Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет194/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   271
 
 
 
 
 
 
 
 
Жаймина Г.А., Уркумбаева Ш.Т.


391 
Көкпекті ЖОББМ, Бұқар жырау ауданы
 
ОҚУШЫНЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА 
ВАРИАТИВТІК КУРСТАРДЫҢ РӨЛІ 
 
Қазақстан Республикасының Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында «Білім 
берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, 
шығармашылық пен таным субъектісі құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген, әрі өзінің 
шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъектісі ретінде 
көрінуімен бедерленеді» делінген [1:40]. 
Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары — баланың білім игеру кезінде ойлау 
қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіру. Бұл оқушының өзіндік 
әрекеттерін, дербес жұмыс жасау қабілеттерін дамытудың маңыздылығын айқындайды. Бұл 
мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңындағы білім беру жүйесінің міндеттері 
туралы бабында: жеке адамның шығармашылық, рухани және жеке мүмкіндіктерін дамыту, 
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы 
үшін жағдай жасау арқылы интеллект байытумен қатар әлемдік және отандық мәдениеттің 
жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республикасының басқа да халықтарының тарихын, әдет-
ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу қажеттігі атап көрсетілген [2:4]. 
Мектеп компонентінің оқушы бөлігіндегі вариативтік курстар оқушының пәнге деген 
қызығушылытарын дамытумен бірге, келешекте таңдайтын мамандықтарына бағдар беруге 
жағдай жасайтын курс болғандықтан көп жағдайда биология пәніндегі теориялық білімді 
қолданбалы курста зерттеушілікке бағыттай білгенде ғана сапалы білім көрсететіні айқын. 
Осыған сәйкес танымжорықтар мен сараман сабақтар, зертханалық жұмыстар, тәжірибелерге 
биология сабақтарындабағдарламада аз сағат берілгендіктен осындай курстардың тиімділігі көп 
деп ойлаймын. Мектеп практикасында қазіргі уақытта педагогикалық мақсатқа сәйкес 
жаңалықтар көптеп енгізілуде. Соның бірі қазіргі кезде оқушы мен мұғалімнің алдына қойылып 
отырған мақсат- сыни ойлау мен білімді өмірде қолдану. Шығармашылық белсенділікті біз 
адамның жете түсінудегі талпынысынан туындайтын белгілі зерттеушілік және қоғамдық 
пайдалы маңызы бар міндеттерді шешуге жетудегі әрекетшіліктің жоғары сапалы деңгейі деп 
анықтай аламыз. 
Инновация өзінен өзі пайда болмайды, ол ғылыми ізденістердің жинақталған 
тәжірибиелердің нәтижесі болып табылады. 
«Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала- 
ертеңгі азамат. Оқытушының педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі-оқушыны 
өзіндіктанымдық жұмысын ұйымдастыру, ал екіншісі оқушының өздігінен оқып ой-өрісін 
тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелеу. Әрбір ұстаз алдындағы міндет- өзі оқытатын 
пәнінен көкірегінде сәуле бар, талантты шәкіртті тани біліп, оқушы дарынын ашып, оған бағыт-
бағдар беріп, оны дамыта білу. Оларды баулып, қамқорлыққа алып, тәрбиелеу-ортақ іс-шара. 
Оқушы бойындағы дарынын қырағылықпен көре білу-мұғалім үшін аса қажетті қасиет. Ол үшін 
әр мұғалім өзі ізденіп, ерінбей еңбектеніп, күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме 
жұмысында оқушыны үзбей бақылап, бала бойындағы дарындылықты ашып, жүйелі білім алуға 
қабілетті тұлғаны анықтайды. Сол тұлғаның пәнге деген қызығуын туғызып, танымдық іс-
әрекетті қалыптастыру үшін тәжірибиелік жұмыстардың маңызы зор. 
Талантты дер кезінде танып, дарындыны таңдап және олардың бойындағы ерекше 
қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу қажет. 
«Сенің елдігің тарихыңды зерттеуден басталады»- деп Қадыр Мырзалиев айтқандай, 
шәкірттерімізді тарихи саналы, құқықтық тәрбиелі азамат етіп тәрбиелеу, шығармашылыққа 
шыңдау міндет. Ол үшін оқушы бойындағы табиғат берген қабілетті дамыту, дарындылықтың 
көзін ашу- қасиетті парызымыз. Белгілі психолог Н.Лейтес оқушы бойындағы негізгі қасиеттер 
мыналар деп көрсетеді: 
-ұқыптылық, жинақтылық, зейіннің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің жоғарлығы; 
-ақыл-ой, логикалық ойлаудың тездігі, кез келген жағдайды талдап салыстыра білу; 
- барлық күш-қуатынсалып тынымсыз еңбек ете білуі. 


392 
Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, биология сабағында мен кез келген 
оқушының бойындағы қабілетін, іскерлігін байқап, оның үлкен ізденіспен жұмыс жасауына 
мүмкіндік беремін. Әр сабақта оқушылармен жеке жұмыстарды ұйымдастыра отырып, 
тәжірибелік және жан-жақты зерттеу жұмыстарына баулыдым. 
Зертханалық сабақтар – оқушылардың оқу іс-әрекетінің бір түрі; мақсаты мен міндеті 
ұқсас. Зертханалық жұмыстар оқу бағдарламасына енгізіліп, курс бөлімін немесе тақырыпты 
оқығаннан кейін жүргізіледі. Бұл оқушының алдымен теориялық білімді терең меңгеріп
жасалған жұмыстың нәтижесін дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді. Жұмыстың жоғары дәрежеде, 
дұрыс орындалуы үшін топта 10 адамнан болуы керек, олар жеке-жеке немесе жұппен 
орындайды. Жұмыстың тақырыбы, мақсаты, зерттеу объектісі, қажетті құрал-жабдықтары 
зертханалық дәптерлеріне көшіріліп, қорытындыланады. 
Оқушылармен жүргізілген зертханалық жұмыстар 6-7 сыныпта биология пәні оқушылар 
үшін жаңа бір таныс емес пән. Олардың бұл пәнге деген қызығушылығын ояту арқылы, 
болашақта жоғары сынпытарда олар бұл пәнді сүйсіне оқитын болады. Сол себепті мен өз 
жұмыстарымды төменгі сыныптан бастап түрлендірп өткізуді жөн көремін. Солардың бірі 
ретінде «Тұқым. Тұқымның өнуі, тыныс алуы, қоректенуі мен өсуі, тұқымды себу мерзімі» осы 
тақырыпты рольдік ойын түрінде өткіздім. 
Сонымен қатар оқушыларды топ серуендерге алып шығу арқылы табиғатпен тікелей жұмыс 
істеп қана қоймай, оқушылар үшін өз көздерімен көріп, сабақтың маңыздылығын сезіне алды. 
Ал, 7 сынып оқущыларымен қоянның сыртқы және ішкі құрылысы атты зертханалық жұмысты 
тәжірибие жүзінде өткіздім. 
Қорытындылай келе зертханалық жұмыстың негізгі мақсаты орындалды.Яғни қоян 
туралы біліп қана қоймай, оның ішкі құрылысын өз көзімен көріп, жүйке жүйесімен таныстым. 
Қабырғаларына сипаттама беріп, салыстыру жұмысын жүргіздім. Жалпы лабараторялық 
жұмыстың орындалу ретін үйрендім. Алдағы уақытта осындай жұмыстар жүргіземін» деген 
сенімдемін.
Қазіргі ақпарат және жылдам өзгермелі заманда біз сабақта теориялық білімді көп, ал 
практикалық білімді аз береміз. Ал қолданбалы курс осыған себепші.Бағалау жүргізбеу арқылы 
оқушылардың қызығушылығын, ынтасын арттыруға болады. Менің іс-тәжірибем көрсеткендей 
оқушылар курста сыни тұрғыдан ойлай отырып, дағдыларын дамытады. Мұнда әр бала өзінің 
даму траекториясын көрсете алады,пікірін ашық айта алады, ғылымға деген құштарлығын анық 
көрсете алады. Бұл оқушылардың интелектуалды іс әрекеттеріне бастама болады. Курста 
теорияны қоянның ішкі, сыртқы құрылыстарын зерделеуде бұрын түсінбей жүрген теориялық 
білімдерін практикаға ұштастырудың мүмкіндігі туды. Оқушыда өзіне деген сенімділігі артады. 
Жаңартылған білім мазмұнында оқушының функционалды сауаттылығын дамытуын бірінші 
кезекке қоюы осыдан. Алған білімдерін қолдана алу, өмірмен байланыстырып болашаққа деген 
ұмтылысқа жетелеу. Осындай мақсатта мына жұмыстар жүргізілді. 
Оқушылар сүтқоректілер класымен, қоян тәрізділер отрядымен, ақ қоян типіне жататын 
қояндармен тәжірибиелік жұмыс жүргізді. Оқушылар өз жұмыстарын талқылап, қорытындысын 
шығарды.
 
Қорытындылай келе жүргізген тәжірибиелікжұмыстан көптеген қосымша мәлімет алды. 
Осы жұмысымыздың арқасында қоянның ішкі және сыртқы құрылысын өз көзімізбен көріп, 
ұстап білді. Мысалы, терісімен танысып, асқазан, бүйрек, жүрек сияқты мүшелерін өз көздерімен 
көрді. 
 
Осындай тәжірибелік жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың ойлау қабілеттері 
кеңейіп, қызығушылықтары оянып,осындай жұмыстар жүргізген оқушылар ендігі кезекте алған 
білімдерін қорытындылау мақсатында жоба қорғады. Мұндай нәтижелер олардың интелектуалды 
тұрғыда ой өрістерінің дамығанын, білімге деген құштарлықтарының ауқымының кеңейгенінің 
дәлелі. 
Оқу жылының соңында өтілетін оқушылардың өткізген семинар-форумдары баспа 
беттеріне шығарылды. Олар семинар-форум жайлы өз мақалаларында «География, биология, 
экология орта мектепте», «Биология және салауаттылық негізі» журналдары т.б өздері қорғаған 
жобалары баспа беттеріне шықты. 


393 
Келешек ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде, көздеген мақсаттарына жететін 
сонымен қатар тұлға болып қалыптасатын сонымен қатар болашақтың бүгінгі күннен де жарқын 
және нұрлы болуына әсер ететін адамзат өмірінің алға жетелейтін бір бөлшегі ол, әрине, білім. 
Болашақтың кілтін саналы да сапалы білім алған танымдылығы жоғары құзіретті, бәсекеге төтеп 
беретін жастар ғана аша алады. Бүгінгі оқушы- ертеңгі дамыған тұлға. Сондықтан білімді ұрпақ 
тәрбиелеуде мұғалімдердің сіңірген еңбегі ұшан -теңіз. Әлем елдерінің оның ішінде Қазақстан 
мұғалімдерінің ең басты проблемалары оқушыларды қалай және нені оқыту керек деген басты 
ныңәселе болып тұр. Сол үшін білім беруді дамытуда өркендеген мемлекеттердің тәжірибелерін 
алып сол мемлекеттердің қатарына ену басты мақсатымыз болып тұр. Болашақтың кілтін саналы 
да сапалы білім алған танымдылығы жоғары құзіретті, бәсекеге төтеп беретін жастар ғана аша 
алады. Сол үшін білім беруді дамытуда өркендеген мемлекеттердің тәжірибелерін алып сол 
мемлекеттердің қатарына ену басты мақсатымыз болып тұр. Мұғалімдердің қазіргі кездегі басты 
мақсаты түрлі әдіс-тәсілдер арқылы сабақ өтіп оқушыларға алған білімдерін өмірде қолдана 
алатындай тәрбиелеуіміз керек. Қазіргі уақытта еліміздегі білім беру саласына Елбасымыз 
тарапынан басты назар аударылып, жан-жақты жағдай жасалынуда. Жарқын болашақтың кілті 
болып табылатын өскелең ұрпақтың білім деңгейі заманауи талаптарға жауап берсе, тәуелсіз 
еліміздің тұғыры мықты болмақ. 
Оқушылардың биологияға деген қызығушылығын дамыту үшін зертханалық сабақтардың 
маңызы орасан зор. Зертханалық сабақ кезінде оқушылар бұрын сабақта алған білімдерін 
практикада өз бетімен жұмыс жасау кезінде ұштастырып, білім деңгейін кеңейте алады. 
Сондықтан шағын жинақты мектептерде биология пәнінен өтікізілетін зертханалық сабақтар өз 
мәнінде өткізіліп, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, білімге деген құштарлығын ұштау 
қажет деп ойлаймын. Биология пәнінен зертханалық сабақтарды ұйымдастыру – өсіп келе 
жатқан ұрпаққа тіршілікті, өмірді аса үлкен зор құндылық деп түсінуді қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет