Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Гипофизден тыс реттелудің бұзылыстары



Pdf көрінісі
бет559/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   555   556   557   558   559   560   561   562   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Гипофизден тыс реттелудің бұзылыстары
. Қалқаншасерік 
бездері, бүйрек үсті бездерінің милық қабаты, ұйқыбез т.б. 
бездер 
дербес 
жүйке 
жүйесімен 
(симпатикалық 
және 
парасимпатикалық 
жүйкелермен) 
реттелінеді. 
Осындай 
реттелуді 
парагипофиздік 
немесе 
жүйкелік-өткізгіштік 
реттелу дейді. Гипоталамус дербес жүйке жүйесінің негізгі 
орталығы 
болып 
саналады. 
Сондықтан 
ондағы 
дерттік 
өзгерістер кездерінде шеткері бездердің гипофизден тыс 
реттелу жолдары да бұзылады. Осыдан қантты диабеттің 
кейбір түрлері дамуы ықтимал. 
Жүйкелік-эндокриндік 
жүйенің 
кері 
байланыстар 
негізінде 
өзін-өзі 
реттеу 
жолдарының 
бұзылыстары. 
Эндокриндік жүйенің қызметтері, жоғарыда келтірілген 
реттелулерден басқа, өзін-өзі реттеу жолдарымен де 
қамтамасыз етіледі. Шеткері эндокриндік бездер мен 
гипоталамус және гипофиз араларында бірінің қызметін бірі 
реттейтін кері байланыс заңдылығы болатыны белгілі (-
сурет). Бұл заңдылық бойынша: шеткері эндокриндік без 
(мәселен, бүйрек үсті бездері) гормонының (кортизолдың) 
қандағы деңгейі көбейгенде гипоталамуста сәйкес либериннің 
(кортиколибериннің) және аденогипофизде сәйкес тропиннің 
(кортикотропиннің) 
өндірілуі 
азаяды. 
Ал, 
керісінше, 
шеткері эндокриндік без гормонының қанда деңгейі азайғанда 
гипоталамус пен гипофизде сәйкес либерин мен тропиннің 
өндірілуі көбейеді. Осындай жағдай-ды 
кері байланыс 
заңдылығы
деп атайды. Бұл заңдылық оң және теріс болуы 


664
мүмкін. 
Жоғарыдағы 
келтірілген 
жағдай 
теріс 
кері 
байланыстың мысалы бола алады. Ал, оң кері байланысқа 
мысал 
ретінде 
алдыңғы 
гипофизде 
өндірілетін 
соматотропиннің 
шеткері 
қанда 
көбеюі 
гипоталамуста 
соматостатиннің өндірілуі көбеюіне әкелетінін көрсетуге 
болады. 
- сурет. Бездердің кері байланыс бойынша реттелуі (J. C. E. 
Underwood бойынша). 
Эндокриндік бездердің арасындағы кері байланыс ұзын, 
қысқа және ультрақысқа болуы мүмкін. Ұзын кері байланыс 
деп шеткері эндокриндік без гормондарының гипоталамустың 
орталықтарына кері әсерін айтады. 
Кері 
байланыстың 
қысқа 
тізбегі 
деп 
гипофизде 
өндірілетін тропты гормонның (мысалы, кортикотропин) 
көбеюі гипоталамуста сәйкес либериннің (кортиколиберин) 
өндірілуін азайтуын, немесе керісінше, жағдайын айтады. 
«Ультрақысқа» тізбек бойынша гипоталамустың ішіндегі бір 
гормонның өндірілуі (соматолиберин) екінші гормонның 
(соматостатин) өндірілуіне әсер етеді. 
Кері байланыс жолдарымен реттелуге қатысатын заттардың 
түрлеріне қарай эндокриндік жүйенің өзін-өзі реттеуі екі 
түрлі болады: 
● реттеуші зат болып шеткері қандағы гормондардың 
деңгейі есептеледі. Шеткері без гормонының қанда деңгейі 
көтерілуі 
гипоталамустағы 
либериндерді 
өндіретін 
нейрондардың белсенділігін төмендетеді. Сол себептен 
гипофизде тропиндердің және шеткері сәйкес без гормонының 
өндірілуі азаяды. Осылайша бүйрек үсті бездерінің сыртқы 
қабаты, қалқаншабез және жыныс бездері гормондарының 
өндірілуі реттелінеді; 


665
● реттеуші зат болып, зат алмасу өнімдері, кейбір 
электролиттер 
есептеледі. 
Мәселен,, 
қанда 
глюкоза 
көбейгенде инсулиннің өндірілуі артады, Са
2+
иондары 
азайғанда қалқаншасерік бездерінің гормоны өндірілуі 
көбейеді. Натрий мен калий әлдостерон өндірілуін реттейді. 
Бұл жағдайларда бездің белсенділігі реттеуші заттардың 
мөлшерімен анықталады. 
Эндокриндік жүйенің кері байланыс заңдылықтарын білу, 
олардың бұзылыстарын ажырату үшін өте қажет. Мәселен, 
қантты диабетпен ауыратын екі науқас адамды тексергенде 
біреуінің қанында инсулин мен глюкозаның мөлшері көбеюі
екіншісінде тек глюкозаның деңгейі көбейіп, инсулин 
қалыпты мөлшерде болуы мүмкін. Бұл екі жағдайда да қанда 
глюкозаның көбеюі инсулиннің жетіспеушілігін көрсетеді. 
Бірақ, біріншісінде инсулиннің өндірілуі бұзылмаған, 
сондықтан 
оның 
шеткері 
тіндердегі 
әсері 
тежелген 
(инсулинге тәуелсіз диабет) деуге болады. Ал, екіншісінде 
глюкоза 
мөлшерінің 
көбеюі 
ұйқыбез 
қызметінің 
жеткіліксіздігінен деген тұжырымға әкеледі. 
Кері 
байланыс 
заңдылығына 
гормондармен 
емдеу 
кездерінде де баса назар аудару қажет. Бұл жағдайда 
сырттан енгізілген гормон науқас адамның сәйкес безінің 
қызметін тежейді және ұзақ енгізулердің нәтижесінде сол 
бездің 
семіп 
қалуы 
байқалады. 
Бұл 
туралы 
кортикостероидтық, тиреоидтық, жыныстық т.б. гормондармен 
емдегенде естен шығармау керек. Ол гормондар өте жиі және 
ұзақ емдеу үшін қолданылады. Осының нәтижесінде бүйрек 
үсті бездерінің сыртқы қабатында атрофия дамиды. Мұндай 
жағдайды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   555   556   557   558   559   560   561   562   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет