693
(дисульфирам), ішімдіктердің әсерлерінен;
●
қантты диабет кезінде;
● аксондардың сыртынан қысылып қалғанында – байқалады.
Жүйке тіндері мен нейромедиаторларға қарсы антиденелер
аксондардың бойымен нейроннан нейронға тарайды. Осыдан
тіпті алыста орналасқан ОЖЖ бөліктерінің нейрондарына
дерттің тарауы болады.
Дендриттердің бүзылыстары.
Дендриттер нейронға ақпарат түсуін
қамтамасыз етеді
және олар серпіндерді өткізу мен біріктіру қызметтерінде
маңызды орын алады. Дендриттердің сыртындағы тікенектері
түйіспелік байланысу бетін үлкейтеді (-сурет).
- сурет. Дендриттердің құрылымы.
Дендриттер мен олардың тікенектері нейронның ең нәзік
құрылымдарына жатады және әртүрлі
дерттер кездерінде олар
тез бүлінеді, жоғалып кетеді. Қартаю кезінде олар азаяды,
жүйкелік трофиканың бұзылысы болады, мидың қызметі
бүлінеді. Сондықтан қартаюдан
алжу кезінде дендриттер мен
олардың тікенектері анықталмайды. Олар гипоксия, ишемия,
уыттану,
жарақаттану,
электросоққы
кездерінде
ми
шайқалуында, невроздық және стрестік әсерлерден бұзылады.
Микротүтікшелердің бұзылуы дистрофиялық өзгерістерге,
эндоцитоздың күшеюіне әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: