702
және кіші дәрет шығарылуларының бұзылыстары байқалады.
Сопақша мида бұзылыстар болғанда көзден жас шығуы,
сілекейдің және ұйқыбез бен асқазан
сөлдерінің шығарылуы
бұзылады. Сонымен бірге, тыныс алу және қан тамырларының
қимылдық орталықтарының қызметтері өзгереді.
Дербес
жүйке
жүйесінің
әрекеттері
мидағы
торлы
құрылымның,
гипоталамустың, таламустың және мидың сыртқы
қыртысының қызметтерімен тығыз байланысты. Олар дербес
жүйке жүйесінің жеке бөліктерінің
өзара қатынастарын және
дербес жүйкелік, денелік (соматикалық), ішке сөлденісті
жүйелердің
өзара
байланыстарын
меңгеріп,
біріктіріп
тұрады. Сол себептен бұл құрылымдардың өзгерістері ішкі
ағзалардың қызметтерінің өзгерістеріне әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: