Бақылау сұрақтары:
1. Қайта құру жылдарындағы ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтардың саяси астары.
2. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын талдап көрсетіңіз.
3. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі құрбандарын анықтап, олардың қазақи патрио-
тизмге қосқан үлесінің мәнін ашыңыз.
17
Спанова Р. Біз білетін желтоқсан. – Алматы: Жалын, 2000. – 29-30 б.
18
Оңғарбаев С. Кеңестік заңның қуғынын көрген // Егемен Қазақстан. – 1999. – 16 желтоқсан.
. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
23
§ 3. Ауған соғысының тарихы (1979-1989 ж.)
1978 ж. Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа
айналды. Ауған соғысы тек өз ішінде ғана емес, оған сырт елдердің қатысуымен де ұзаққа
созылды. Ел ішіндегі шиеленіскен жағдайлар 1979 жылдың наурыз айынан бастап ауғандық
жетекшілерге Кеңес Одағының әскерін Ауғанстанға енгізу өтініштерін айтуға мәжбүрледі.
Мұндай халықаралық саяси салмағы бар мәселені кеңестік басшылар ауыр қабылдағанымен,
Мәскеу 1979 жылы желтоқсан айының басында Ауғанстанға әскер енгізуді қажет деп тапты
19
.
Соңғы саяси шешім 1979 ж. 12 желтоқсанда түс ауа шағын ғана кеңес басшыларының тобымен
шешілді. Бұл топта: Брежнев, Суслов, Андропов, Устинов және Громыко болды. Осылайша,
жағдай КОКП ОК саяси бюросының толық мүшелерінсіз-ақ шешілді
20
.
Aндропов Юрий Влaдимирович (15.06.1914-09.02.1984 ж.)
1979 жылы 16 желтоқсанда КСРО Бас Штабының нұсқауымен Түркістан әскери окру-
гінде (қолбасшылық бекеті Ташкентте орналасқан) 40-ыншы армия жасақталды. Он жылға
созылған Ауған соғысы барысында 40-ыншы армияға жеті адам қолбасшылық етті. Олар гене-
рал-лейтенант атағы бар Ю. Тухаринов, Б. Ткач, В. Ермаков, Генералов, И. Радионов, В. Дубы-
нин және Б. Громов еді. 40-ыншы армияны Ю. Тухаринов Ауғанстанға бастап кірсе, ал Б. Гро-
мов соғысты аяқтап, 40-ыншы армияны Ауғанстаннан алып шықты.
Ю. Андропов шешімімен Ауғанстан басшылығына 1979 ж. Бабрак Кармаль отырғы-
зылды. Андропов бастамасымен бірқатар ойшылдар, ғалымдар, қоғам және мәдениет қайрат-
керлері елден қуылды. Солардың бірі академик А.Д. Сахаров 1980 ж. Горкий қаласына жер
аударылды. 1982 ж. Л. Брежнев қайтыс болғаннан кейін КСРО-ны басқарды. Билікке келген Ю.
Андропов елдегі жағдайды реформалық жолмен емес, әкімшілік-бюрократтық жолмен В
Л
ади-
М
ирови
Ч
шешуге сыбана кірісті. Еңбек тәртібін қатайтып, (15.06.1914-09.02.1984 ж.) үлкен
дүкендер мен кинотеатрларға және т.б. халық баратын орындарға торуыл қойды, адамдардан
жауап алып, жұмыстан бірер минут кешіккендерді қатаң жазалады. Бірақ билік басында бары-
жоғы 15 ай ғана отырған Ю. Андропов ешбір өзгеріс жасап үлгермеді.
19
Сайлан Б.С. Ауған соғысының ақиқаты (1979-1989 ж.). – Алматы: Қазақпарат, 2001. – 188-б.
20
Корниенко В.М. Как принимались решения о вводе советских войск в Афганистан и их выводе // Новая и новейшая
история. – 1993. – № 3. – С. 10.
. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
24
Устинов Дмитрий Федорович (30.10.1908-20.12.1984 ж.)
Устинов Дмитрий Федорович – КСРО-ның эскери қайраткері, Кеңес Одағының Мар-
шалы (1976), Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері (1942, 1961), Сталиндік сыйлықтың иегері
(1953). 1952 жылдан КОКП ОК-нің, 1976 жылдан Саясибюро мүшесі. 1976-1984 жылдары
КСРО Қорғаныс министрі.
Ауғанстанға Түркістан әскери округін кіргізу жұмысын басқарды. Оған қарсылық таны-
тқан әскери мамандар КСРО ҚМ Бас штаб бастығы Н.В. Огарков пен оның бірінші орынбасары
С.Ф. Ахромеевтің сөзіне құлақ аспаған. 1979 жылы 24 желтоқсанда Ауғанстанға кеңес әскер-
лерінің шектеулі контингентін кіргізу құжатына КСРО атынан қол қойған Қорғаныс министрі.
Суслов Михаил Андреевич (21.11.1902-25.01.1982 ж.)
Суслов Михаил Андреевич КСРО ОК аппаратына 1946 ж. келген. И. Сталин серікте-
стерінің бірі.
1947 жылдан КОКП ОК-нің үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі, 1949-1950 ж.
«Правда» газетінің бас редакторы қызметін қоса атқарған. 1952 ж.
КОКП ОК-нің, 1966 ж. КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі. КОКП-ның саяси және
идеологиялық жұмысына басшылық жасап, Н. Хрущев пен Л. Брежнев билігі кезінде ең
ықпалды қайраткерге айналған. КСРО-ның «көкжалы» балама атын иеленген. 1979 жылы жел-
тоқсанда Ауғанстанға кеңес әскерін кіргізуге шешім қабылдаған шағын топтағы бестіктің бірі.
. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
25
Громыко Андрей Андреевич (18.07.1909 – 02.07.1989 ж.)
1939 жылдан КСРО-ның дипломатиялық жұмысында Громыко Андрей Андреевич
(18.07.190902.07.1989) болды. 1957-1985 жылдары КСРО Сыртқы істер министрі. 1983 жыл-
дан КСРО Министрлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, 19851988 жылдары КСРО
Жоғары кеңесі президиумының төрағасы. КСРО-ның сыртқы саясатын басқаруда майталман
атанған қайраткер. 1970-1980 жылдары Батыс саясатшылары А. Громыконы КСРО-ның № 1
дипломаты санатына жатқызды. Ауғанстанға кеңес әскерін кіргізумен айналысқан және шешім
қабылдаған шағын топтың мүшесі.
24 желтоқсан күні КСРО қорғаныс министрі Д.Ф. Устинов пен Бас штаб бастығы Н.В.
Огарков қол қойған бірінші жазбаша құжат пайда болды. Бұл құжатта: «Ауғанстан үкі-
метінің соңғы өтініші дұрыс деп танылды. АДР-ғаинтернационалдық көмек көрсету мақса-
тында Кеңес әскерлерінің кейбір бөлімдерін кіргізу шешімі қабылданды», – деп қысқаша
түсініктеме берілді
21
.
25 желтоқсан күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 15.00-де КСРО Қорғаныс министрінің
берген бұйрығымен Ауғанстанға кеңес әскерлерін кіргізу басталды. Осылайша, белгіленген
уақытта 40-ыншы армия сапындағы кеңес әскері Ауғанстанмен арадағы мемлекеттік шекараны
әуеде де, жерде де кесіп өтті
22
.
1979 жылдың күз айында елдегі екінші адам саналатын Х. Амин коммунистік көзқарас-
тағы Ауғанстан басшысы Н. Таракидің көзін жойып, билікті өз қолына алған еді. Ал Мәскеу
Х. Аминді қызметінен шеттетіп, оның орнына бұл уақытта Чехословакиядан жасырын түрде
келіп, Мәскеуде жер аударылушы құқында өмір сүріп жатқан «Парчам» фракциясының жетек-
шісі Б. Кармальды орнықтыруды жөн деп тапқан болатын
23
.
Сондықтан да Кеңес әскерлерінің ең алғашқы соғыс қимылы 1979 ж. 27 желтоқсанда Х.
Аминнің көзін жоятын жауынгерлік операциядан басталды. Х. Аминнің резиденциясы орна-
ласқан Тәжі-Бек сарайын алу операциясы кешкі 19 сағат 30 минутта «Дауыл-333» белгісі
бойынша басталды. Сарайды басып алу операциясына МҚК-нің полковнигі Г.И. Бояринов
жетекшілік етті. Оған 50 адамнан тұратын МҚК-нің офицерлер тобы, капитан В.А. Востротин
бастаған 9-рота десантшылары, 345-жеке жаяу десантшылар полкінің бір взводы және бұрын-
нан дайындықта жүрген майор Х.Т. Халбаевтың айрықша мақсаттағы мұсылмандық бата-
льоны қарады. Бұлардың бәрі ауғандық әскери формада киінді. Жауынгерлік қимыл қараңғы
кезде басталғандықтан кеңестік жауынгерлердің қолына ақ шүберек байланды, ал бас киім-
деріне ақ лента жапсырылды. Мұның бәрі Х. Аминнің қарауылдарымен шатасып қалмау үшін
21
Ляховский А. Трагедия и доблесть Афгана. – М.: Искона, 1995. – 134 с.
22
Сайлан Б.С. Ауғанстан: сәуір төңкерісі бастаған соғыс // Егемен Қазақстан. – 2009. – 28 қаңтар.
23
Крючков В.А. Личное дело. – М., 1996. – 196 с.
. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
26
жасалған белгі еді. Сарайды басып алу соғысы 30-40 минутқа созылып, арнайы топ Х. Амин
орналасқан бөлмеге де басып кірді. Атыс барысы кезінде асыға күткен кеңес әскерлері Х.
Аминнің көзін жойды. Шабуыл кезінде кеңестік жауынгерлерден 11 адам шейіт болып, 38 адам
әр түрлі жарақат алды. Осы күні Кеңес Одағы басшылары атынан Ю.В. Андропов байланысқа
шығып Б. Кармальды билік тағына отыруымен құттықтады. Ауғанстан халқына Б. Кармальдың
үнтаспаға жазылған үндеуін Кабул радиостанциясы жариялады
24
.
Ауған соғысы шартты түрде төрт кезеңге бөлінді.
1-кезең: 1979 жылғы желтоқсан – 1980 жылғы ақпан аралығы. Кеңес әскерлерін Ауған-
станға енгізу мен орналастыру шаралары жүзеге асырылды.
2-кезең: 1980 жылғы наурыз – 1985 жылғы сәуір аралығы. Белсенді соғыс қимылдарына
көшу, АДР-дың ҚК нығайту жұмыстары жүргізілді.
3-кезең: 1985 жылғы мамыр – 1986 жылғы желтоқсан аралығы. Белсенді соғыс қимылда-
рынан Ауған әскерлеріне көмек көрсетіліп, АДР-дың ҚК жәрдем берілді. Алты кеңестік полк
Отанына кері қайтарылды.
4-кезең: 1987 жылғы қаңтар – 1989 жылғы ақпан аралығы. Ауғанстан басшыларының
ұлттық татуласу саясатына көмектесу және кеңес әскерлерінің Отанға оралуына дайындық
жұмыстары іске асты
25
.
Кеңес әскерінің Aуғaнстaнғa енуі
Кеңестік кезеңде Батыр атағы берілмегенімен, Ауған соғысындағы ерлік істерімен есімі
ерекше аталатын батырдың бірі – Бақытжан Ертаев.
Бaқытжaн Ертaев
24
Сайлан Б.С. Кабул қалай алынды? // Қазақ тарихы. – 2000. – № 3. – 64-б.
25
Сайлан Б.С. Ауғанстан ақиқаты // Қазақ тарихы. – 1997. – № 5. – 50-б.
. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
27
Ол 1952 ж. Жамбыл облысы Жуалы ауданының Ертай ауылында (бұрынғы Кеңес) ауы-
лында туған. Ол – Ауған соғысы басталысымен алғашқы аттанғандардың бірі.
Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтын 1973 ж. бітірген. 1980-1981 жыл-
дары Ауған соғысына қатысып, білікті командир ретінде танымал болды. Қиын да қилы шай-
қастарға жұмсалып, ажалмен арпалысты. ҚР Қарулы күштерінің құрылуы мен дамуына мол
үлес қосты. Мотоатқыштар дивизиясы командирінің орынбасары (1992), 1-армиялық корпу-
стың командирі (1996-1997), ҚР ҚК Бас штаб басқармасының бастығы, Қорғаныс министрінің
бірінші орынбасары (1997), Шығыс аймақтық әскери округінің қолбасшысы (2000-2002), ҚР
ҚК әскери академиясының бастығы (2002), ҚР ҚМ әскери инспекциясының генерал-инспек-
торы (2007), ҚР ҚМ штабтар комитеті төрағасының орынбасары (2008), ҚР ҚМ Бас инспек-
циясының бастығы (2010), ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, Қорғаныс және қауіпсіздік,
халықаралық істер комитетінің мүшесі (2012), Генерал-лейтенант Б. Ертаев ҚР ардагерлер
қауымдастығының төрағасы, Халық Қаһарманы.
Ауған соғысында Б. Ертаев өзін тек әскери адам ретінде ғана емес, ұшқыр саясаткер,
білгір дипломат ретінде көрсете білді. Кеңес әскерлері алғаш рет Асадабадқа кіргенде мешітті
қиратып кеткен-ді. Сол мешітті қайтадан жөндеп берген де осы – Б. Ертаев. Ауғанстанда Б.
Ертаевты үлкен де, кіші де айрықша құрметтейді. Осындай мақтауға тұратын қазақ қолбасшы-
сын қазақ жауынгерлері де шын мақтаныш етіп, өздеріне әрі қорған, әрі пана тұтты. Б. Ертаев
үшін Ауған соғысында сан түрлі шайқастарға қатысуға, қарамағындағы әскерлерді сын сағат-
тарда құтқаруға тура келді. Батылдық танытқан қазақ командирін Ауған соғысында ең қиын
нүктелерге жұмсады
26
. Ауған соғысының қиын да қилы шайқастарына жұмсалып, соғыстың
ащы азабы арасында өжеттілік танытқан аға лейтенант, батальон командирі Б. Ертаевқа Кеңес
Одағының Батыры атағы берілмеді. Тек тәуелсіздік тұсында ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың
2008 ж. 15 желтоқсандағы жарлығымен генерал-лейтенант Б. Ертаевқа «Халық Қаһарманы»
атағы берілді. Есіл ердің еңбегі ескерусіз қалмады
27
.
Майданов Қайыргелді Сайынұлы (07.02. 1956-29.01.2000 ж.)
Ауған соғысында әскери тактиканың хас шебері атанып, ерлік танытқан қазақстанды-
қтар аз болған жоқ. Осы ерлердің арасында Ауған соғысында алтын жұлдыз таққан жалғыз
алаш перзенті, Кеңес Одағының Батыры Майданов Қайыргелді Сайынұлы 1956 ж. 7 ақпанда
Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы, Тасқұдық елді мекенінде туды. Ауған жерінде Қай-
26
Смағұл Б., Мырзахан А. Намыстың құлы, Алаштың ұлы. – Алматы, 2008. – 23-б.
27
Самрат Ж. Қажырлы қызметтері құрметтелді // Егемен Қазақстан. – 2008. – 16 желтоқсан.
. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
28
ыргелді ұшу техникасын да, борт жабдықтарын да бес саусақтай меңгерген тікұшақтың хас
шебері атанды. Ұшқыштардың алдына қойылған маңызды міндеттердің бірі Ауғанстанға соғыс
қаруын таситын керуендердің жолын кесу еді. Ал керуендер, көбінесе, америкалық және ағыл-
шындық ракеталарды таситын. Бұлар тікұшақтар мен ұшақтарды атып түсіруге ыңғайлы қару-
лар еді. «Блок-пайн» және «Стингер» тікұшақтарының аты сол кездерде үлкен үрей туғызғаны
да шындық. Сондықтан да тікұшақ басқарған ұшқыштар қару тасыған кез келген керуенді
жоюға батыл кірісті
28
.
1976-1980 жылдары Саратовтағы Жоғары әскери ұшқыштар училищесінде оқыды. 1980
жылы училищені ойдағыдай аяқтаған жас ұшқыш Одесса, Венгрия, Забайкалье жерлерінде
әскери қызметтен өтті. Бірер жылдан кейін ұшу тәжірибесі қатая бастаған шақта Түркістан
әскери округіне жіберіліп, «Ми-24» тікұшағының тізгінін ұстады. 1984-1985 және 1987-1988
жылдары екі рет Ауған соғысына қатысты. Ауған жерінде Майданов ең үздік барлаушы ұшқыш
атанды. Қ. Майдановтың жеке басы үшін моджахедтер үлкен көлемде сыйақы тағайындады.
Қару-жарақ тасыған қаншама керуеннің көзін жойып, «Ми-8» тікұшағымен 1250 рет жауын-
герлік тапсырмаларды орындау үшін әуеге көтерілді, жеке өзі 85 жараланған жауынгерді
құтқарды, 100 тоннадай жүк тасып, жүздеген десантшыны тиісті жерлеріне жеткізді.
1988 ж. Майдановқа тағы бір күрделі әскери ұшу тапсырмасы жүктелді. Құрамында
десантшылар бар кеңестік екі экипажға бандылардың үлкен шоғырланған қозғалысын жою
міндеті тапсырылады. Мұздай қаруланған арнайы бандылар отрядын ол уақытта әлі атағы шыға
қоймаған, кейін әлемдегі №°1 лаңкес Усама бен Ладен басқарған деген мәлімет бар. Банды-
лардың көзін жою үшін аттандырылған әрқайсысында 30-дай десантшылары бар А. Радаев пен
А. Евдокимов басқаратын екі «Ми-24» экипажын бандылар әп-сәтте «Стингердің» құрбан-
дығына айналдырған. Командалық пунктен құтқару бұйрығын алған Қ. Майдановтың эскад-
рилі көмекке келіп, Қайыргелді өзінің № 001 штурвалын отты ошақтың дәл ортасына бастап
кіреді. Ол тірі қалған жауынгерлер мен жараланғандарды және өлгендерді соғыс алаңынан
алып шығуға барын салып, екі экипаж мүшелері мен десантшыларды, барлығы 46 адамды оқ
пен оттан аман алып шығады
29
.
1988 ж. 29 шілдеде осы жанқиярлық ерлігі мен әскери тапсырманы батыл орындағаны
үшін Қ.С. Майдановқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді
30
. Есіл ер 2000 жылдың 29
қаңтарында РФ-ның әскери құрамында Шешенстандағы соғыста қаза тапты. Ресей армиясында
танытқан өжеттілігі үшін Қ. Майдановқа Ресей Батыры атағы берілді.
Ауған соғысында «Қара майор» атымен аңызға айналған қазақ жігіті, мұсылмандық бата-
льон командирі – Борис Керімбаев.
28
Құрмашұлы Ғ. Қазақтың Қайыргелдісі // Нұр Астана. – 2012. – 9 ақпан.
29
Алпартегі Ж. Кеңес Одағының соңғы батыры немесе «аспан королі» атанған қазақ // Айқын. – 2010. – 11 наурыз.
30
Указ о присвоении звания Героя Советского Союза капитану Майданову Н.С. // Правда. – 1988. – 30 июля.
. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
29
Керимбаев Борис Төкенұлы
1966-1970 жылдары Ташкенттегі әскери училищеде оқыды, 19701975 жылдары Кеңес
әскерінің Германиядағы бөлімінде қызмет етті, 1975 ж. Орта Азия әскери округіндегі барлау-
шылар ротасының командирі. 1977 ж.
Теміртау қаласындағы мотоатқыштар батальонының командирі, 1981-1983 жылдары
айрықша мақсаттағы отряд командирі болып Ауған соғысына қатысты. Ауғанстан територи-
ясында өжет офицер ретінде «Қара майор» аты шығып, Б. Керимбаев басы үшін моджахед-
тер көлемді сыйақы тағайындады. Соғыстан кейін КСРО ҚК әр түрлі бөлімінде қолбасшылық
қызметтер атқарды. Қызыл ту және т.б. наградалардың иегері. Бүгінгі таңда отставкадағы пол-
ковник.
Керімбаев Борис Төкенұлы Ауған соғысына айрықша мақсаттағы отрядты басқарып
барған. Арнайы отрядтың өзіндік ерекшелігі, оның құрамының басым көпшілігі мұсылман
жігіттерінен жасақталды. Б. Керімбаев басшылығындағы мұсылман жігіттерінен жасақталған
айрықша мақсаттағы бұл отряд екі жыл ішінде Ауғанстандағы Ахмад шах Масуд қожалық
еткен әйгілі Паншер провинциясында сан қилы соғыс операцияларына қатысты. Ауғанстанда
абыройы асқақтап тұрған дала қолбасшысы А. Масудпен келіссөз жасасқан да осы – Б. Керім-
баев.
Тұтастай алғанда, КСРО-дан 620 мың, оның ішінде Қазақстаннан 22 мың адам Ауғанстан
территориясында әскери қызметтен өтті.
Ауған соғысында 200153 адам мемлекеттік марапаттауларға ие болса, оның 10955-і осы
соғыста шейіт кетті. Сондай-ақ марапатталғандардың 2265-і қазақ, 635-і қырғыз, 6050-і өзбек,
855-і түрікмен, 2710-ы тәжік, 102547-сі орыс, ал қалғандары басқа ұлт өкілдері болды. 86 адам
Кеңес Одағының Батыры атағын алса, 103 әскери қызметші Ленин орденімен, 1972 әскери қыз-
метші Қызыл ту орденімен марапатталды. Батыр атағын алғандардың 29-ы осы соғыста құрбан
болды. Батырлар арасында бір ғана қазақ бар, ол – Қайыргелді Майданов. Қазір Қазақстанда
бір ғана батыр тұрады, ол – Николай Кремениш
31
.
Кеңес Одағы тұсында қазақ жауынгерлеріне Батыр атағын алу тұрмақ, жай ордендерді
алу мен немесе оған қол жеткізу Кремль көсемдерінің шешімінсіз мүмкін болмады. Әмір-
шіл-әкімшіл жүйенің бұл әрекеті талай қазақ жауынгерлеріміздің омырауын бос қалдырды.
Марапатқа ұсынылған қазақ жауынгерлері Кремль сүзгісінен өте алмады, ал көпшілігі ұсы-
нылмады. Марапатқа ұсыну 1986 ж. Желтоқсан оқиғасынан кейін мүлдем төмендеді. Тек
тәуелсіздік алғаннан кейін Ауған соғысы ардагерлері егемен еліміздің «Даңқ», «Құрмет»,
«Айбын» ордендері мен «Ерлігі үшін» медальдарымен марапаттала бастады.
31
Сайлан Б.С. Ауған соғысының ақиқаты (1979-1989 ж.). – Алматы: Қазақпарат, 2001. – 186-б.
. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
30
Астана қаласындағы Ауған соғысында қаза болған боздақтарға арналған ескерткіш
Алматы қаласындағы Ауған соғысында қаза болған боздақтарға арналған ескерткіш
Ауған соғысынан қайтып оралмаған жалпы адам шығыны 14453-ке жетті. Осы соғы-
ста қазақстандықтардың адам шығынына байланысты деректерге жүгінсек, біздің жерлестері-
міздің арасынан 22 мың адам Ауған соғысында болып қайтты. Олардың 1000-ға жуығы осы
соғыста құрбан болды және Қазақстан жерінде жерленді, 20 адам із-түзсіз жоғалды. Ал жалпы
шығынның 362-сі қазақ ұлтының өкілі екендігі анықталды. Біздіңше, бұл көрсеткіш те нақты
емес.
Ауған соғысында жалпы 417 адам із-түзсіз жоғалды, олардың 119-ы тұтқыннан боса-
тылды, 97 адам еліне қайтарылды, ал 22-сі басқа елдерде жүр. Ауған соғысында тұтқынға түс-
кен немесе із-түзсіз жоғалғандардың жиырмасы – Қазақстан азаматы. Беймәлім кеткен 20 қаза-
қстандықтың арасынан 2 жауынгердің, Зуев Алексей мен Ергешов Абдулхакимнің мәйіті араға
30 жылдай уақыт салып елге жеткізілді, қалған 18 жауынгердің тағдыры әлі беймәлім
32
.
Бүгінгі таңда республика астанасы мен облыс орталықтарында және ірі қалаларда Ауған
соғысына қатысушы жауынгер ардагерлердің одағы, қоғамдары және ұйымдары жұмыс істейді.
Елімізде Ауған соғысында қаза болған жауынгерлердің атында 24 мектеп, 164 көше аты бар.
Қаза болған жауынгерлерге арналып, мектептерге қойылған «Ескерткіш тақталар» саны 79
болса, оның 66-сы шейіт кеткен жауынгерлер оқыған мектептерге, 10-ы тұрғын үйлерге, 2-еуі
пойызға, 1-еуі депоға қойылған
33
.
2000 ж. Елордамыз Астана қаласында Ауған соғысында құрбан болған боздақтарға
арналған «Мемориаль ескерткіш» ашылды. Кейіннен мұндай «Ескерткіштер» ҚР бойынша
әрбір қалалар мен облыс орталықтарында бой көтерді.
Кеңес Одағы ыдырап, республикамыз тәуелсіздік алған жылдардан бастап қазақстан-
дық жауынгерлердің Ауған соғысына қатысуы мен олардың шығыны, тарихи тағылымы жайлы
еңбектер жарық көре бастады. Ауған соғысы туралы зерттеу жұмыстары қолға алынып,
қазақстандық жауынгерлер жайында мемуарлар мен естеліктер жазыла бастады. Соғыстың
аяқталғанына 10,15, 20 және 25 жыл толуына орай ғылыми конференциялар мен кездесулер
32
Амалбек Б. Хабарсыз кеткен соңғы солдат // Егемен Қазақстан. – 2012. – 10 сәуір.
33
Өтегенов Ш., Тұлғаев Қ., Сайлан Б. Боздақтар мәңгі жадымызда. – Алматы: Өлке, 2006. – 269-б.
. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
31
ұйымдастырылды. Ауған соғысы ардагерлері қолдарымен жазылған еңбектер мен түрлі кезде-
сулер келешек ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеуде құндылықтарын көрсетіп жүр.
Патриоттық парад Ауған соғысының аяқталғанына 20 жыл толуына орай қаруластар бас
қосқан кездесу
Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуы
Жалпы, Ауған соғысы КСРОның ғана емес, Ауған елінің де тұрмыс-тіршілігін құлдыра-
тып, айтарлықтай зиянын тигізді. Ауыл шаруашылығы 2,8 миллиард долларға, өнеркәсіп 274
миллион долларға, энергетика 350 миллион долларға, коммуникация 6 миллиард долларға,
қалалар мен ауылдардағы өмір сүру қоры 3,4 миллиард долларға, мектептер мен аурухана-
лар 252 миллион долларға зиян шекті. Соғыс салдарынан миллионнан астам ауғандықтар қаза
тапты, елден 6 миллионға тарта адам ел ішіндегі босқындарға айналды. Елдің тарихи және
мәдени байлықтарына да орасан зор шығын келді. Соғыс салдарынан Ауғанстан жалпы 20 мил-
лиард доллар шығынға батты
34
.
Қорыта айтқанда, Ауған соғысы саясат биігінде отырғандардың шешімімен басталды.
Мұндай халықаралық саяси шешімді қабылдаған КСРО жетекшілері Ауған соғысының аяғына
дейін өмір сүрмеді. Олар Ауғанстанға әскер енгізу мәселесінің қалай шешілгені туралы құпи-
яларды өздерімен бірге ала кетті. Бұл соғыс КСРО-ның халықаралық позициясын әлсіретіп,
әлемдік аренада оның беделін төмендетті. КСРО-ға бұл соғысты 1989 жылы тастап шығуға
тура келді. Осылайша, өткен ғасырдың еншісінде қалған Ауған соғысы тарихта қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |