Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет597/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   592   593   594   595   596   597   598   599   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Антиноцицепциялық жүйе.
Ауыру туындату жүйесіне қарсы антиноцицепциялық жүйе 
бар. Ол жұлында және мидың барлық бөліктерінде орналасқан 
және патологиялық ауыру сезімін азайтуға немесе мүлде 
жоғалтуға бағытталған. Оның әсері әлсірегенде тіпті болар-
болмас ауыру туындататын ықпал қатты ауыру сезімін 


709
туындатады. 
Антиноцицепциялық жүйенің әлсіздігінде оны күшейтетін 
қосымша 
ықпал 
қажет 
болады. 
Сол 
себептен 
мидың 
антиноцицепциялық құрылымдарын электрмен тікелей демеу 
арқылы ауыр патологиялық ауыру сезімін жоғалтады. Көптеген 
ауру сезімін азайтатын дәрі-дәрмектер (аналгетиктер), 
ноцицепциялық 
нейрондардың 
синапстары 
арқылы 
қозу 
үрдісінің өтуін бөгеумен қатар, антиноцицепциялық жүйенің 
белсенділігін көтереді. 
Дененің белсенді нүктелерін (инемен) қоздыру да 
осындай жолмен ауыру сезімін жоғалтады. Электр ағынымен 
жұлындағы «қақпа механизмін» сергіту арқылы шеткері 
тіндердің бүлінуінен пайда болатын ауыру сезімдерін 
азайтуға болады. 
Антиноцицепциялық жүйенің әрекеті эндогендік жүйкелік 
пептидтер мен медиаторлардың қатысуымен болады. Олардың 
ішінде апиындық жүйкелік пептидтердің маңызы өте үлкен. 
1973 жылы мида және жұлында радийбелсенді изотоптармен 
таңбаланған морфинді, апиынды т.б. байланыстыратын арнайы 
рецепторлар болатыны ашылды. Бұл рецепторлар «апиындық 
рецепторлар» деп аталынады. Морфин мен оған сәйкес заттар 
бұл 
рецепторлармен 
байланысса, 
ауыру 
туындататын 
медиаторлардың 
шығарылуы 
азаяды 
және 
ноцицепциялық 
серпіндердің миға өткізілуі тежеледі. Осыдан ауыру сезімі 
азаяды. Апиындық рецепторлардың болуы организмнің өзінде 
морфинге 
сәйкес 
эндогендік 
заттардың 
өндірілетінін 
көрсетеді. 1975 жылы осындай заттардың мида (гипоталамус 
пен гипофизде) өндірілетіні дәлелденді. Бұл заттар 
эндорфиндер 
(эндогендік 
морфин) 
деп 
аталады. 
Олар 
олигопептидтер 
(шағын 
пептидтер). 
Артынан 
осындай 
олигопептидтердің басқа түрлері ашылды және энкефалиндер 
деп аталды. Қазіргі күні эндорфиндердің бірнеше түрлері 
белгілі: бета- эндорфиндер, динорфиндер, неодинорфиндер, 
энкефалиндер т.б. 
Бұл олигопептидтер қан мен жұлын сұйығына түсіп, 
ноцицепциялық серпіндердің миға өтуін тежейді. Оларды 
байланыстыратын апиындық рецепторлар да әртүрлі болатыны 
белгілі: (мю, сигма, дельта, епсилон, каппа) рецепторлар. 
Морфин негізінен мю - рецепторларымен, энкефалиндер - 
дельта - рецепторларымен, бета-эндорфиндер - епсилон - 
рецепторларымен, динорфин мен неодинорфиндер - каппа - 
рецепторларымен байланысады. Осылардың нәтижесінде ауыру 
сезімі азаяды немесе жоғалады. 
Егер адамда апиындык, рецепторларды олигопептидтермен 
байланыстырмай басқа заттармен (налоксон) алдын ала бөгеп 
тастаса, онда ауыру сезімталдығы қатты күшейеді. 


710
Солармен қатар, ауыру сезімін мына заттар азайтады. 
● полипептид – нейротензин ОЖЖ-нде көптеп түзіледі 
және өте қуатты ауырусынуды басатын зат болып есептеледі. 
● серотонин
 
біршама ауырусынуды азайтатын әсер етеді. 
Сопақша 
мидың 
серотонинергиялық 
нейрондарының 
ауыру 
туындататын серпіндерді тежейтін қабілеті бар 
● адреналин
 
ауырусынуды басатын әсер етеді. Мәселен, 
жарақаттанған 
немесе 
жараланған 
адамдар.еттің 
қызуы 
кезінде ауыру сезімін байқамайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   592   593   594   595   596   597   598   599   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет