356
дамытудың ұтымды жолдарын іздестіру жұмыстарын қолға алдым. Оқу сауаттылығы-
оқушылардың жазба мәтіндерді түсінуі және қолдануы, мәтін барысында ой- толғауы, жаңа білім
игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдануы көбіне тілсабақтарында көрініс табатыны белгілі. Басқа
пәндермен салыстырғанда оқушылардың көбіне қазақ тілі, әдебиеттік
оқу пәндерінен сапа
көрсеткіші төмендігі байқалады. Себебі, ауызша айтқанда да ойлары жинақталмаған, оның үстіне
қағаз бетіне түсіру сауаттылықты, көп күш жұмсауды талап ететіні белгілі. Абайдың 7-қара
сөзінде айтылған танымдық қызығушылық енді бастауыш сыныптарда-ақ мұғалімнің тіл
сабақтарын шебер ұйымдастыра білуімен арта түседі. Осы ретте оқушының қазақ тіліндегі
коммуникативтік құзыреттілігінің оны белгілі бір шынайы ситуацияларға түсіре отырып,
төселдірілуіндегі даму процесі туралы айтып өту керек [2] Оқушының қабылдауы, зейіні,
қиялдауы туралы мәліметтер
алуы қиын болғанымен, сөйлеу мен ойлау сияқты таным
процестерін тану мүмкіндіктері мол. Оқушы тиісті оқу нысандарынан білімдік ақпарат алғанда,
көп мағлұматтардың ішінен өзіне керек хабарды іріктеп алады. Егер оқушы рецепторларына
жеткен мағлұматтарды іріктеп алмай, оған не әсер етсе, соны түгел қабылдаса, мақсатына жете
алмас еді. Ол көп хабардың ішінен ненің қажет, ненің қажет емес екендігін ажырата алмай, оқи
алмас еді. Сондықтан көп мағлұматтардың ішінен өзіне керегін ғана іріктеп таңдап алу — оқу
тапсырмасын орындаудың негізгі шартының бірі.Қазақша тіл мәдениетін қалыптастыру, сөйлеу
сауаттылығын дамыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту қазіргі
таңда басты мақсаты болып танылады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда
қазақ тілінің функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан меңгертілуі басты орында болуы
керек.[4] Қазіргі қазақ мектептеріндегі тіл пәндері әлі де болса, формалдық грамматика логикасы
негізінде оқытылып келеді. Оның салдары — меңгертілетін таза
грамматикалық ережелер мен
сабақта, сабақтан тыс орындалатын жаттығулардағы тілдік талдаулардың оқушылардың
күнделікті өмірінде қажетін атқара алмауына әкеліп отыр. Осы ретте, «Бәріміз бірге оқимыз!»
атты облыстық әлеуметтік жобамен бірнеше жылдар бойы айналысқанымыз да өз нәтижелерін
берді. Бұл жұмысты бастамас бұрын ата-аналар мен оқушылардан «Кітап оқудың пайдасы» атты
сауалнама жүргіздік. Зерттеу нәтижесінде ата-аналардың балаларыман бірге кітап
оқымайтындығы, талдамайтындығы, тіпті үйде кітап қорының жоқтығы анықталды. Осы
мәселелерді шешу үшін
ата-аналармен бірігіп, «Бірге оқимыз!» атты форум өткізіліп, сыныпта
«Кітаптармен алмасу» бұрышын жасадық.
Сабақтан тыс уақытта оқушыларым «Оқу шаттығы» күнделігімен жұмыс жүргізді. Бұл
жұмыста жеңіл мәтіннен (ертегі, аңыз) балалар жазушыларының көлемді шығармаларына
біртіндеп көшкен дұрыс. «Оқу шаттығы» күнделігін үйде ата-анасымен бірлесіп толтыруға да
болады. «Оқу шаттығы» күнделігіне келесі мәліметтер жазылады:
1.
Шығарманың аты;
2.
Авторын жазу немесе халық ауыз әдебиеті үлгісін
3.
Жанры
4.
Кейіпкерлер; жағымды, жағымсыз;
5.
Негізгі ой;
6.
Мәтіннің желісі бойынша 3 сұраұ құрастыру;
7.
Өзіңнің алған сабақтарың немесе қорытынды ойың;
8.
Мәтін бойынша сурет сал немесе жапсыр.
«Оқу шаттығы» күнделігінің соңында әр жылдар
бойынша оқу шапшаңдығының
диаграммасы жасалып, оқушылар өздері әр айда оқыған сөздерінің санын белгілеп көрсетіп
отырады. Диаграмма жасау оқушылардың оқу шапшаңдығының артуына әсерін тигізді.
Күнделікті оқу материалын ұғыну қабылдаудан басталады. Қабылдау тек бірдеме қарау,
не соны тыңдау ғана емес, баста бар бейнелермен объектілерді салыстырып түсіну [3].Осы
мәселелерді шешу үшін сыныбымдағы әр оқушы «Суретті сөздік» дәптерін жүргізді. Оның
мазмұнына:
Сөздің атауы.
Достарыңызбен бөлісу: