І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp



Pdf көрінісі
бет173/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)

жалғау
, бір 
түрін 
үстеу
деп атадық. 
Екі термин бір категорияның екі тармағы болғандықтан, екеуінің егіздігін 
көрсету үшін, екеуінің грамматика, морфология жағынан формалануы да бір түсті 
болғаны өте қолайлы көрінді. Жалға деген түбірге -у қосымшасын қосып, тұйық 
есімше түріне айналдырып, 
жалғау
деп алғаннан кейін, бұл егіздің екінші 
сыңарына қойылған атты да осы түрде үсте деген түбірге -у қосымшасын қосып, 
тұйық есімше қалыбына салып, 
үстеу
деп атау лайықтырақ көрінді. 
Бұл терминді 
үстеу 
деп атаудың тағы да бір қолайлы жері бар. Бұрынғы бірде 
демеу
, бірде 
жалғаулық
, бірде 
үстеу
деп, жігін аша алмай, бірде олай, бірде бұлай 
аталып жүрген бірқатар сөз мүшелерін байқап қарасақ, бұлардың бәрі де өз бетімен 
жұмсалуға жарамайтын, тек түбір сөзге қосақталып қана жүре алатын, осылай 
қосақталғанда ғана белгілі мағына алып, пайдаға асатын сөздер екен. Бұларды 
бұрынғыша 
қосалқы
деп атадық. 


Сөз мүшелерін жалпы алып таптастырғанда, екі түрлі мүше болады. Оның 
бірін – дара өзі тұрып та белгілі мағына бере алатын; басқа, өздігінен пайдаға 
аспайтын мүшелерді ертіп алып та мағыналы бола алатын, сөйлем ішінде 
сөйлемнің белгілі бір мүшесі бола алатын сөз мүшелерін 
түп мүше
немесе 
қысқартып, 
түбір
деп атадық. 
Бұл термин де бұрынғы өз орнында. 
Екінші түрлі сөз мүшелері, түбіршілеп, өздігінен пайдаға аса алмайды екен; 
тек түбірге жамалып, жалғанып қана, түбірдің шылауында тұрып қана белгілі 
мағына шығара алады екен. Бұлардың осы қасиетіне қарай, 
жамау мүше
немесе 
шылау мүше
деп атадық. Шылау деген термин де біз жасаған емес, бұрыннан бар-
ды. 
Бұл шылау мүшелерінің өзі құрылысына қарай екі ірі жікке айырылады.
Оның бірі – өздігін сонша жоғалтқан, түбірдің маңынан аулақ кете алмай, 
түбірге қабысып қана тұра алады. Оның үстіне, түбірдің соңғы буынындағы 
дыбыстардың ықпалына қарай, дыбыс құрылысы өзгеріп, бірде жуан, бірде 
жіңішке болып, бірде үнді, бірде үнсіз болып өзгеріп отырады екен. Бұлардың 
көбісінде жуандық–жіңішкелік, үнді-үнсіздік жағынан тұрақтылық жоқ. Түбірдің 
ауанымен бірде жуандап, бірде жіңішкеріп, бірде үнденіп, бірде үнсізденіп 
отырады екен. Осы қасиеттерінің себебінен бұлар түбірге өте тығыз байланысқан 
шылаулар болады екен. Міне, осы шылауларды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет