143
жасы тамған ағаш бұтақтары суалып қуара бастайды. Қос жүрек соғуын тоқтатқанда, байтерек те
өсуін доғарады.
Ел ішіндегі өсек сөз, өтірік өкпеге шыдамаған қыз егізін іздеп жолға шығады. Бармаған
жер, баспаған тауы қалмайды. Күлкісіз күндер, ұйқысыз түндер, арманмен айлар, жылаумен
жылдар өтеді.
Қатты шаршап, діңкесі қатқан әбден қурап, қабағы түсіп, шіруге айналған биік ағаштың
түбіне келіп қисаяды. Ұйықтап кеткен соң оны бір сүйкімді саз, сиқырлы әуен оятады. Құлақ
түріп, тың тыңдаса «ән салып» тұрған қасындағы биік ағаштан күмбірлеген үн естіледі. Қыз
күндіз егізін іздеп, түнде осы «әнші» ағаштың түбіне келіп, неше түрлі әуез естіп,
көңіл жұбатып,
тынығып жүреді.
Бір күні айналаға көз салмақ болған қыз ағаштың басына шығамын деп оны құлатып
алады. Бірақ көп ұзамай самал соғып, «әнші» ағаш қайта зарлай жөңеледі. Қыз оның құпиясын
білмек болып, тексереді. Ағаш жуан түбінен басына дейңн қуыс екен. Жіңішке басының екі
жағында бұтақтан бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Бұл қыздың екі баласынан қалған
жұрнақ еді. Батыс жағындағы ішек қатты тартылыпты. Егізінің өлімімен хабары жоқ қыз енді
ағаш неге ән салатынын түсінеді де,
өзі де қуыс ағаш жасап алып, манағы екі ішекті соған
тағады. Шертіп көрсе, керемет үн шығады, құлақ тыңдырады. Қыз байғұс бостау тартылған
ішектің үні мұңды шығатындықтан ұлы – Мұңлық, ал ащы, тым зарлы шығатындықтан қатты
тартылған ішекті қызым – Зарлық деп ат қойып, күндіз-түні қолынан тастамай күй шығарып, ел
кезіп, егізін іздеп кеткен екен.
Бүкіләлемдік тарихта және бүгінгі таңда әлеуметтік және
мәдени тұрғыдан әр халық
үшін өздерінің мәдени жетістіктерін түсінуі және игеруі мәдени дамыған елдер қатарында болу
үшін өзекті болды. Халық арасында ұлттық өзіндік сана-сезімді ояту, өз мәдениетін жоғарғы
деңгейдегі мінсіз адами норма ретінде меңгеру және ұғыну не себепті ерекше маңызға ие.
Ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени жетістіктерді түсіну және құрметпен қарау ұлттық өзіндік
сәйкестіктің оянуына, өзінің соған тиесілі болуына ықпал етеді, бұл, әсіресе, орта буын ұрпаққа
қажет.
Бүгінгі таңда ұлттық мәдени жетістіктерді сақтау және оларды кейінгі ұрпаққа қалдыру
мәселесі өзекті болып қала береді, бұл қисынды да және рухани ұлттық құндылықтар мен
онымен байланысты атрибуттарға негізделген қоғамдық сананы
жаңғырту процесінің пайда
болуын, біздің жағдайда, қазақ ұлттық аспабы - домбыраның шығу тегі мен сақталу үрдісін
жаңартупроцесін өзектілендіруді талап етті.
Достарыңызбен бөлісу: