Ауыру сезімінің патофизиологиясы. Ауыру адамның өзіндік тұлғалық сезімі. Ауыру деп
адамның жандүниесі мен көңіл күйін меңгеретін мидың
жоғарғы бөліктері мен ауыру сезімінің арнайы жүйесінің
қатысуымен дамитын жанға жайсыз ауыр тұлғалық сезімді
айтады. Ол ағзалар мен тіндерді бүліндіретін әсерлер
туралы немесе сыртқы орта ықпалдарынан дамыған бүліністер
мен дерттер туралы организмге дабыл береді. Ауыруды сезіну
жүйесін
ноцицепциялық (лат. nосеге - бүліндіру, сереге -
сезіну)
жүйе - деп атайды. Ауыру физиологиялық және
патологиялық болады. Әдетте ауыру сезімінің физиологиялық
қорғаныстық
маңызы
бар.
Ауыру
туындататын
тітіркендіргіштерден (ыстық температура, жарақат т.т.)
адам немесе жануарлар аяқ-қолын тез тартып алады. Сол
арқылы бүліндіргіш әсерлерден сақтанады. Ал туа біткен
немесе жүре пайда болған жүйке жүйесі дерттерінің
нәтижесінде
ауруды
сезбейтін
адамдар
тіндерінің
бүліністерін де байқамайды. Содан адамның өміріне қауіп
төндіретін ауыр қан кетулер т.б. асқынулар дамуы мүмкін.
Патологиялық ауыру ноцицепциялық және оған қарсы
жүйелердің арақатынасы өзгеруден дамиды және ол жүрек-қан
тамырлары жүйесінде, ішкі ағзаларда, жүйкелік, эндокриндік
және иммундық жүйелерде микроциркуляцияның бұзылыс-тарына,
дистрофия дамуына, жанның күйзелуіне т.б. құбылыстарға
әкеледі. Тым қатты ауыру сезімінің зардабынан организмнің
тіршілігіне қатерлі ауыр сілейме (шок) дамуы ықтимал.
Ауыру сезімі шеткері ағзалар мен тіндердің бүліністері
нәтижесінде немесе жүйке жүйесінің орталық бөліктерінде
(жұлында
немесе
мида)
пайда
болған
эндогендік
өзгерістерден дамуы мүмкін. Осыған байланысты олардың даму
жолдары да әртүрлі болады.
Шеткері тіндердің бүліністерінен дамитын ауыру сезімі