І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет157/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)

көк 
дегенге 
қара
деген сөзді қоссақ, қандай көк екені анықталып, 
жасыл, 
көк
не басқа 
көк
емес, 
қара көк
екені байқалады. 
Бірде басқа бір түгел сөз болмай-ақ, қосалқы қосып шым көк дейміз. Мұнда 
көк
дегеннің қанық түс екені ашылады. 
Бірде қосымша жалғап
көгіс,
көгілдір
сияқты түрге енгіземіз. Мұнда да 
түстің көкке бейім екені аңғарылады. 
Енді бірде сөз мағынасын тyрлендіру үшін жаңа сөз де, қосалқы да, қосымша 
да қоспай, сөздің тек әнін (сазын) құбылтамыз.
– 
Менің кітабымның түсі көк.
– 
Көк? Қой, қайдан көк болсын, қара шығар.
Міне, мұндағы екі сөйлемде де 
көк
деген сөз бар. Бірақ алдыңғы сөйлемдегі 
көк 
пен соңғысының басындағы 
көктің
айтылуында айырма бар. Үйткені алдыңғы 
сөйлемдегі 
көк
мойындай айтылған, соңғы сөйлемдегі бірінші 
көк
сұрай, 
күмәндана айтылған. Сондықтан екеуінің әні екі түрлі болып тұр. Сұрау 
мағынасын білдіру үшін кейде, осылай, сөзді сұрауға арналған әнмен айтамыз да 
қоямыз, кейде, оның үстіне, кімде? не? қай? сияқты сұрау қосалқылардың бірін 
артынан қосамыз. Мысалы, 
Қай бала?
Оқушы бала.
Оқушы бала ма? Я, оқушы 
бала. Әнші бала ше?
Ол бала кетіп қалыпты
. Сұрай сөйленген сөздердің
сөйлемдердің өзіне тән арнаулы әні болады. Сұрау екендігін осы әнінен білеміз.
Осы сияқты, бір сөздің өзін қандай көңілмен айтуымызға қарай, әр түрлі 
сазбен айта аламыз. Бұйырғанды, жалынғанды, опынғанды, мақтанғанды, 
зекіргенді т.т. осындайларды бәрін көбіне сөздің сазымен (әнімен) білдіреміз. 
Дыбыс сазы болмаса, сөздер көп нәрсені білдіре алмай қалар еді.
Сөйлеу деген – біреудің екінші біреуге хабар беруі. Сөйлеушінің 
тыңдаушыға беретін хабары өзіне әр түрлі әсер ететін болады. Өзінің бір жақын не 
дос адамының өлгенін хабарлап тұрса, бұл хабар сөйлеушінің өзіне қайғы 
туғызады. Өзінің бір жолдасының бір ірі табысын сөз қылып тұрса, бұл хабар 
сөйлеушінің өзіне қуаныш, шаттық енгізеді. Қолынан келетұғын бір істі кезінде 
істемей, енді істеуге мезгілі өтіп кеткенін білдіріп тұрған болса, сөйлеушінің осы 
хабарының өзі өзіне опық туғызады т.т. Сөйлеуші бірдеменің жайын хабарлай 
тұрып, сонымен бірге, сол хабары өз басына қандай әсер ететінін де – 
қайғыратынын, қуанатынын, опындыратынын т.т. да, көбінесе қоса білдіреді. 
Өйткені сөйлеуші тас емес, тірі адам, сезімі бар, жүрегі бар адам. Сондықтан оған 


дүниедегі болып жатқан әр түрлі құбылыстар әр түрлі әсер етпей қоймайды. Біріне 
қуанады, біріне салқын қанмен қарайды. Рас, кейде сөйлеуші өзіне хабарының 
қалай әсер ететінін тыңдаушыға білдірмей, жасыруы немесе теріс білдіруі де, 
қуанбай тұрып, қуанған адамша сөйлеуі, күлкісі келіп тұрып, жылап сөйлеуі не 
жылағысы келіп тұрып-ақ, күліп сөйлеуі мүмкін т.т. 
Осының бәрінен де сөйлеушінің өз хабары өзіне қандай әсер еткенін 
білдіретін немесе қандай әсер қылып көрсететін амалы – сөздің әні, дауыс сазы. Ол 
өзінің қуанғанын да, күйінгенін де, опынғанын да... немесе бұл хабары өзіне түк 
әсер етпегенін де – осының бәрін де (шын болсын мейлі, жалған болсын мейлі) 
білдіргісі келсе немесе білдірмеске лажы болмаса, тек дауысын құбылтып, сөзінің 
әнін, сазын түрлендіріп қана білдіре алады. Мұндай әсерлердің қайсыбіреулерін 
қосалқы қосымша, одағай сөзбен де білдіреді. Сонда да ең мықты амалы дауыс 
сазы болады. Сөйтіп, адамның көңілінің түрлі күйіне сөздің түрлі әні сәйкес 
келеді. Сондықтан сөздің әнінің арқасында хабардың өзін ғана емес, сөйлеушінің 
көңіліне сол хабардың қалай немесе қалай тиген қылып көрсеткісі келетінін 
білеміз.
Адамның көңілінің қобалжуының түрі көп, тіпті ұшы-қиыры жоқ десек те 
болады. Бұларды білдіруге арналған амалдың – дауыс сазының да түрі көп. Мұның 
бәрін бұл арада тізіп жатудың керегі де шамалы, бұл жерде оған әліміз де келмейді. 
Сондықтан бұларды топтастырып қана көрсетпекпіз.
Cөздің дауыс сазын негізінде үш ірі топқа айыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет