701
Дерттік жүйе - деп ОЖЖ-нің бүліністерінен пайда
болатын жаңадан қалыптасқан дерттік өзгерістерді дамытып
тұратын функциялық құрылымды айтады.
Бұл жүйенің мысалы
болып,
дерттік
қасыну
рефлексін
келтіруге
болады.
Тәжірибеде егеуқүйрықтардың жұлынында күшейген дерттік
қозу генераторын жасанды түрде
туындату арқылы дерттік
қасыну рефлексін байқауға болады. Бұл жағдайда тәжірибелік
жануарлар артқы аяқтарымен қатты қасына бастайды. Уақыт
өткен
сайын қасыну, тері мен еті жыртылғанына қарамай,
күшейе береді. Осындай еріксіз қозғалыстар адамдардың да
жүйке жүйесінің көптеген дерттерінде кездеседі.
Әрбір дертке өз бетінше дерттік жүйе қалыптасуы тән.
Мәселен,
қояншық
ауруына,
паркинсонизмге,
қорқыныш
сезіміне, құбыжық (фантомдық) ауыру сезіміне т.б. ми
қызметінің
бұзылыстарына
өзінің
дерттік
жүйесі
қалыптасады.
Сайып келгенде, жүйке жүйесінің әртүрлі бұзылыстарында
салдарлық эндогендік себепкер ықпалдардың - «күшейген
дерттік қозу генераторы-дерттік анықтаушы-дерттік жүйе»
қалыптасуы маңызды орын алады.
Бастапқы кезінде дерттік
жүйе дерттік анықтаушыдан тікелей байланысты дамиды. Сол
себептен
дерттік
анықтаушының
белсенділігі
артқанда
дерттік жүйенің де белсенділігі көтеріледі. Ал, дерттік
анықтаушы аластанғанда дерттік жүйеде жоғалады. Артынан
дерттік жүйе, анықтаушы аластанса да, қалыптасқан күйінде
сақталып қала береді.
Достарыңызбен бөлісу: