Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет177/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   271
Мысалы: қамыт, ішік т.б. 
Сол сөздегі заттың суреті салынады немесе жапсырылады; 
Сөздің мағынасы (синонимі, антонимі, омонимі) жазылады 
Қызықты тапсырмалар (жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, ребус, сөзжұмбақ, бес жол өлең т.б.) 
Сол сөзді қолданып сөйлем құрау. 


357 
Бұл жұмыс арқылы оқушылардың сөздік қорлары дамып, тіл байлықтары арта түсті.
«Бәріміз бірге оқимыз!» атты жобасымен жұмыс жасай отырып,келесі мәселелерге көз 
жеткіздім. Шәкірттерімнің өз ойларын ашық айта алмайтынын, ойларын еркін жеткізе 
алмайтынын аңғарып, тағы қандай жұмыстар жүргізуге болады деген ойлар мазалады. Өзім үшін 
«Тіл ұстарту» дәптерін бастап, сабақ беру әдістемем бойынша оқушыларды алға жетелеудегі 
өзекті мәселелерімді, шешу жолымды, нәтижелерімді үздіксіз жазып отырдым. Ол үшін 
сабағымда «Тіл ұстарту» жаттығуларын жасап, «Сөздік қоржын» атты жұмыс түрін жүргізіп, 
тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсіне білдік. Ата-аналар қазіргі кезде жұмысбастылығына 
байланысты баласымен сөйлеспейді. Ата-әжелерімен бір отбасында тұратын балалардың тіл 
байлықтары дамыған,сөздік қорлары мол екендігі байқалды. «Тіл ұстарту» жаттығуларынан 
кейін оқушыларым өздері де ұйқас таба білді. Мысалы Арманай деген оқушым өз әжесі туралы 
«Демеңіз әжем кірі, кәрінің сөзі-дәрі» атты жоба қорғап, төмендегі ұйқастастарды ұсынды: 
Әже сөзі –құт, өміріңе тұт. 
Әжеңнің берген батасы- өміріңе жолбасшы. 
Әже ақылын тыңдап өс, өміріңе берер күш. 
Сабырмен қара әр іске, төзімді жетер жеңіске. 
Үлкенді сыйлай біл, алдыңнан шығар бұл. 
Еңбектің білсең дәмін, өмірдің келтірер дәмін. 
Әжеңнің дәмді асы, өнегенің басы. 
Сонымен қатаркөптеген балалар тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын мүлдем түсінбейді. 
Әр сабақта «Сөз тіркесі» қоржынынан бір тұрақты сөз тіркесін алып, сабақтаң басында көркем 
жазу кезеңінде көбіне фразеологизмнің мағынасын ашып жазуға тырысамыз.
Атап айтсақ, мысалы: 
Көзі ашық-сауатты; 
Көз ілмеу-ұйықтамау; 
Көзбе-көз-тез арада; 
Өз көзіне өзі сенбеу-таң қалу; 
Көзді ашып-жұмғанша-тез; 
Көз алартты- ашулану; 
Көзіне ұйқы тығылды-ұйқысы келу; 
Кірпік қақпады-ұйықтамау; 
Қас пен көздің арасында-жылдам; 
Төбе шашы тік тұрды-қорықты; 
Мұрнына иісі бармайды-сезбейді; 
Аузына су толтырды-үндемеді; 
Басы қатты- бір нәрсені ойлау; 
Білмейтіні жер астында-бәрін біледі 
Кіруге тесік таппады-ұялды; 
Қолы алтын-шебер; 
Уақыт өлтіру-босқа жүру; 
Тілін жұту-үндемеу; 
Кейбір оқушылар «Сөздік қоржынға» өздерінің тауып әкелген сөз тіркестерін қосып, 
әкелген тіркестерінің мағынасын бірге талқылып жазуды әдетке айналдырды. Өзі оқуға 
қатысқанда ғана оқу қызықты әрі тамаша болып шығады: жобалау, зерттеу, ашу, осы сөздің 
шынайы мағынасында жаңалық ашу болып табылады. Олай болса, әр оқушы ата-әже тәрбиесінен 
қанығып өсіп, үлкендердің сөзін бойына сіңдіре білсе, тіл байлығы мол, сауатты адам болып, 
білгенін өмірде қолдана алары сөзсіз. 
Қарағанды қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен кейінгі жылдары 4 сынып 
оқушылары үшін «Бәріміз оқимыз» атты байқау өткізілуде. Байқау талаптарына сәйкес 
мәтіндерді және тапсырмаларды дайындауда өзіме де тәжірибе жинадым. Байқауда екі мәтін 
беріледі. 1 Әдеби мәтін бойынша жұмыс. 2 Ақпараттық мәтінмен жұмыс. Байқаудың 
қорытындысынан оқушыларымыздың мәтін түрлері бойынша тапсырмаларды жоғары дәрежеде 
орындай білгендері көрінді. Дегенмен, бұл оқушылардың іріктелген оқушылар екеніне назар 
аударған жөн, ал біздің мақсатымыз осы оқушылардың қатарынан сыныптағы басқа оқушыларды 


358 
көру болып табылады. Ол үшін үнемі мәтінмен жұмыс жасай отырып, оқушыларға мәтінге 
байланысты тест түріндегі тапсырмалар құрастырып үйреткен жөн. 
Қорыта келгенде, бастауыш сыныптан бастап жоғарыда айтылған оқу және жазу 
сауаттылығының ұтымды жолдарын өз жұмыстарымызда қолдана білсек, оқушылардың 
функционалдық сауаттылығы дамитынына сенемін. Оқушыларымыздың көркем әдебиетті оқуға 
қызығушылығы артып, оқырмандық ой-өрісін қалыптасады деген ойдамын.
Баланы таңқалдыруды ұмытпа, даналыққа ұмтылу таң қалудан басталады. Көрсеткіш 
өздігінен нәтиже бермейді, оған жететін жолды іздестіру мұғалімнің қолында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет