Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата22.05.2022
өлшемі0,71 Mb.
#144537
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Қазақстан тарихы 4-кітап

Бақылау сұрақтары:
1. Қазақстанда президенттік институтты енгізудің қажеттілігі неден туындады?
2. Президенттік институттың қалыптасу кезеңдерін және олардың ерекшеліктерін көр-
сетіңіз.


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
52
3. Қазақстан Республикасының конституциясында президентгің құзыреті мен мәртебесі
қалай айқындалған?
4. Қазақстан Республикасында парламенттік жүйенің қалыптасуы қалай жүрді?
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-саяси құрылымын сызба бойынша көр-
сетіңіз.
 
§ 3. Конституциялық реформалар
 
Қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси институттар – парламент, 1993 және
1995 жылдардағы конституциялар қабылданды, тәуелсіз сот билігі қалыптасты. Қазақстанда
көппартиялық жүйе пайда болды. 1999 ж. республикада 14 саяси партия мен 30-ға жуық саяси
қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер құрылды. Ал 2003 жылы саяси партиялардың саны 19-ға
жетті. Жаңадан халық арасында танымал «Отан», «Ақ жол», т.б. партиялар бой көтерді.
1993 жылғы 28 қаңтарда Республика егемендігінің қалыптасуын заң жүзінде аяқтаған
және шынайы конституционализмнің орнығуын жалғастырған Қазақстанның кеңестен кейінгі
алғашқы конституциясы қабылданды. Соның негізінде республикада ұлттық қауіпсіздікті, аза-
маттық құқықтар мен бостандықтардың нақты кепілдіктерін, демократиялық қоғам мен құқы-
қтық мемлекет құруды қамтамасыз етудің жаңа сапалы кезеңіне көшу басталды.
1993 жылғы конституция, бір партиялық саяси басқарудан, монополиялық экономика-
лық жүйеден, күш көрсету идеологиясынан бас тартып, Қазақстан қоғамы дамуының оң сер-
піні үшін өріс ашты.
Әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінде негізгі заң
Республиканы дүниежүзілік қоғамдастықтағы тәуелсіз мемлекет ретінде заңдастырды. 1993
жылғы конституция Қазақстан өзін қазіргі заманғы өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде біл-
діреді, ол тату көршілік пен көптарапты әрі өзара тиімді ынтымақтастықты қалайды, жалпы
адамзаттық құндылықтардың жолын ұстанады деп жария етті.
Ескі және жаңа саяси құрылыстың өзіндік тұрғыда ымыраға келуінің, ғасырлар бойы
құрылған батыс демократиясының үлгісін кеңестен кейінгі кеңістікте енгізуге тырысудың
көрінісі болған 1993 жылғы Қазақстан Республикасының конституциясы әуелбастан-ақ қай-
шылыққа толы еді.
1995 жылғы 30 тамызда жүргізілген референдумның нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік
құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа конституциясы қабыл-
данды. Жаңа конституцияның жобасы жұртшылық арасында кеңінен талқыланды. Азаматтар
30 мыңға жуық ұсыныстар енгізді, ал Қазақстан Республикасы президентінің басшылығымен
құрылған арнаулы сарапшылық-консультациялық кеңес оларды зерделеді. Мәтінді пысықтау
кезінде мыңнан астам түзету ескерілді, осының нәтижесінде конституция жобасының 99-бабы-
ның 55-і елеулі өзгеріске ұшырады. 1995 жылғы 30 тамызда референдумға қатысқан халықтың
81,9 пайызы жаңа негізгі заңды қабылдауды жақтады.
Республика конституциясы заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының тұрақты-
лығын, тиімді жұмыс істеуін және өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін билікті бөлу прин-
ципін жай ғана жариялап қойған жоқ, онда тежемелілік пен тепе-теңдіктің нақты жүйесі
баянды етілді. Негізгі заң адамның жоғары құндылықтары ретінде оның өмірін, құқықтары
мен бостандықтарын бекітті.
Мемлекеттік билікті бөлудің принциптері оның бірлігіне қайшы келмейді, оның тар-
мақтарының келісілген өзара іс-қимылын, бүкіл биліктің олардың біреуінде толық шоғырлану
мүмкіндігі болмауын көздейді. Бірыңғай мемлекеттік билік тармақтарының диалектикалық
өзара іс-қимылы осыдан көрінеді. Ал биліктің тежемелілігі мен тепе-тендік тетігі елдегі саяси
тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
53
1995 жылғы желтоқсанда өткен бірінші қос палаталы парламент сайлауынан кейін Қаза-
қстанда қоғамды демократияландыру қадамдары одан әрі жалғасын тапты.
Ашық баламалы сайлау, саяси күрес мәдениеті, көппартиялық жүйеге кең жол ашылды.
Оның нақтылы дәлелі ретінде елімізде жүргізілген президент, парламент сенаты, парламент
мәжілісі депутаттарын сайлауды айтуға болады.
Қазақстандағы болып жатқан демократиялық өзгерістер 1995 жылы қабылданған Ата
Заңында өзінің басты көрінісін тапты. Еліміз егемендік алғаннан бері екі конституция қабыл-
данды. Оның біріншісі 1993 жылдың қаңтарында өмірге келді. Бірақ оның елеулі жетіспе-
ушілігі мен кемшілігі бар еді. Бірінші конституцияны жасауда асығыстыққа жол берілді.
Нақтылап айтсақ, ел ішінде болып жатқан саяси-экономикалық және әлеуметтік үдерістерді
бірден ой елегінен өткізу, мемлекетіміздің мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыдан нақты айқындау
әлі мүмкін болмады. Осындай себептерге байланысты жаңа конституция қабылдау қажеттігі
туындады. 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық дауыс беру арқылы референдумда еліміздің
жаңа конституциясы қабылданды.
Жаңа конституцияға оның алдыңғысымен салыстырғанда көптеген өзгеріс, ғылыми қағи-
далар енгізілді. Егер бұрынғы Ата Заң 4 бөлім, 21 тарау, 131 баптан тұрған болса, кейінгісі
көлемі жағынан едәуір қысқарып, 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Онда еліміздің экономикалық
күш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топта-
рына тиісті кепілдікті құқықтар беретін көкейкесті мәселелерді шешу ескерілді. Жаңа Ата Заң
құқықтық мемлекет құруға бағдарланған. Конституцияның кіріспесінде: «Қазақстан Респуб-
ликасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықты-
рады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары»
61
,
– делінген. Мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот биліктеріне бөлінеді. Кон-
ституция бойынша Қазақстан президенттік республика болып табылады. Президент елдің ішкі
және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейтін мемлекет басшысы, ең жоғарғы лау-
азымды адам болып есептеледі.
Конституцияда парламенттің орны мен атқаратын қызметі айқын белгіленген. Ол – заң-
дар шығарып, қабылдайтын орган. Парламент сенат және мәжіліс палаталарынан тұрады.
Бұған дейін парламентте мұндай екі палата деген ұғым болған емес. Жаңа конституцияда екі
палаталы парламенттің ерекшеліктері де жан-жақты көрсетілген. Жоғарғы мемлекеттік орган-
дар жүйесіндегі үкіметтің тиісті орны, сот билігінің, прокуратураның қызметтері де айқын-
далған. Бұрынғы Ата Заңда көрсетілген, бірақ жете тиянақталмаған көптеген маңызды мәсе-
лелердің түйіні кейінгі конституцияда жаңаша шешілген. Оны, әсіресе жер, тіл, азаматтық,
негізгі құқықтар мен бостандық сипаты туралы, қос палаталы парламент құрылымы және
президентті айып тағу арқылы қызметтен кетіру мәселесі жөніндегі баптар мен тармақтардан
айқын көруге болады.
61
Қазақстан Республикасының конституциясы. – Алматы, 2010. – 4-б.


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
54
Қорыта келгенде, біздің жаңа конституциямыз, еліміздің рәміздері халқымыздың бір-
неше ғасырлар бойы аңсаған шынайы егемендікке қол жеткізгендігінің нақты көрінісі болып
табылады. Сондықтан республикамыздың әрбір азаматы Ата Заңымыздың мазмұнын жете
біліп, оның талаптары мен қағидаларын мүлтіксіз сақтауға, мемлекеттік нышандарды құрмет-
теуге міндетті.
1995 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫ-
ЛЫМЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ
2007 жылы мамырда «Қазақстан Республикасының конституциясына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды
62
. Ол республика халқы тарапынан түсіністік-
пен жылы қабылданды. Конституциялық реформалардың негізгі мақсаты – қоғамды одан әрі
демократияландыру. Бұл жаңа өзгерістер мен толықтырулардың негізгі мәні қандай? Бірінші-
ден, президенттік жүйеден басқарудың президенттік-парламенттік моделіне көшудің консти-
туциялық негізі қаланды. Елбасы өз ұсынысымен біраз өкілеттілігін парламентке берді. Кон-
ституцияға осыған байланысты бірқатар өзгерістер енгізілді. Парламенттің құзыреті едәуір
кеңейтілді. Президенттің құзыреті біршама шектелді. 2012 жылдан кейін президент 7 жылға
емес, 5 жылға сайланатын болды. Мемлекет басшысы ел басқарудағы міндеттер мен жауап-
кершілікті парламентпен бөлісті. Президент үкімет басшысын саяси партиялардың фракция-
ларымен ақылдасып-кеңесуден кейін әрі мәжіліс депутаттары көпшілігінің келісімімен ғана
тағайындайтын болды, яғни президент үкіметті жасақтауды мәжіліспен келісіп шешеді. Енді
премьер-министрді бекітуде, демек, бүкіл үкіметті де бекітуде басты рөл мәжіліске беріледі.
Парламенттің мәртебесін көтеретін бірқатар өзгерістер енгізілді. Біріншіден, оның сан-
дық құрамы өсті. Мәселен, мәжілісте енді 107 депутат болады. Екіншіден, оны сайлаудың түрі
62
Егемен Қазақстан. – 22 мамыр. – 2007.


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
55
өзгерді. Бұрынғыдай мажоритарлық жүйемен жеке округтер бойынша емес, пропорционалды
негізде партиялық тізім бойынша сайланады. Депутаттар сайлаудың пропорционалдық жүй-
есіне көшу саяси партиялардың қоғамдағы рөлін арттыруға әрі депутаттардың сапалық құра-
мын жақсартуға көмектеседі. Парламент бюджетті бекітуге ғана емес, оның орындалуына да
бақылау жасай алады. Палаталардың бірлескен отырысында парламент үкімет пен Республи-
калық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бекітілген бюджеттің орын-
далуы туралы есебін қарап бекітеді. Егер оны бекітпесе, бұл үкіметке білдірілген сенімсіздік
деп танылады. Мәжілістің үкіметке сенімсіздік білдіруі үшін бұрынғыдай депутаттар дауысы-
ның үштен екісінің емес, депутаттардың жай көпшілік дауысы жеткілікті болады. Сөйтіп, кон-
ституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес үкіметтің мемлекет басшысының алдында ғана емес,
парламент алдында да жауапкершілігі белгіленеді.
Сонымен бірге қазір конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес мәжілістің 9 депутаты
Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланады. Сенат депутаттарының бір бөлігі ассамблеямен
кеңескеннен кейін тағайындалады. Сенат та көп өкілеттілікке ие болады. Ол Ұлттық банк-
тің төрағасын, Бас прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындау және
оларды қызметтен босату жөнінде президентке келісім береді. Сенат құрамы республика пре-
зиденті тағайындайтын 15 депутаттың есебінен көбейтілді. Парламенттегі 154 депутаттың 47-
сі сенаторлардан құралады. Сенат пен мәжілістің бірлескен отырысы ең қажетті жағдайда өтеді.
Көбінесе өздері жеке жұмыс істейді. Мәжіліс өз қызметін тоқтатқан жағдайда сенат бүкіл пар-
ламент үшін жұмыс істей береді.
Конституциялық реформа бойынша жергілікті өзін-өзі басқару жаңа деңгейге көтеріледі.
Мәслихаттардың бұл бағыттағы мәртебесі күшейтіледі. Жергілікті мәслихаттар мен олардың
депутаттарының өкілеттілігі кеңейтілді. Олардың өкілеттік мерзімі 4 жылдан 5 жылға ұзарты-
лады. Мәслихаттар жергілікті әкімдерді тағайындауға келісім береді. Ендігі жерде облыстар-
дың, қалалар мен аудандардың әкімдері сол деңгейлердегі мәслихаттардың келісімімен ғана
тағайындалатын болады. Сондай-ақ мәслихаттарға басым көпшілік дауыспен әкімдерге сенім-
сіздік білдіру, оларды қызметінен босату жөнінде мәселе көтеру құқығы берілді. Осылайша,
мәслихаттар мен олардың депутаттарының саяси рөлі арта түседі. Жергілікті өзін-өзі басқару-
дың негізі мәслихаттар болатыны конституцияда баяндалған.
Конституциялық реформада саяси партиялардың қоғамдағы рөлін күшейтуге көп негіз
жасалған. Сайлауда жеңіске жеткен партия үкімет жасақтауға мүмкіндік алады. Консти-
туциядағы қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға салынған тыйым алынып
тасталды. Енді саяси партиялар бұл қаржыға иек арта алады. Республика президентінің өз
өкілеттілігін атқару кезінде саяси партиялардағы өз қызметін тоқтата тұратындығы туралы 43-
баптағы 2-тармақ алынып тасталды. Енді президенттің саяси партияны басқаруға құқығы бар.
Бұл да саяси партияның рөлін арттыра түспек.
Сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар ескерілді. Судьяны
іріктеу-таңдау бір жүйеге келтіріліп, Жоғарғы сот кеңесінің қарауына берілді. Бұдан былай
барлық деңгейдегі соттардың судьяларын тағайындауға ұсынымды Жоғарғы сот кеңесі жасай-
тын болады. Адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау біршама жақсартылған. Елі-
мізде 2004 жылдан бері өлім жазасына мораторий жарияланған болатын. Енді өлім жазасы іс
жүзінде қолданыстан шығарылды. Өлім жазасын жою заңды түрде енгізілді. Жаңа өзгерістерге
байланысты біздің елімізде адамдарды апатқа ұшыратуға соқтырған террорлық қылмыстар,
сондай-ақ соғыс кезінде ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ғана адамдарға өлім жазасы
қолданылады әрі олардың кешірім жасау туралы өтініш ету құқы да қарастырылған.
Сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға бағытталған консти-
туцияның 16-бабының 2-тармағы жаңа редакциямен қабылданды. Заңда көзделген реттерде
ғана және тек соттың санкциясымен тұтқындауға әрі қамауда ұстауға болады, тұтқындалған
адамға шағымдану құқығы беріледі. Прокуратура органдары бұл құқықтан айырылады. Сот-


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
56
тың санкциясынсыз адамды 72 сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады. Мұның өзі адам
құқығын сақтауға бағытталған оң өзгеріс болып табылады.
Жаңарған конституция бойынша жасы қырыққа толған, мемлекеттік тілді толық меңгер-
ген, соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда тұратын, туа республиканың азаматы болып табылатын
кез келген адамның президент болып сайлануға құқығы бар.
Конституцияға енгізілген жаңалықтардың ішінде парламентарийлердің ұсынысымен
енгізілген 42-баптың 5-тармағындағы «Ел президенті болып бір адам қатарынан екі реттен
артық сайлана алмайды» деген тұжырым одан әрі күшінде қалып, ол «бұл шектеу Қазақстан
Республикасының тұнғыш президентіне қолданылмайды» деген сөздермен толықтырылды.
Мұны палаталардың бірлескен отырысында депутаттардың өздері көтерді. Тұңыш президент-
тің тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің іргесін қалаудағы ерен еңбегін бағалай отырып, елдің эко-
номикалық қуатын арттыру, қорғаныс қабілетін күшейту, республиканы бүкіл әлемге таныту
жолындағы қыруар істеріне көрсетілген құрмет ретінде осындай қадамға барғанын депутаттар
ашық айтты. Екі депутаттан басқасы мұны бірауыздан қолдады. Соған сәйкес Н.Ә. Назарбаев
тұңғыш президент әрі жалпыға танылған ұлттық көшбасшы ретінде ерекше құқыққа ие болып,
конституцияда белгіленген екі мерзімнен тыс, әрине, баламалы негізде мемлекет басшысының
лауазымына дауысқа түсу мүмкіндігін алды.
Парламент қабылдаған өзгерістер мен толықтырулар сипаты конституциямыздың жаңа
мазмұнға ие болғанын көрсетеді. Бұл конституциялық реформа заман талабынан, тарихи
қажеттіліктерден туған еліміздің алға басуының, ілгерілеуінің маңызды алғышарты болып
табылады. Біздің еліміз саяси жаңарудың, демократиялық дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты.
2007 жылғы 18 тамызда өткен Қазақстан Республикасы парламентінің төменгі палатасы
– мәжілісті, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары – облыстық және аудандық мәс-
лихаттарын мерзімінен бұрын сайлау 2007 жылғы 21 мамырда конституцияға өзгерістер мен
толықтырулар енгізілуімен байланысты болып, ол елдің президенттік басқарудан президент-
тікпарламенттік басқару түріне өтуін заң жүзінде баянды етті. Мұндай қадам демократияны
дамыту мен азаматтық қоғам құруға бағытталған Кдзақстан Республикасында жүзеге асыры-
лып отырған саясаттың қисынды нәтижесі болды.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет бұл сайлау пропорционалды жүйе
негізінде партиялық тізіммен өтті. Мажоритарлық жүйеден кетіп, саяси партиялар бәсекеге
түсетін сайлау жүйесін қалыптастырдық. Сайлауға жеті саяси партия қатысты. Ел азаматта-
рының өз еріктерін еркін білдіруі нәтижесінде «Нұр Отан» партиясы жеңімпаз атанды, бұл
партияны Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарады. Сөйтіп,
елдің қалауымен көп дауыс жинаған «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясы қатар-
ластарынан озып шықты. Әрине, нұротандықтар басқа партиялар сияқты науқан кезінде ғана
емес, қай кезде де үздіксіз жұмыс жүргізіп, еліміздің өсіп-өркендеуіне тұрақты атсалысты.
Сайлауға электораттың 65 пайызға жуығы қатысуы жағдайында бұл партия дауыстардың 88-
ден астам пайызын жинады, сөйтіп, заңмен белгіленген жеті пайыздық сайлау кедергісінен
өткен бірден-бір саяси күшке айналды.
Мониторингтің нәтижелері бойынша, тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасындағы
кезектен тыс сайлау елдің қолданыстағы заңына сәйкес өткізілді. Дауыс беру барысында аны-
қталған жекелеген ұсақ-түйек заң бұзушылықтар сайлаушылардың еркін білдіруіне ықпал
еткен жоқ. Барлық саяси партиялармен қатар үміткерлерге тең жағдай жасалды. Бұқаралық
ақпарат құралдарында белгіленген күнге дейін сөйлеуіне, халыққа өз бағдарламасын танысты-
руына мүмкіндік берілді.
Сөйтіп, біз тарихымызда тұңғыш рет Шығыс Азия мемлекеттерінің тәжірибесін және
өзіміздің полиэтникалық әрі көп дінді қоғамымыздың ерекшелігін ескеріп, Батыс демократи-
ясының қағидаттарына сай келетін тәуелсіз мемлекетімізді орнаттық. Қазақстан ұлттық мүд-
делерді және әлемдік даму үрдістерін ескеретін саяси құрылыстың өзіндік үлгісін жасады.


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
57
Конституциялық эволюция мен құқықтық жүйені сатылап реформалау нәтижесінде елімізде
мемлекеттік биліктің теңгерімді де тиімді жүйесі қалыптастырылды. Республикада мемлекет-
тік билік заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөліну қағидатына сәйкес жүзеге асыры-
лады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет