Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет196/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   271
Пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep: 
1.
Acтaнa: Ы. Aлтынcapин aтындaғы Ұлттық бiлiм aкaдeмияcы, 2020-2021 оқу жылындa 
Қaзaқcтaн Pecпубликacының жaлпы оpтa бiлiм бepeтiн ұйымдapындa оқу пpоцeciн 
ұйымдacтыpудың epeкшeлiктepi туpaлы. Әдicтeмeлiк нұcқaу хaт. 
2.
«Нaзapбaeв Зияткepлiк мeктeбi» ДББҰ «Мұғaлiмгe apнaлғaн нұcқaулық» 2012 ж 
3.
inform.kz . /elbasy-makalasy-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru. 
Жамангарина Э.А 
№82ЖББМ-тің тарих пәні мұғалімі 
 
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ –БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУДЫҢ АСА 
МАҢЫЗДЫ ШАРТЫ 
XXI ғасыр-қарыштап дамыған білім ғасыры. Ғылым мен білімнің дамуына қызмет ету– 
еліміздің болашағына қызмет ету. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліміздің 
ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында», 
«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. 
Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін -білім». Сондықтан, 
қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің фукционалдық сауаттылық 
мәселесін қойып отыр. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану 
дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. Оқушылардың 
бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін 
білімін пайдалана білу дағдыларын қалыптастырады және қоғамға пайда келтірері анық. Ең 
бастысы«оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру үшін, білім деңгейін көтеру үшін қандай 
тәсілдер қолдануға болады деген?» сұраққа жауап табу керек. 
Оқушылардың 
фукционалдық 
сауаттылығын 
және 
шығармашылық 
қабілетін 
шығармашылық ойлауы мен шығармашылық тұрғыда жұмысын дамытуда логикалық 
тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке 
тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды икемділік пен 
шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.
Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үш 
негізгі бағытта іске асыралады: 
кызығуын арттыру (біліктілігін кеңейту, өзіне талап қоя білуі); 
ойлау және қабылдау қабілетін дамыту; 
шығармашылық ізденісін дамыту. 
Оқушылардың танымдық қызығушылын,белсенділігін арттыру үшін–тарих сабағында 
логикалық және қызықты тапсырмаларды қолдану. Бұл сабақта оқушылардың белсенділігі 
артады, бір-бірімен бәсекеге түсу арқылы оқуға, көп білуге, ынтасы өседі. Ол тәрбиеге де, оқу 
ісіне де зор ықпалын тигізері сөзсіз. 
Логикалық және қызықты тапсырмаларды тек қана тарих пәні ғана емес,басқа 
сабақтарда пайдалану оның тиімділігін арттыратынын айта кеткім келеді. Логикалық 


397 
тапсырмалардың артықшылықтары біріншіден, оқушының сабаққа деген ынталығы артады,үнемі 
түсіндіріп 45-минут тыңдағаннан оқушы да, мұғалім де жалығады. 
Екіншіден, сабаққа зауқы жоқ, жалқаулау, нашар оқитын оқушылардың өзі де бұған 
белсене қатысады. Сөйтіп кейде бұйығы өз ойын айтуға ұялатын немесе ашық айтуға қиналатын 
оқушылардың мінезін, сабақты қалай сұрауға, айтқызуға болатынын түсінуге болады. 
Үшіншіден, өтілген сабақтың мазмұны оқушының есінде ұзақ сақталады. Қызықты тапсырмалар 
орындағаннан кейін оқушылар өздері ізденіп, әр түрлі тапсырмалар құрастыра бастайды. 
Мысалы сөзжұмбақтар құрастырып,соны кейін бір-бірімен алмастырып шеше бастайды. Бұның 
нәтижесінде оқушылардың білімге қызығушылығы артып өз беттерімен ізденуге мүмкіндік 
жасайды. Ойын тақырыбы мен түрлерін күрделендірген сайын оқушылардың білім деңгейі де 
көтеріледі. Заман талабына сай сабақ беру әдіс-тәсілдері де жаңарып, жаңаша технологиялар мен 
модульдарды өз сабақтарымда қолдануды жөн көрдім. 2013 жылдан бастап «Тарих сабағында 
жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауттылығын 
арттыру» атты тақырыппен жұмыс істеп келемін. Бұл тақырыпты алуымның мақсаты 
оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық 
жағынан тиімді ұсынылуы, ақпараттық –коммуникациялық технологияларды меңгеруі және 
оқушылардың пәнге деген қығызушылығын арттыру және білім сапасын көтеру. Қазіргі білім 
беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуы 
және олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі болып есептеледі. Сондықтан мен өз 
сабақтарымда мүмкіндігінше логикалық және дидактикалық, шығармашылық тапсырмаларды 
өздігінен орындай отырып, ақпараттар іздеуге үйретеді. Оқушылырдың фукционалдық 
сауаттылығын арттыру мақсатында мен өз сабақ барысынды мына әдіс тәсілдерді қолданамын: 
Логикалық тапсырмалар 
Оқушыларды логикалық танып білу, іздену тапсырмаларына мысал келтірейік: Алматы, 
Қызылорда, Астана. Қарағанды, Орынбор. Осы қатардан артық сөзді көрсету қажет.Тарихи 
негізде қарастырсақ, артық сөз Қарағанды, ал қалғандары Қазақстанның астанасы болған 
қалалар.
Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру төрт 
кезеңнен тұрады: 
Машық. Сергіту. 
Оқушылардың шығармашылық қабілетінің негізі болған психикалық механизмдерін дамыту 
Іздену тапсырмаларын орындау. 
Оқушыларға белгілі түсініктен жаңалықты көруге тәрбиелеу мақсатында, шығармашылық 
тапсырмаларын орындату. 
Бірінші кезең. Сергіту. 
Бұл кезеңде репродуктивті тапсырмалар беріледі. Оқушы өте ұқыптылықпен әрбір 
сауалды тыңдап, оған айқын, тез жауап беруі қажет. 
Қазақстанда қанша ұлт өкілдері бар? 
Қазақстанның қандай астаналары болған? 
8+5 орысша қалай айтылады? (Жауабы: он үш) 
Жетіні жетіге қосып, оны жетіге бөлсе қанша болады? 7+7:7 (жауабы:2) 
Соңғы әрпі «Р»мен аяқталатын айларды атаңдар және олар есеппен санағанда нешінші? (Олар 
қаңтар, сәуір, мамыр; 1;4;5) 
Елдердің есімдері мен астаналарын және оны керісінше анықтаңдар: Бейжін, Финляндия, 
Мәскеу, Лондон, Қазақстан, Франция, Анкара,Сеул, Жапония, Бағдат, Рим, Бразилия,т.б. 
Бұл тапсырмалар балалардың білім дәрежесіне қарап беріледі. 
Сандық диктант 
Егер оқушы мұғалімнің айтқанын дұрыс деп есептесе, өз парағына «1», егер дұрыс емес 
болса «0». Мысалы: 
Қазақстан – еуразиялық мемлекет. 
1916 жылғы Торғай көтерілісінің жетекшісі – Б.Әшекеев. 
ҚазЦИК-тің тұңғыш төрағасы- С.Меңдешов. 
Бірінші «Алтын киімді адам» Сарыарқадан табылды. 
Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусымда басталды. 


398 
«Ленинградтық өренім» жырының авторы- Ж.Жабаев. 
Бірінші ғарышқа ұшқан адам Т.Мұсабаев. 
Қазақстанда мемлекеттік тіл-қазақ тілі. 
Жалпы жауап:10101101 
(Торғай қөтерілісінің жетекшісі- А.Иманов; алғаш «Алтын адам» Есік қорғанынан, Алматы 
маңына табылды; Тұңғыш ғарышкер – Ю.Гагарин). 
Сауал және тапсырмалар ойлау қабілетін арттыратын санат бойынша берілсе, мысалы: 
Кіші жүздің Ресейге қосылған жылының соңғы екі санын атаңдар. 
Алғашқы қазақ ханының аты неше әріптен тұрады? 
Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы ақынның шын есімі кім? 
Абылай хан тағына неше жасында отырған? 
Екінші кезең. Оқушының психикалық механизмдерін дамыту. Есте сақтауды машықтандыру 
білімді ауыстыра алмайды, бірақ білім сапасын көтеруге негіз болады. 
1.Көру қабілетін дамыту 
Төмендегі сөздерді үш мәрте ұқыптылықпен оқып шығып, есте сақтау керек, дәптерді 
жауып қойып сауал тапсырмаларын орындаймыз. 
Сақ. Көшпенді. Қола. 
Геродот. Шырақ. Рабад. 
1)Соңғы сөз неше әріптен тұрады? 
2)Қанша сөз тек бір буыннан тұрады? 
3)Қанша сөз «Қ» әрпімен аяқталады?
4)Кісі есімі нешеу? 
5)Бұл сөздерді қатыстырып сөйлем құра. 
2.Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар 
Тақырыпқа қатысты бірнеше сөзді ауызша айтып шығып, оны сол естіген реті бойынша 
дәптерлеріне жазғызып шығу. 
3.Зейінді дамыту үшін тапсырмалар. 
Оқиғалар
Реттік орны 
КСРО-ның құрылуы 

ТЖМК-ның құрылуы 
II 
Ту мен елтаңбаның бекітілуі 
IV 
Алғашқы әнұранның қабылдануы 

Ішкі істер әскерінің құрылуы 
III 
Есте сақтау қабілетіне негізделген зейінді тұрақтандыратын, қабілетті арттыратын негізгі 
тапсырмалардың сабақта көптеп пайдаланылуы, балаларды әрдайым жиынтық әр түрлі 
қиылыстарға даяр, өзінің қабілетіне сенімді және жалпы білім алуда саналы жоғары дәрежеге 
жететіндігін көрсетеді.
Логикалық тест сұрақтарын үлкен тарауларды қорытқаннан кейін немесе тұтастай сынып 
материалдары бойынша дайындаған тиімді. Себебі бір немесе екі параграфты пысықтау кезінде
бұл әдіс пайдаланылса, тар шеңберде қаралады. Ал төмендегідей жағдайда оқушыдан зор білімді 
қажет етері сөзсіз. Мысалы: 
Көне түркі мемлекеттерінің көпшілігінің астанасы қызметін атқарған қала: А)Сығанақ В)Суяб
С) Тараз Д) Отырар Е) Баласағұн 
2 Қызықты тапсырмалар 
Тапсырма №1 
Берілген сандардың орнына әріптерді қойып, негізгі сөзді тап? 
1 3 5 4 7 2 3 6 
2 3 4 9 10 – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет