Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет220/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   271
Шағын ойындар. 
Нақты тапсырманы ұғынып, оны орындау барысында бейім 
қалыптастыру үшін бір желістегі рөлдік ойындар. 
Ұзақ мерзімді дамытушы ойындар. 
Ұйымдастырущылық мерзімі бірнеше күн немесе бір
аптаға дейін созылатын, арнайы тәрбиелік мақсатпен оқушының тілін дамытуға арналған 
ойындар. 
Грамматикалық ойындар. 
Грамматикалық анықтамаларды меңгертуге арналған ойындар. 
Аталған топтамадағы ойындарды тақырып мазмұнына байланысты тапсырмалармен 
сабақтастырып, оқушының белсенділігі мен ынтасын арттыру мүмкіндігі жоғары. Ойын арқылы 
сабақтың қызықтыру мүмкіндіктеріне сүйеніп, үйрету процесіне эмоционалдық өзгерістер енгізу 
арқылы оқушылардың ынталылығын арттыруға болады. Енді әр мақсатқа бағытталған бірнеше 
ойын түрлерін айта кетейін. Мысалы: «Сиқырлы қоржын», «Тауға шық», «Артықты тап», «Кім 
көп біледі?» т. с. с. 
«Таныдың ба?» ойыны. Ойынның мақсаты: 
Үй жануарлары мен құстары, жабайы аңдар 
мен құстарың қай жерде, немен қоректенетінін айту, әр түрлі дыбыстарымен таныстыру.
 
Ойынның шарты: 
ненің дауысы? Не қалай дыбыстайды? үй жануарлары не істейді? деген 
сұрақтарға жауап беруге жаттықтыру.

«Не жоқ?» ойыны. Ойынның мақсаты: 
Белгілі бір тақырып бойынша сөздерді есте 
сақтау және жоқ сөздерді қазақ тілінде айту.
Ойынның шарты: 
Тақырып бойынша суреттер 
беріледі. Көздерін жұмған кезде, мұғалім бір суретті алып үлгеру керек, оқушылар көздерін 
ашып, не жоқ екенін айту.
«Өз жұбыңды тап» ойыны Ойынның мақсаты: 
Сөз тіркестерін 
меңгерту.
Ойынның шарты: 
Оқушылар саны жұп болуы керек. Мұғалім әр оқушыға бір-бірден 
сөз үлестіреді. Барлық оқушылар өздеріне берілген сөздерді дауыстап оқиды. Осыдан кейін 
оқушылар сөз тіркестерін жасау үшін өз жұптарын іздейді.

«Ойлан, тап!» ойыны. Ойынның мақсаты: 
Дыбыстарды қайталау, дұрыс айтып, қолдана 
білу.
Ойынның шарты: 
Балалардың қолдарына суреттер беріледі. Суреттердің астында сөздер 
берілген, олардың әріптері немесе буындары түсіп қалған. Соларды тауып, қою керек. Әрине, 
ойынның түрлері өте көп. Бірақ, ең бастысы сабақтың мазмұны мен мақсатына сәйкес іріктеліп, 
таңдалып алынатын болса, әр ойынның нәтижесін көретініміз сөзсіз. Ойын элементтерін әр 
сабақта тиімді пайдалану оқушылардың танымдық қабілеттерін және физиологиялық 
қажетіліктерін қанағаттандырып, тілді үйренуге мол мүмкіндіктер жасайды. Білім беру 
жүйесінде өмір талабы үш тілді білу, орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың сапасын жақсарту 
міндеттері қойылған. Оқушыларға қазақ тілін оқыту мәселесі олардың қазақша сөйлей алатындай 
болып шығуына мүмкіндік беретіндей болуы тиіс. Бірыңғай жазу жұмыстары, жалаң сөз
жаттауоқушыларды жалықтырады. Ал ойын технологиясын қазақ тілі сабақтарында қолдану 
тиімді әрі маңызы зор.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет