696
нейрондарда, ағзалар мен тіндерде жүйкеленудің
болмауынан
пайда
болатын
өзгерістердің
жиынтығын
денервациялық
синдром деп атайды.
Қалыпты жағдайда бұлшықет талшықтарының ұштарында
холинергиялық рецепторлар жиынтықталған
соңғы табақшалар
болады. Парасимпатикалық жүйке әсер еткенде ацетилхолин
осы
табақшаларға әсер етіп, бұлшықеттің тұтасып жиырылуы
болады.
Жүйкелену
болмағанда
бұлшықеттердегі
соңғы
табақшалар жоғалады, ацетилхолинді қабылдайтын рецепторлар
ет талшықтарының барлық ұзындығына жайылып тарап кетеді.
Сондықтан
бұлшықеттердің
ацетилхолинге
сезімталдығы
көтеріледі де,
денервациялық синдром кезінде, олар тұтасып
бірікпей, жеке-жеке талшықтарының жиырылулары байқалады.
Осындай жағдай мал сойғанда терісін
сыпырғаннан соң анық
көрінеді. Сонымен денервация кезінде ет тіндері ерте
ұрықтық даму сатыларына қайта оралады.
Бұл әсер ет
талшықтарының тежеуші әсерден шығып кетуінен, жүйкелерден
бақылаушы
және
трофикалық
әсерлердің
болмауымен
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: