Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


психогендік эндокринопатиялар



Pdf көрінісі
бет558/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   554   555   556   557   558   559   560   561   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

психогендік эндокринопатиялар 
деп атайды. 
Эндокриндік бездерді реттеудегі гипоталамустың маңызы 
өте ерекше. Оның шеткері эндокриндік бездерді реттеуінің 
бұзылыстары көптеген себептерден болуы мүмкін. Оларға 
жұқпалар, қабыну, қан құйылу, қан тамырларының тромбозы, 
жарақаттану, өспе дамуы, жан күйзелістері т.б. жатады. 
Бездердің орталық реттелулерінің бұзылыстары: 
● 
гипофиз 
арқылы 
(трансгипофиздік 
немесе 
нейрогуморалдық) реттелудің бұзылыстарымен; 
● 
гипофизден 
тыс 
(парагипофиздік, 
жүйкелік 
өткізгіштік) реттелудің бұзылыстарымен; 
● бездердің кері байланыс негізінде өзі-өзі реттеудің 
бұзылыстарымен байланысты дамиды. 
Гипофиз арқылы реттелудің бұзылыстары. 
Гипоталамуста 
гипофизға әсер ететін пептидтік гормондар өндіріліп 
шығарылады. Олар гипофизде гормон өндірілуін арттыратын 
либериндер 
және 
оны 
тежейтін 
статиндер 
делінеді. 


663
Либериндерге: 
кортиколиберин, 
соматолиберин, 
пролактолиберин, 
тиреолиберин, 
гонадолиберин, 
меланоцитолиберин т.б. жатады. 
Статиндерге: 
соматостатин, 
пролактостатин, 
меланоцитостатин т.б. жатады. 
Гипофизге әсер ететін гормондар гипоталамустың әр 
жерлеріне орналасқан нейрондармен өндіріліп шығарылады. 
Бұл нейрондардың аксондары гипофиздің қақпалық қан 
тамырлары 
жүйесі 
басталатын 
гипоталамустың 
орталық 
көтеріңкі жерінде аяқталады. Сондықтан да олар гипофизге 
қан тамырлары арқылы тікелей тез жеткізіледі (-сурет). 
Гипофизге 
әсер 
ететін 
гормондардың 
(дофаминнен 
басқаларының) барлығы пептидтерге жатады. Бұлардың әсер 
ету жолдары аденилатциклаза-цАМФ жүйесі арқылы қосылады. 
Көрсетілген гормондар өндіріліп шығарылуының бұзылыстары 
гипоталамуста жоғарыда келтірілген дерттік өзгерістер 
болғанда байқалады. Осыдан шеткері эндокриндік бездердің 
қызметтерінің гипофиз арқылы реттелуінің бұзылыстары 
болады. Осылай қалқаншабездің, бүйрек үсті бездері сыртқы 
қабатының және жыныстық бездердің қызметтері өзгереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   554   555   556   557   558   559   560   561   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет