І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp


есімдер. Әрине, бұларды да өз үйіріне қосу керек болды.  Сонымен,  үстеу



Pdf көрінісі
бет169/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)

есімдер.
Әрине, бұларды да өз үйіріне қосу керек болды. 
Сонымен, 
үстеу
қатарынан бұлар да шығып, өзінің дағдылы қалыбынша, бірде 
көсемше
, бірде 
есім
болып жөніне кетті.
Сөйтіп, А. Байтұрсыновтың 
үстеу
деп атаған категориясында қалып қойған 
сөздер 
«мана», «әлгі», «енді», «кешкі»
сияқтылар ғана болды. 
«Әрі», «бері», 
«жоғары», «ілгері», «кейін»
сияқты сөздер де осы қатарға қосылады. 
Қане, бұл сөздерді қалай деп атау лайық? Біздіңше 
үстеу
деп атаудың түк 
мәнісі жоқ сияқты. А.Байтұрсыновтың 
үстеу
деп атағаны – орыстың 
наречие
дегенін (қазақшалағанда, сөздің үсті деген сөз) тікелей аударылып алған ғана 
болады. Орыстар да бұл терминді жасағанда мұнымен атаған категориясының 
сырына түсінгендіктен емес, Байтұрсыновтарша, бұрынғы латын, грек 
грамматиктерінің терминдерін сол күйінде аудара салған болатын. Орыстың 
наречие
дегені – латынның (адвербиум), гректің (епиррема) дегендерінің тура 
аудармасы болатын. Бірақ, ол ескі грек, латын грамматиктері қаншама ерте 
заманда болып, қаншама аңқау да болса, бұл терминді тауып қойған деуге болады. 


Өйткені, латында етістікті
вербиум
, гректе 
рема
дейді. Бұл 
вербиум, рема
деген 
сөздердің өзі, жай қолдануда 
сөз, сөйлеу
деген мағынада болады. 
Адвербиум, 
епррема
деген сөз таптары етістікке байланысты ғана сөздер болғандықтан
оларды етістікке тән сөздер деп атаған. 
Адвербиум, епиррема
етістіктің 
жанындағы деген сөз. Орыстар да соларға еліктеп, алғашқы әзірде етістікті 
речь
(перь) деп атаған. Ал, мына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет