адвербиум, епиррема
деген сөздерді
наречие
–
«етістікті жамылған», «етіктіктің үстіндегі» деп атаған. Орыстың осы күнгі
глагол
деген терминнің өзі де ескі Славян тілінде «сөз» деген сөз. Сөйтіп, орыстар да,
латын, грек грамматиктері де терминді адасып қоймаған, біліп қойған. Бірақ,
олардың терминін қазақ тіліне аударғанда түбірін аудармай, тек жалғауын
аударып, не (на) деген предлогін ғана аударып, үстеу дей салуды тауып қойған ат
деуге болмайды. Әр категорияны атайтын термин сол категорияның өзін бірқатар
түсіндіріп тұра алғандай болу керек. Мұндағы
үстеу
еншісіне тиген категория
етістікпен аталатын істің не мезгілін, не мекенін көрсететін сөздер. Сондықтан, бұл
мағынаны үстеу деген термин бере алмайтын болды. «Әр нәрсені өз атымен атау
керек» дейтін орыс халқының жақсы мақалы бар. Біз де бұл категорияны өз атымен
атағымыз келіп, келіндерше «көз жақсым», «төре жігіт» деп атты бұрып қойған А.
Байтұрсыновтың әдісін тастап, бұларды
мезгіл-мекен есім
деп атадық. Өйткені,
бұл сөздер әуелі-ақ қосалқы емес, қосымша емес,
түбір
сөздер
. Түбір сөздер екі-ақ
түрде: не
есім,
не
етістік
қана бола алады. Ал, бұл сөздер
етістік
емес,
есім
сөздер.
Есім
болса, ол не
заттың есімі
, не
сыпаттың есімі
, не санның есімі – әйтеуір
осындай бір белгілі заттың, не
құбылыстың есімі
болмақ.
Қане, бұлар ненің
есімі?
Бұлардың
«мана», «кеше», «ертең»
сияқтылары мезгілдің есімі, жоғары,
ілгері сияқтылар
мекеннің (орынның) есімі.
Сондықтан, бұларды жасырмай, өз
атымен атап,
мезгіл-мекен есім
деу дұрыс болады. Осылай атадық.
Сонымен,
үстеу
дегеннің еншісіне тиетін еш нәрсе қалмады. Бұл термин
босап қалды. Енді мұны қосалқы бір орында жұмсау керек болды. Бұған қандай
орын қолайлы еді? Біздіңше бұған бұрынғы
Достарыңызбен бөлісу: |