342
Әдебиеттер:
1. Мендаяхова Қ. Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ
тілін оқытудың ғылыми -
әдістемелік негіздері.
2. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. Алматы, 1989.
Доскенова Л.К.
№1 ЖББМ , Жезқазған қаласы.
ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Мақаланың мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын қалыптастырудың әдістемесін ұсыну.
Міндеттері:
1.
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың
әдістемелік тәсілдері негізін білу
2.
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдіс-
тәсілдерін анықтау.
Кіріспе
Бұл тақырыпты таңдап алу себебім:
бүгінгі таңда көптеген оқушыларда өз ойларын
жеткізе алмау, көркем шығарманы қызығушылық танытып оқымау, өзіндік шешім қабылдай
алмау, мәтін стилін ажырата алмау сияқты кедергілер кездесіп жатады.
Осы кедергілерді
қалай жақсарта аламыз? деген сұрақ төңірегінде өзімнің іс –тәжірибеммен бөліспекпін.
Зерттеу объектім: бастауыш сынып оқушылары, қазақ тілі пәні
Тақырыптың өзектілігі.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша үстіміздегі
жылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға
арналған ұлттық жоспары мен ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылдануы. Бұл – бағдарлама мен Н.Ә.
Назарбаевтың білім саласын жаңарту туралы бастамаларын іске асырудағы маңызды,
айқын қадам болып табылады.
Негізгі бөлім:
Бүгінде жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан
Республикасының зияткерлік,
дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның өзгермелі әлемде
әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру
өзекті болып табылады. Осыған орай, мектептегі берілетін
білімді шынайы өмірмен
ұштастырып, бастауыш мектепті бітіруші түлектерді үлкен өмірге дайындау қажеттігі
туындап отырғаны ақиқат. Бастауыш мектеп оқушыларының меңгеруі тиіс білім, білік,
дағдыларының жиынтығы ретінде, яғни оқытудың түпкі нәтижесі ретінде оқушылардың
бойында қажетті құзыреттіліктер қалыптасады.[1.]
Функционалдық сауаттылық - адамның
мамандығына, жасына қарамастан меңгерген
білімді сауатты қолдана алуы мен үнемі білімін жетілдіріп отыру процесі. Мұндағы
басшылыққа алынатын функционалдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда
ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай
алуға қабілеттілік, т.б.[1.]
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың
педагогикалық негіздеріне алынатын дидактикалық ұстанымдары жөнінде айта кетсем:
343
Бастауыш сыныпта оқу үрдісінде оқушылардың оқу әрекетін жеке, топтық және
ұжымдық формада ұйымдастыру өте тиімді.
Оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін –бірі
бағалауға, пікір алмасуға бастысы,
коммуникативтік жағдаяттарға үйренеді. Қазақ тілінен оқылым әрекетін дамытуда қандай
тапсырмалар орындауға болады. Ең бастысы, мәтіндегі негізі ой мен ой бөліктерді білу,
ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу;
интернет
ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар, жобалар дайындау); оқу
түрлерін және стратегияларды тиімді қолдану көзделеді.
Оқыту стратегиялары:
Сыныпта қазақ тілінен жазылым әрекетін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері
туралы тізбектесем:
-
оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің ішінен бір-екеуін жаздыру; сөздердің
орфографиясын меңгертуге арналған тапсырмалар;
-
тілдік тақырыптар аясында шығармашылық тапсырмалар (ребус, пиктограмма,
сөзжұмбақ, сәйкестендіру және
толықтыру тест тапсырмалары, т.с.с.) құрастырып жазу;
тыңдалған және оқылған мәтіннен немесе көрген фильмінен алған әсерін жазу; мәтіндегі
қиын сөздерден сөздік құрастырып жазу; сыныптың қабырға газетіне шағын хабарлама/
мақала жазу; мәтініндегі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтап жазу; ақпаратты суреттер
мен
диаграмма арқылы беру; сұхбатқа жазбаша сұрақтар дайындау бойынша тапсырмалар
беріп отырамын. Күнделікті жүргізілген бір сабағымнан мысал келтіре кетейін.
Достарыңызбен бөлісу: