Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет86/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   271
Әдебиеттер
1. Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары. 
Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы№ 374 
Бұйрыққа қосымша. 
2.Алексей 
Кузьмин. 
«Держи 
дистанцию! 
Онлайн-образование 
в 
Казахстане» 
https://bluescreen.kz/articles/derzhi-distanciju-onlajn-obrazovanie-v kazahstane/ 
Әбілдина П.А. 
№ 1 ҚББМО КММ, Абай қ. 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ТАПСЫРМАЛАР ДАЙЫНДАУ 
 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- 
Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп 
оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша ұлттық жоспарды қабылдау 
жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің 
қатарына кіруі барысында маңызды қадам болып табылады. Мұндай стратегиялық міндетті 
шешу жағдайында белсенділігі жоғары, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай 
алуға, кәсіби жолын таңдай алу қабілеттілігін, өмір бойы білім алуға дайын тұратын тұлғаның ең 
басты функциялық сапаларын қалыптастыру орта білім беру жүйесіне жүктеліп отыр. 
 
Функционалдық сауаттылығы дегеніміз
адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және 
экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман 
ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін 
жетілдіріп отыруы. Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан 
дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. 
Қоғамның дамуына байланысты сауаттылық ұғымының мәні тарихи тұрғыдан өзгергенін,тұлғаға 
қойылатын талаптарда оқу, жазу, санай білу қабілеттерінен гөрі белгілі бір қоғамда өмір сүруге 
қажетті біліммен біліктердің жиынтығын игеру, яғни функционалдық сауаттылыққа жету, 
қалыптастыру, меңгерту. Қазіргі әлемдегі, еліміздегі өрі салып отырған түрлі бағыттағы 
дамулардың әсерінен қоғамның адамға қоятын талаптарының өзгеруі нәтижесінде 
функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала бастады. 
Қазақ тілі пәнінің білім мазмұны құзіреттілік бағытына сай тілдің қоғамдық-әлеуметтік 
мәнін, практикалық маңызы, қатысымдық қызметін танытатын материалдар мен жұмыс 
жасайды; оқушының оны өздігінен әрекет ете отырып игеруіне қажетті оқу жағдаяттары мен 
өмір шындығына сай құрылған қатысымға жетелейтін жұмыс түрлері жүйелі ұйымдастырылады; 
қазақ тілін оқытудың түпкі нәтижесі оқушыға ақпараттық, қатысымдық және проблеманы шешу 
құзіреттіліктерін меңгертуге бағытталған, онда оқушылардың функционалдық сауаттылығын 
қалыптастыруға қол жеткізіледі. Өйткені білімнің оқушының өмірлік дағдысына айналуына 
бірден-бір мүмкіндік беретін жол функционалдық сауаттылық болып табылады. 
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – қазақ тілі сабақтарында оқушылардың 
өмірлік дағдыларын дамытудың басты шарты. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру –


178 
оқушының 
танымдық-қатысымдық қабілеттерін дамытуға деген ішкі мүдделілігімен 
әлеуметтік сұранымды үйлестірудің жолы. 
Білім берудегі сауаттылық мәселесі, біріншіден, нақты бір елдегі халықтың әлеуметтік 
жағдайына, екіншіден, мемлекеттің экономикалық дамуына, үшіншіден, елдегі мәдени ахуалға 
тәуелді болатындығы айқын. Бүгінгі өркениеттің даму деңгейі білімділік пен сауаттылық 
ұғымдарының мазмұны мен оны түсінудің сара жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр. Ғылыми 
еңбектерде сауаттылық ұғымының белгілі бір деңгейде ана тілінің грамматикалық нормаларына 
сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеру екені байқалады. 
«Сауатты оқу – бұл мақсатқа қол жеткізу, білім мен әлеуетті дамыту, қоғамға қатысу 
үшін жазбаша мәтінді түсіну, пайдалану, көрсету және жұмыс жасау» (PISA,2009). Оқу 
сауаттылығының 3 құрамдас бөлшегі бар. Олар: жағдай, мәтін, аспект. 
Мәтін, жағдаят және сұрақ–оқу сауаттылығын бағалаудың 3 негізгі өлшемі. Оқуға 
арналған материалдар әртүрлі форматта көрсетілген, атап айтқанда, көркем әдебиет және 
ғылыми танымал мәтіндер, ресми құжаттар, қоғамдық маңызды жағдайлар 
туралы 
мәлімет, 
кестелер, графиктер, диаграммалар мен карталар форматында. 
Мәтіндерінің шынайылығы (өмірдегі 
мысалдар) 
PISA тестерінің 
ерекшелігі 
болып табылады. Зерттеудің осы бағыты бойынша тест сұрақтары ретінде көркем мәтіндер 
қолданылады. 
Қазақ тілін оқытуда оқушылардың сауаттылығын қалыптастыра отырып, тіл үйрену 
белсенділігін арттыру үшін интернет-технологияны қазақ тілін оқыту әдістемесінің орнықты бір 
компонентіне айналдыру керек. Мұндай істің бүгін үшінде, болашақ үшінде маңызы зор. 
Интернет-технологияны енгізудің қаншалықты маңызды екендігін соңғы жылдары барлық білім 
алушыларда, білім берушілерде анық түсінді деп айтуға болады. 
Интернеттік коммуникацияның көптеген түрі қазіргі кезде еркін және үйреншікті түрде 
қолданысқа еніп кетті. 
Олар: электрондықпошта, чат, форум, веб-конференция т.б. Интерннеттен тікелей алынатын 
мәліметтер немесе интернет ресурстар-қазақ тілін түрлі бағытта, түрлі салаға үйрету үшін мол 
әрі құнды мәліметтер бере алады, соның негізінде заманға сай оқу материалдарын жүйелеуге 
бастау көзі ретінде сенімді тірек болады. 
Ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ)- күн өткен сайын адамдардың өзара 
қарым-қатынас жасайтын қажетті де қолжетімді құралына айналып келеді. Әлемдік Интернет- 
статистика орталығының 2008 жылғы желтоқсан айындағы мәліметінше, қазіргі кезде 1,5 млрд. 
адам, немесе Жер бетіндегі әрбір төртінші адам ақпараттық-коммуникациялық технологияны 
оқу, кәсіби, тұрмыстық, ғылым т.б.салаларда кең қолданып отыр. 
Интернет -технологияның қазіргі кездегі даму барысын қадағалай отырып, онда 
әлеуметтік сервистермен кызметтердің кеңтарап келе жатқанын көре аламыз. 
Олар: блог, уики, докаст, твиттер, ютюб, қыстырма (закладки) т.б. 
Оларды кең арналы жүйеде қолдануға қазақ тілін оқытудың кейс-стади, квест-сабақтар
электрондық-виртуалдық сабақтар, қашықтан оқыту т.б. сияқты заманауи жүйелерді қолдану 
әдістемелері арнайы зерттелуі керек 
«Тулардың да тарихы бар» 


179 
Әлемде жалғыз-ақ вексиллология (вексиллюм –ту деген латын сөзінен шыққан, вексиллология – 
ту туралы ғылым) институты бар. 1973 жылы Лондонда вексиллологтердің бесінші конгресі 
өткізіліп, оған 14 елден 57 делегат қатысты. Конгрестің төрағасы болып вексиллология 
институтының директоры американдық Уитни Смит сайланды. Смит конгресте өзі басқарған 
институттың нәтижелі жұмыс істеп жатқанын зоринтуиазм мен хабарлап, оған мысал ретінде 
Оңтүстік Американың Гайана мемлекеті институт жасаған ту суретінің жобасын қабылдағанын 
айтты. Мемлекеттік тулар мәселесіндегі қиындықтарды шешу үшін вексилологтер тәуелсіздік 
алған жаңа мемлекеттердің туларын жасау бір жерден басқарылғанын дұрыс деп есептейді. 
Мысалы, Индонезияның туы Монаконың және Польшаның туларына ұқсас болып кеткен. 
Конгреске қатысушылар «Барлық мемлекеттердің туларынан жаугершілік рухты білдіретін 
рәміздер алынып, бейбіт еңбек рәміздері бейнеленсін» деген үндеу жарияланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет