыдан қандағы шеткері без гормонымен қатар
гипофиздің тропты гормонының мөлшерін анықтау өте маңызды. 
Сол арқылы дерттік өзгерістің орналасқан жерін айқындауға 
болады. Мәселен, гипотиреоз кезінде қанда қалқаншабез 
гормонының деңгейі азаюмен қатар гипофизде өндірілетін 
тиреотропиннің 
көбеюі 
қалқаншабездің 
бұл 
гормонға 
сезімталдығы аздығын көрсетеді, ал тиреотропин деңгейі 
азайған болса, онда дерттің гипофизде немесе гипоталамуста 
орналасқанын әйгілейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   556   557   558   559   560   561   562   563   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет