Тақырыбы: Әлеуметтанулық зерттеулердің құрылымы және үрдістері



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата19.05.2022
өлшемі320,93 Kb.
#144098
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
aleumettany

 Зертеу тақырыбын 
тұжырымдау. 
Зерттеу тақырыбы - проблемалардың
ішіне кіру, зерттеу мақсаты ретінде 
қойылатын контурды белгілеу, қандайда бір шешім қабылдау үшін өзінің бағыты 
болуы керек.
Әдеттегідей, жиналған ақпарат қандай да бір проблеманы шешуге бағытталады. 
Проблема 
- адамдардың қандай да бір әрекет жасауға қажеттілігі туралы білімі мен 
осы әрекеттерді ісіке асыру жолдарын, құралдарымен әдістерін білмеуі 
арасындағы 
қарама - қайшылық. 
Проблеманы тұжырымдау кезінде мынадай жағдайлар туындайды: жалған 
проблема қою немесе проблеманы тым өсіріп жіберу қаупі. Сондай-ақ бір 
социологиялық зерттеу шнгінде бірнеше проблеманы белгілеуде дұрыс емес. 
Проблеманы қою процесінде мынадай екі негізгі рәсім бөліп көрсетіледі:
1.Проблемалық ахуалдыпайымдау;
2. Проблемены тұжырымдау ( әзіплеу)
Проблемалық ахуал – бұл әлеуметтік шындықта өмір сүретін қарама-
қайшылылық, осы сәтте анық емес мәселелерді шешу тәсілдері (алгоритм).
Проблемалық ахуалды алдын – ала талдау:
а) сырттай бақылау;
б) проблемалық ахуал қатысушыларымен еркін интервью;


в) құжаттарды, оның ішінде ведомоствалық құжаттарды, алдыңғы социологиялық 
зерттеулер нәтижелерін талдау;
г) сарапшылармен (мысалы, Білім министрлігінің қызметкерлерімен) еркін 
интервью.
Тұжырымдалған проблема проблемалық ахуалды пайымдаудың нәтижесі болып 
табылады. 
1. Проблема нақты сұрақтар немесе қойылым түрінде тұжырымдалады. Сұрақ: 
Осындай және басқа құбылыстардың себептері қандай?
Қойылымы: осының және осының шешу тәсілдерін табу. Факторлардың осы 
тобын түсіндіретін үлгіні жасайды. 
Проблема қандай да бір әлеуметтік құбылыстан алынса, яғни 
зерттеу объектісі 
мен пәнін анықтау 
арқылы алынса, болжанатын болып табылады.
Зерттеу объектісі – танымдық қызмет бағытталған проблемалық ахуалдың тікелей 
тасымалдаушысы ретінде әрекет ететін әлеуметтік шындық құбылысы немесе 
аясы.
Социологиялық зерттеуді табысты жүргізу үшін зерттеу мәнін дұрыс анықтаудың 
маңызы зор.
Зерттеу мәні ретінде зерттеуге тұратын объектінің 
жақтары, 
сондай-ақ әлеуметтік 
проблеманы, онда жасырынып тұрған қарама- қайшылықтарды барынша 
толығырақ бейнелейтін 
объектінің
қасиеттері 
алға шығады. 
Проблеманы, социологиялық зерттеудің объектісі мен мәнін анықтаумен қатар 
міндетті рәсімдерге гипотезаны тұжырымдау да жатады. Гипотеза – қандай да бір 
фактіні, құбылыстар мен прпоцестерді түсіндіру үшін жасалатын ғылыми 
болжамдар. Ғылыми гипотеза зерттелетін объектіні алдын-ала талдау нәтижесінде 
тұжырымдалуы мүмкін. 
Анықталған зерттеу объектісі сандық жағынан үлкен және зерттеу объектісін 
құрайтын барлық адамдардың сауалнамасы, күрделілігі, ауқымдылығы, 
қымбаттығы жағынан тиімсіз болуы мүмкін. Сондықтан соцологтар объектіден 
зерттелетін жиынтық алынатын «
іріктеу
» операциясын жүргізеді. Бағдарламада 
бұл операция кейіннен жеке құжатқа бөліне отырып іріктеу жобасының 
сипаттамасында көрсетіледі.
Басты және репрезентативті іріктеулер бөліп көрсетіледі.
Басты - осы зерттеуге «қажет» , қажетті адамдардың барша жиынтығы. Мысалы, 
зерттеу өткізілетін қандай да бір мекеме, қала және с.с-лар қызметкерлерінің 
барлық 100%. Бұлайша қамту шындыққа жанаспайды әрі қымбатқа түседі, 
сондықтан репрезантативті іріктеуге жүгінуге тура келеді – басты іріктеуге сәйкес 
келетін өлшемдер бойынша зерттелетін құрамның осы немесе басқа өкілдіктері.


Іріктеуді анықтау – социологиялық зерттеу кезіндегі бірден-бір күрделі сәттердің 
бірі (жұмыс гипотезасын әзірлеумен қатар), өйткені ол объектінің бүкіл 
элементінің ерекшеліктері мен ара қатынастарын қатаң көрсетуі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет