. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
58
жерүстілік ең ұзын саналатын, жалпы аралығы 7591 шақырымды құрайтын бұл шекара сызы-
қтары белгіленіп және мойындалып, екі мемлекет арасындағы мызғымас достықтың сенімді
кепілі ретінде бағаланды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қытаймен арадағы шекараны заңдастыруға кірісті.
Өзара түсіністік пен мүдделілік бұрын-соңды болмаған табысқа қол жеткізді. 1994 жылдың
сәуір айында Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаев пен ҚХР премьер-министрі Ли Пэн екі ел
арасындағы шекара сызығын заңдастырып, белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімшартқа
қол қойды. Жалпы ұзындығы 1718 шақырымға созылып жатқан желінің екі шағын учаскесінен
(бұрынғы Талдықорған және Семей облыстарындағы) басқасы түгел заң жолымен бекітілді.
Келесі кезектегі мәселелерді шешу үшін делимитациялық комиссия құрылды. Жоғары дәре-
желі кездесу кезінде шекара мәселелерін толық реттеуге қатысты келіссөздерді одан әрі жалға-
стыру жөнінде уағдаластыққа қол жетті. Бұл бағытта 1996-1998 жылдары үш арнайы келісім
болды. Соның нәтижесінде 1999 ж. қарашада Цзянь-Цземинь мен Н.Ә. Назарбаев шекаралық
мәселелердің толық үйлестірілуі туралы арнайы коммюникеге қол қойылды. Сөйтіп, Қытай-
мен шекараны межелеу негізінен аяқталды.
Сонымен қатар Қазақстан бұл жылдары өзінің жақын көршілері – Қырғызстанмен,
Өзбекстанмен және Түрікменстанмен арадағы шекара мәселелерін іс жүзінде түпкілікті ретте-
уге қол жеткізді. Шекара мәселесін Азия елдерінде тұрақты шешуде Шанхай ынтымақтастық
ұйымы (ШЫҰ) маңызды рөл атқарды. 1996 жылғы сәуірде Шанхайдағы кездесу кезінде Ресей,
Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан басшылары шекараларды бұзбау, олардың арасын-
дағы бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу келісіміне қол қойылды.
Кейін бұл келісімге Өзбекстан қосылды.
Сонымен, қорыта келгенде, ҚР президентінің тұжырымынша: «Тұңғыш рет тарихта
біздің мемлекет халықаралық дәрежеде танылған нақты шекарасын белгіледі. 14 мың шақы-
рым мемлекеттік шекара межеленді. Қазақстан Каспий теңізінің айдынындағы ахуалды сенімді
бақылауда ұстайды. Болашақта кез келген аумақтық даулардың туындау қаупі қазір сейілген.
Біз ұрпақтарымызға көршілермен даулы аумақтар қалдырған жоқпыз. Біз адамның, қоғам мен
мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті, заманауи, қорғанысқа қабілетті әскерді,
пәрменді құқық қорғау жүйесін құрдық. Біздің шекарамыз, саяси жүйеміз, экономикалық
үлгіміз ел ішінде де, одан сыртқары жерде де ендігі жерде елеулі келіспеушіліктер мен талас-
тартыстардың өзегіне айналмайды»
63
.
Достарыңызбен бөлісу: