жұрнақ деген терминнің орны
қолайлы. Сондықтан,
жұрнақ деген терминді тастап, оны
үстеу деп атадық.
Ал,
жұрнақтың не жазығы бар?
Үстеу босап қалса, босап қалсын. Оны
солай, бос тастап-ақ, бұрынғы
жұрнақ деген терминімізді өзгертпей, сол бойымен
қолданып жүре беруге болмайтын ба еді?
– Болмайтын болды. Әуелі-ақ,
жұрнақ деген терминнің өзі түсініксіз болды.
Екінші, түсінгеннің өзінде де,
жұрнақ деген сөздің мағынасы бұл атап отырған
категорияға жоламайтын болды.
Жұрнақ деген – қазақ тілінде ескіден қалған, ескі
уақыттағы түгел бір нәрсенің бір сарқыншағы, қалдығы деген мағынада. Ал, мұның
жаңа грамматикада
үстеу деп аталып отырған қосымшаларға қандай жуықтығы
бар? Ешбір жуықтығы жоқ. Мүмкін, бұл атты қойғанда, А. Байтұрсынов басқа бір
нәрсе ойлаған болар.
Жұрнақтар бұрынғы кезде түбір сөздер болған. Ол түбір
сөздер басқа түбір сөздердің шылауында жүре-жүре тозып, мүжіліп, бұрынғы
кейпінен айырылған. Сондықтан, ол бұрынғы түбір мағынасында, түбір орнында
қолданылудан қалып, тек түбірлі сөзге қосымша болып қосылып қана жүретін
болған. Сондықтан,
жұрнақ дегенді бұрынғы түбір сөздердің қалдығы, жұрнағы
деген ұғымда осындай тарихи ұғымда алып, қосымшаның белгілі бір түрін атаған
болар. Бұған, әуелі-ақ, біздің күмәніміз бар. Үйткені «Тіл құрал» шыққан әзірде
қазақ тілінің қосымшалары тексеріліп, олардың бұрынғы түбір төркіні табылған
жоқ еді. Сондықтан, ол кезде жұрнақтардың түбірдің жұрнағы екендігін А.
Байтұрсынов біле қойды деуге аузымыз бармайды.
Тіпті біле қойғанда да, осы негізге сүйеніп қосымшаның бір тарауының атын