Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет594/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   590   591   592   593   594   595   596   597   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

және оның даму жолдары.


705
Ауыру шеткері тіндердің бүліністерінен дамиды. Ауыру 
туындататын тітіркендіргіштерді организмде ноцицепциялық 
жүйе қабылдайды. Бұл жүйенің қабылдағыш, өткізгіш және 
орталық бөліктері бар. 
1. 
Қабылдағыш 
бөлігі. 
Ауыру 
туындататын 
тітіркендіргіштерді 
теріде, 
шырыппы 
қабықтарда, 
бұлшықеттерде, буындарда, сүйектердің сыртқы қабықтарында, 
саусақтардың ұштарында, ішкі ағзаларда орналасқан арнайы 
қабылдағыштар 
(рецепторлар) 
қабылдайды. 
Бұларды 
ноцицепторлар 
деп 
атайды. 
Олар 
механоноцицепторлар, 
термоноцицепторлар және хемоноцицепторлар болып бөлінеді. 
Бұл қабылдағыштар ағзада неғүрлым көп болса, соғүрлым онда 
ауыру сезімі қатты болады. Мәселен, тістің ұлпасы мен 
көздің мөлдір қабығында ауыру сезімі қатты сезіледі. 
Механоноцицепторлар механикалық әсерлерден қоздырылады 
және жүйке аяқшалары мембраналарының натрий иондарына 
өткізгіштігін жоғарлатып, деполяризация туындатады. Осыдан 
сезімтал жүйке талшықтарында әрекет ету потенциалы пайда 
болады. 
Хемоноцицепторлар 
химиялық 
заттардың 
әсерлерінен 
қозады. Бұл химиялық заттарға сутегі, калий иондары, 
ацетилхолин, брадикинин, гистамин, соматостатин, Р-заты 
т.б. жатады. Оларды ауырудың медиаторлары деп атайды. Бұл 
заттарға хемоноцицепторлардың сезімталдығы ПГЕ
1
, ПГЕ
2
, ПГF
2
түрлес простагландиндердің әсерлерінен қатты көтеріледі. 
Сондықтан простагландиндердің түзілуін шектейтін дәрі-
дәрмектер (аспирин, амидопирин, анальгин т.с.с.) ауыру 
сезімін азайтады. 
Сонымен бірге, бүлінген жүйке талшықтары көптеген 
әсерлерге өте сезімтал болады. Мәселен, неврома әртүрлі 
механикалық, температуралық, химиялық әсерлерді қатты 
сезінеді. Сондықтан бұл кезде организмнің өзінің ішкі 
жағдайы, көңіл-күйінің өзгерістеі қатты ауыру сезімінің 
ұстамаларымен қабаттасуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   590   591   592   593   594   595   596   597   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет