Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Ауыру сезімталдығының бұзылу түрлері



Pdf көрінісі
бет599/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   592   593   594   595   596   597   598   599   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Ауыру сезімталдығының бұзылу түрлері.
1. Гипералгезия (лат. гипер-көтеріңкі, жоғары, aldon-
ауыру) ауыру сезімталдығының артуы. Б9л кезде бүліндіруші 
ықпалдардың болмауына қарамай өз бетінше қатты ауыру 
сезімі пайда болады. 
2. Гипалгия немесе гипалгезия - ауыру сезімталдығының 
азаюы. Гипалгезия ақыл-естің бұзылыстарында: шизофренияның 
кейбір 
түрлерінде, 
мидың 
маңдай 
бөлігінің 
үлкен 
бүліністерінде, 
араққа 
масайғанда 
т.б. 
жағдайларда 
байқалады. 
3. Аналгезия немесе аналгия - ауыру сезімінің мүлде 
болмауы. Мұндай жағдайдың негізінде ауыру сезімталдығының 
өткізгіштері мен орталықтарының толық дамымауы жатады. 
Кейде ауыру туындататын рецепторлардың, жұлынның артқы 
мүйізі жасушаларының немесе гипоталамустың толық дамымауы 
ауыру сезімінің болмауына әкеледі. Ауыру сезімінің болмауы 
балаларда тіс шыға бастағанда байқалады. Балалар тілін, 
ернін, саусағын т.б. тістеп, қанатып қояды, бірақ ауыруды 
сезбейді. Бұндай балалардың ақыл есі жасына сәйкес дамиды. 
Аналгия балалар 5-12 жасқа келгенде азаяды, кейде 20 жасқа 
келгенде жоғалады. 
Ауыру 
сезімі 
организмнің 
көптеген 
ағзалары 
мен 
жүйелерінің өзгерістеріне әкеледі. Сыртқы қабаттардың 
жарақаттануынан болатын ауыру сезімі жалпы организмнің 
қозуына, 
тыныс 
алудың 
жиілеп, 
артериялық 
қысымның 
көтерілуіне, тахикардияға, гипергликемияға әкеледі. Бұл 
көрсетілгендер 
қанға 
адреналиннің 
артық 
түсуімен, 
ауыртпалық жағдай дамуынан болады. Тым қатты ауыру 
сезімталдығы ауыр сілейме дамуына әкеледі. 
Ішкі ағзалардың ауыруы, керісінше, парасимпатикалық 
жүйке 
жүйесінің 
межеқуаты 
көтерілуімен, 
артериялық 
қысымның 
төмендеуімен, 
гипогликемиямен 
т.с.с. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   592   593   594   595   596   597   598   599   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет