Міне, мұнда біз сөйлемнің бұйрық ретінде айтылғаны мен жалыныш ретінде
айтылғанын қалай айырып отырмыз? Қандай мүшесі бар, қандай мүшесі
жоқтығына қарап па? – жоқ, олай емес. Өйткені, екі түрлі
айтқанда да сөйлем
мүшелері өзгерген жоқ, екеуінде де мүше екеу –екеуден; оның бірі – бастауыш
(сен), екіншісі – баяндауыш (оқысайшы). Құрылысы жағынан мұның екеуі де
жалаң сөйлем. Оның үстіне екеуінің мүшелерінің құрылысы ғана емес, сөздері де
бірдей. Сөйте тұрып, осы сен оқысайшы деген бір сөйлемнің өзін екі түрлі
айтқанда екі түрлі мағына ұғамыз. Бұл екі түрлі мағына қалайша білініп тұр?
Сөйлемнің әнінен, үнінен (сазынан). Өйткені, сөйлемдегі
сөздердің мағынасы
түрленсе ғана дыбыс сазы (әні) түрленеді. Сөзде бос тұрған нәрсе жоқ, бәрі де бір
керекке жарап тұрады. Дыбыс сазы да сөздің бір керегін өтеп тұрады. Бұл арада
дыбыс сазының әр түрлі болуы мағынаның әр түрлі болғанын көрсетіп тұр.
Сөздің мағынасын түрлендіру үшін бірде оған басқа бір сөз әкеліп қосамыз.
Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: