359
ықпал ету, оқулықта берілген белгілі ақын –жазушылардың,шетел жазушыларының балаларға
арналған шығармаларын оқу,кітапханадан
кітап алып оқуға дағдыландыру, өздігінен кітап
оқуына қол жеткізгім келді. Бұл мақсатқа жетудегі алғашқы қадамым 1-4 сынып оқушыларына
арналған «Оқу шаттығы» курсының бағдарламасын жасау болды. Гимназияның бастауыш
сынып оқушылары осы бағдарлама бойынша жасалған әр сыныптың жұмыс дәптері мен
қосымша оқу-әдістемелік құралымен жұмыс жасауда. Бағдарламада әдеби көркем шығармалар
төмендегі әдеби-педагогикалық принциптерге сүйене отырып таңдалды;
Балалардың жас ерекшеліктеріне сай келетін шығармалар таңдау;
Баланың қызығушылығына қарай,қызықты оқиғалар;
Әртүрлі тақырыптар мен әдеби жанрларды таңдау;
Адамгершілік құндылықтарға баулитын шығармалар ;
Әдебиеттік оқу бағдарламасындағы авторлардың басқа да шығармалары;
Оқу жылдамдығын тексеруге арналған
мәтіндер жинағы таңдалған;
«Оқу шаттығы» сабағы оқушылардың қосымша курсы болғандықтан, ол дәстүрлі
сабақтан өзгеше өтеді. Бұл сабақ оқуға арналғандықтан оқушылардың басты мақсаты көркем
шығармамен толық танысу, өз ойларын ортаға салып шығарманы талдау. Шығарманың мазмұны
бойынша жұмыс дәптеріндегі түрлі тапсырмалар орындалады. Көркем шығарманы сахналау,
берілген өлеңді әуенімен айту да дәстүрге айналған. Мысалы И.В.Крыловтың мысалдарын
сахналау болса, Абайдың «Көзімнің қарасы», «Өзгеге көңілім тоярсың» әндерін отбасында ата-
аналарымен, ата-әжелерімен бірге айтып үйреніп білім алушылардың кітап оқуға деген ынтасы
артты.
Сабақтан тыс уақытта гимназия кітапханасынан өздігінен кітап алып оқыған
балаларымның саны күннен-күнге арта бастады. Көркем шығарманы көп оқыған баланың оқу
қарқыны да
жоғарлайды, оқу дағдылары да қалыптасатыны анық. Білім алушыларымның кітап
оқу арқылы тілдік қорлары, сөз байлықтары молайғанын жазған шығармаларынан көруге
болады. Гимназиямызда өткізілген «Оқу сауаттылығы» апталығында 4«А» сыныбындағы
оқушыларым «Біз-бақытты ұрпақпыз» тақырыбына жазған шығармаларында көркем сөздерді,
өлең шумақтары мен мақал-мәтелдерді орынды қолданып ойларын шебер жеткізе білген.
Баланың бас тәрбиешісі – ата-анасы екені белгілі. «Оқырман отбасы» іс-шарасына ата-
аналарымды қатыстырып, балаларымен бірге кітап оқу отбасында қалай жүріп жатқаны туралы
ата-аналар жиналысында ой бөлісуді де ұйымдастырдым. «Мектепте оқу балаға оңай ма?» атты
сынып ата-аналарыммен өткізген шеберлік сағатымда әрбір ата-ана баламен үй
тапсырмасын
қалай оқытатыны, оның ішінде кітап оқуға қалай дайындайтыны туралы пікір алысты, өз
тәжірибелерімен бөлісті. Баламен үй тапсырмасын орындау кезінде кездесетін әр түрлі
жағдаяттармен танысып, оның шешімін іздеді. Өз тарапымнан ата-аналарға психологтың
ережелеріне сүйене отырып, оқуға дағдыландыруға арналған жадынамалар мен пайдалы
кеңестерімді ұсындым.
Қоғам болып кітап оқуға бет бұруды алға тартып оқушыларым, әріптестерім, ата-
аналардың қатысуымен REАDx жобасында «Кітап-асыл қазына» атты іс-шара өткіздім. Жобаға
қатысушы
оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер өздерінің оқыған кітаптарын алдын ала түсірген
бейнебаяндары мен ауызша әңгімелеу арқылы жарнамалады. Ал отырған тыңдаушылар әр
кітапты жарнамалағаннан кейін өз ойларын «оқимын», «ойланамын», «оқымаймын» деген белгі
карточкалар арқылы ұнаған кітаптарына өз дауыстарын берді. Жоба соңында ең көп дауыс
жинап таңдалған шығарма анықталды.
Осындай іс-шаралар балалардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын оятады деген сенімдемін.
Ұлы Абайдың :
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл, терең білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге,-дегендей біз,ұстаздар, сан алуан жұмыс түрлерімен балаларымызды кітап
оқуға баулығанымыз жөн деп білемін.Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйрету, оны
қалыптастыру оқушыны өмірге дайындаудың негізі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: