695
өндірілуі нейронның қозуын көрсетеді.
Тежегіш аминқышқылдарының әсерінен нейрондардың ішіне
теріс электр дәрмені бар хлор анионы көптеп енеді. Содан
нейронның гиперполяризациясы болып,
онда әрекет ету
потенциалы қалыптаспайды, электр серпіні пайда болмайды.
Осындай жағдай нейронның тежелуі делінеді.
Жүйке жүйесі бұзылыстарының барлық түрлері осы қозу
және
тежелу
үрдістерінің
қарқынымен
және
олардың
арақатынасы өзгерістерімен сипатталады. Қалыпты жағдайда
жүйке жүйесінің жоғарғы
бөліктері төменгі бөліктеріне,
жүйкеленетін ағзалар мен тіндерге тежеуші әсер етіп
тұрады.
Дерт туындататын әсерлерге тежелу тетіктері өте
сезімтал келеді. Сондықтан ОЖЖ-де ең алдымен тежелу
үрдістері бұзылады. Содан
қалыпты тежелудің тапшылығы
дамиды. Жүйке жүйесі бұзылыстарының барлық түрлерінде оның
тежеуші әсерінен шығып кету байқалады. Бұл күшейген
дерттік қозу ошақтары пайда болуына әкеледі. Мәселен,
мидың сыртқы қыртысына қан құйылудан жұлын орталықтары
оның тежеуші әсерінен шығып кетеді. Осыдан қолдар бүгіліп,
аяқ еттерінің жазылып жиырылып қалуы байқалады. Осындай
жағдайды Вернике-Манн кейпі деп атайды. Бұндай науқас
адамдардың аяқ-қолдары еріксіз қимыл-қозғалыста жатады.
Мидың жұлынға тежеуші әсері
болмауынан онда дамитын
дерттік рефлекстер бақылаудан шығып кетеді. Осыдан ересек
адамдарда қалыпты жағдайларда кездеспейтін Бибинский
рефлексі, емізік, жармасу рефлекстері пайда болады. Бұл
рефлекстер әдетте жаңа туған нәрестелерде байқалады,
Өйткені оларда мидың сыртқы қыртысы әлі толық дамымаған.
Сондықтан мидың сыртқы қыртысы
жұлын орталықтарына тежеуші
әсер
етпейді.Ал,
артынан
ОЖЖ
жоғарғы
бөліктерінің
жетілуіне байланысты олардың реттеуші әсерлерімен тежеліп,
ересек адамдарда бұл рефлекстер болмайды.
Жануарларда ми бағанасын қиып кескенде
Достарыңызбен бөлісу: