біреу болып қоймай бұлардың арасында қайшылықтар болып отырады. Сондықтан,
грамматиканы тек мағына жүйесіне негіздесе де немесе тек форма жүйесіне
негіздесе де, тілдің табиғатын көрсете алмайтын сыңар езулік болады.
Грамматиканың қай жерінде болса да мағына, форманың екеуін де естен шығармай
отыру керек болатыны осыдан. Бұл, әрине, қиынырақ, бірақ осылай етпесе, дұрыс
шықпайды.
Мағынаны да, форманы да, екеуін де ескеру керек деген – әр категорияның
өзінің мағынасы мен формасын қабаттастырып, қатар алып отыру керек деген
емес. Бір категорияның өзін мағынасына қарай бір таптастырсақ,
одан кейін, әр
мағынаны формасына қарай тағы таптастырып алу немесе ретіне қарай, кейде
формасына қарай бір таптастырып алып, онан кейін әр форманы мағынасына қарай
тағы да бір таптастырып алу дұрыс. Тілдің табиғатына осы лайық.
Біз осылай етіп отырамыз. Біз мағынасына қарай,
әуелі айқындауыш
деп бір
бөліп алып, онан кейін сол айқындауышты формасына қарай тағы да тарау-тарауға
айырып отырамыз. Формасына қарай алынған тарау-тараудың әрқайсысын оның
ар жағында мағынасына қарай тағы да жік-жікке айырып отырмыз. Сөйтіп, біздің
таптарымыз тілдің баспалдақтап өсетіндігіне лайық түрде сатылы таптастыру
болып отыр. Бұрын бұлардың қай-қайсысын да бір қабат өлшей салған үстірт
таптастырулар ғана болушы еді.
Тілдің өсуі ала-құла келеді. Бір жағы ілгері, бір жағы кейін жатады да, сөздің
мағынасы мен формасының арасы да үздік-созық келеді. Сондықтан, жалғыз
мағынаға ие жалғыз ғана формаға сүйенген өлшеу, тіпті форма мен мағынаның
екеуін қабаттастырып өлшеушілік – мұның қай-қайсысы да тілді өлшеуге жарамай
жүреді. Тіл қай жерде ондай өлшеуге сыймай қалушы еді де, қай жерде толмай
қалушы еді. Осы кемшілікті қайталамау үшін, біз баспалдақтап таптастыру әдісін
мақұл таптық.
Олай
болғанда, айқындауыш мүшелердің бәріне ортақ қасиеті барлығына
қарап, бұларды бір топқа иіріп, бір сөзбен атау керек болғанда, бұрынғы тұрлаусыз
мүшелер деп, бір сөзбен атағанның өзі жетпейтін бе еді? Неліктен оған жаңа
термин шығарып, айқындауыш деп атау керек болды?
Достарыңызбен бөлісу: