706
сезім А түрлес талшықтармен шапшаң түсетін серпіндерге
жауап болса, екіншісі С-талшықтарымен түсетін шабан
серпіндерінің әсерлерінен дамиды.
3.
Орталық
бөлігі.
Адамда
ауыру
сезімі
мида
қалыптасады. Ноцицепторлардан ауыру туындататын серпіндер
жұлынға түсіп, одан жұлын-таламус жолымен сопақша және
ортаңғы ми арқылы таламустың ядроларына жетеді. Бұл
ядролардан серпіндер мидың сыртқы қыртысына тарайды, онда
серпіндердің
талдануы, ажыратылуы болып, ауыру сезіледі.
Сонымен бірге, ноцицепторлардан шыққан серпіндер
сопақша ми мен ортаңғы ми деңгейлерінде торлы құрылымға,
таламустың ядроларына, мидың сыртқы қыртысына, лимбикалық
жүйенің
нейрондарына
тарауы
мүмкін.
Осыдан
ауыру
туындататын серпіндердің
әсерлерінен ауыру сезімімен
қатар, қорқыныш, үрей т.б. эмоциялық сезімдер пайда
болады.
Жұлын мен сопақша ми деңгейлерінде ноцицепторлардан
шыққан
серпіндердің
біразы
олардын
мотонейрондарына
ауысып, аяқ-қолды бүгетін бұлшықеттердің жиырылуына әкелуі
мүмкін. Сондықтан ауыру туындататын тітіркендіргіштерге
жауап ретінде адам мен жануарлар олардан аяқ-қолын тартып
алады.
Ноцицепторлардан шығатын серпіндердің біршамасы жұлын
мен сопақша ми деңгейлерінде дербес жүйкелік жүйкелердің
миға
бағытталған
нейрондарына
өтеді.
Осыдан
ауыру
туындататын тітіркендіргіш әсер еткенде дербес жүйкелік
рефлекстер (мәселен, қан тамырларының жиырылуы,
беттің
бозаруы, көз қарашығының кеңуі т.б.) дамиды.
Қорыта
келгенде,
ауыру
туындататын
серпіндерді
сезінуде мидың көптеген құрылымдары қатысады және олар
ноцицепциялық жүйе деп аталады. Егер серпіндердің ағымын
осы жүйенің бір бөлігінде бөгесе, онда ауыру сезімі
азаяды. Осы жолмен ауыру сезімін наркоз беру арқылы
жоғалтуға болады. Эфир синапстарда қозудың өтуін тежейді,
мидың торлық құрылымының белсенділігін әлсіретеді.
Содан
ол ноцицепторлардан орталық жүйке жүйесіне түсетін
серпіндерді азайтады. Шеткері тіндердің бүліністерінен
дамитын ауру сезімі пайда болуын түсіндіру үшін Р. Мелзак
ұсынған «қақпа механизмі» жорамалы көңілге қонымды. Бұл
жорамал бойынша ауыру сезімі ноцицепторлардан серпіндердің
миға белгілі мөлшерден артық түсуінен болады. Ауыру
туындататын
серпіндердің
миға
өтуі
жұлында
«қақпа
механизмімен» реттеліп тұрады. «Қақпа механизмі» деп ауыру
туындататын серпіндердің, жұлында, жүйке жасушаларының
жиынтығынан
тұратын,
іркілдек
желатиналық
заттың
(substantio gelatinosa) қатысуымен, жұлын арқылы миға
707
өтуін қадағалайтын заңдылықты ұғады.
Бұл заттың нейрондары
жуан және жіңішке жүйке талшықтарымен өтетін серпіндердің
өтуін қадағалайды. Бұл жүйке талшықтары жұлынның артқы
мүйіздерінің
нейрондарымен
және
желатиналық
заттың
нейрондарымен синапстық байланыстар құрады. Бүл кезде жуан
жүйке талшықтарымен түсетін серпіндер, желатиналық заттың
нейрондарын қоздырады, ал жіңішке жүйке
талшықтарымен
түсетін серпіндер оларды, керісінше, тежейді. Жорамал
бойынша жұлынның артқы мүйізінің нейрондарына серпіндердің
тым жиі түсуі ауыру сезімін туындатады. Ал, желатиналық
заттың нейрондары жұлынның артқы мүйіз нейрондарына
серпіндердің түсу жолдарын ашып-жауып тұратын қақпа
міндетін атқарады. Жуан жүйке талшықтарымең түсетін
серпіндер
желатиналық
заттың
нейрондарын
қоздырып,
жұлынның артқы мүйіз нейрондарына олардың түсуін тежейді.
«Қақпа» жабық жағдайда болады. Осыдан ауыру сезімі азаяды.
Жіңішке жүйке талшықтары
қозғанда желатиналық заттың
нейрондары тежеледі, ноцицепциялық серпіндер жұлынның
артқы мүйіз нейрондарына оңай өтіп кетеді де, ауыру сезімі
пайда болады немесе күшейеді. «Қақпа» ашық болады.
Сонымен
ноцицепциялық
тітіркендіргіштерге
жұлын
бірінші болып жауап қайтарады. Ары қарай оларға мидың
торлы
құрылымы,
мезоэнцефалиялық
аймақ,
таламус,
лимбикалық жүйе, мидың сыртқы қыртысы жауап қайтарады.
Ауыру сезімінің пайда болу қарқынында жоғары жүйке
әрекеттері түрлерінің, адамның көңіл-күйі жағдайларының
маңызы үлкен.
Адам өзінің ынта-жігерін, назарын басқа
жағдайларға аудару арқылы ауыру сезімін азайта алады.
Достарыңызбен бөлісу: