Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап


§ 3. Ауған соғысының тарихы (1979-1989 ж.)



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата22.05.2022
өлшемі0,71 Mb.
#144537
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Қазақстан тарихы 4-кітап


§ 3. Ауған соғысының тарихы (1979-1989 ж.)
23
§ 4. КСРОның ыдырауы және ТМД-ның құрылуы
32
ІІ бөлім
38
І тарау
38
§ 1. Мемлекеттік тәуел сіздіктің жариялануы мен
рәміздердің қабылдануы
38
§ 2. Мемлекеттік институттардың қалыптасуы
43
§ 3. Конституциялық реформалар
52
§ 4. Мемлекеттік шекара және ұлттық қауіпсіздік
57
ІІ тарау
59
§ 1. Нарықтық қайта құрудың бастапқы кезеңі
59
§ 2. Қазақстандағы эко номикалық өзгерістердің өрлеу
кезеңі және олардың нәтижелері
63
Конец ознакомительного фрагмента.
64


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
5
Т. О. Омарбеков, Б. С. Сайлан
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы
Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары
және қалыптасуы 4-кітап
 
АЛҒЫ СӨЗ
 
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні басты-басты екі кезеңнен тұратыны белгілі.
Оның алғашқысы кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы болса, ал екінші бөлігі тәуелсіз Қаза-
қстан тарихын құрайды. Оқырманға ұсынылып отырған оқулық осы қазіргі заманның тарихы-
ның тәуелсіздікке қатысты бөлігін әңгімелейді. Тәуелсіздік дегенде біз, әрине, ХХ ғасырдың
80-жылдарының ортасындағы оқиғалардан басталған жаңа тарихи серпіліс кезеңін айтамыз.
Бұл, шын мәнінде, қоғамдық-экономикалық өмірді қайта құру жылдарындағы (1985-1991)
Қазақстанның тарихынан басталады. Кеңестер Одағының басшысы М. Горбачевтің Орталықта
орын алған реформалары Қазақстанды да қамтып, тарихтың жаңа бетін ашты. Бұған себеп
болған басты мәселе әлемдік тоталитарлық империяға айналған КСРО-ның әлеуметтік-эконо-
микалық дамуда тоқырауға ұшырап, елде дағдарыстық құбылыстардың етек алуы еді. Соны-
мен қатар мұның өзі қоғамдық-саяси өмірде және ұлт саясатында сөз бен істің қайшылығына
көпе-көрінеу дөрекі бұрмалаушылықтарға алып келді. 1979-1989 жылдары КСРОның Ауған-
станға әскер енгізуі басқыншыл империяның әлемдік саясатты аса қауіпті державаға айналға-
нын тағы да айқындап берді. Мұның өзі, шын мәнінде, елдің ішкі саясатында одақтас рес-
публикалар тарапынан орталықтың күштеу принциптеріне негізделген авторитарлы жүйесіне
қарсылығын үдете түсті. Нәтижесінде осындай қалыптасқан тиянақсыз ахуал КСРО-ның ыды-
рауына және бұрынғы одақтас республикалардың басын қосатын жаңа Тәуелсіз мемлекеттер
достастығының құрылуына алып келді. Ал мұндай демократиялық принциптерге негізделген
жаңа одақтың өмірге келуі Қазақстан тәрізді республикалардың тәуелсіздікке деген құштарлы-
ғын үдете түсті. 1986 жылы орын алған Қазақстандағы желтоқсан көтерілісі осының бастамасы
және айқын көрінісі болды. Ұсынылып отырған оқулықта осы мәселелер тарихи сабақтастық-
пен тәуелсіз Қазақстанның құрылуы және қалыптасуы туралы маңызды мәселелерге ұластыра
жазылған. Қазақстанда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанның тұңғыш президенті
Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен жасалған реформаторлық өзгерістер бұрын тарихта бол-
маған жаңалықтарды алып келді. Тәуелсіз ел өзінің тәуелсіздігін жариялап қана қоймай, мем-
лекеттік рәміздерін де қабылдады. Мемлекеттік институттарды қалыптастыру, конституци-
ялық реформалар жүргізу, мемлекеттік шекара және ұлттық қауіпсіздік мәселелері шұғыл
түрде қолға алынды. Бұл, шын мәнінде, айтуға ғана оңай, елде отаршылдық сана әлі де салта-
нат құрып тұрған жағдайда жүзеге асырылған маңызды шаралар еді. Қазақстанның жағдайы
экономикалық дамудың жаңа қазақстандық үлгісін жасауды қажет етті. Бұл нарықтық қайта
құруды, индустриялық-инновациялық даму стратегиясын сыртқы экономикалық ынтымақта-
стықты нақтылап қолға алудан басталған болатын. Шын мәнінде, мұның өзі жолсыз қиын
шатқалда тар соқпақты жол тауып алға басу еді. Қазақстан бұл сынақтан да сәтті өтті. Сон-
дықтан да бұл тарих қазіргі Қазақстан тарихын оқытуда арнайы көңіл бөлуді қажет етеді.
Оқырманға ұсынылып отырған оқулық әлеуметтік-жаңғырту және әлеуметтік демография-
лық үрдістер мәселесінде студенттерге тиянақты, жан-жақты, салыстырмалы талдау түрінде
түсіндіруді мақсат еткен. Мұнда халықтың өсу деңгейі, оның этникалық құрылымындағы
өзгерістер, «Нұрлы көш» бағдарламасына сәйкес отандастарымыздың елге оралуы, білім мен


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
6
ғылымның дамуы тәрізді маңызды мәселелерді қамтиды. Қазақстанның қазіргі тарихын қоғам-
дық-саяси үдерістерді зерттемей толыққанды жазу мүмкін емес. Мұндайда демократиялан-
дыру, саяси және қоғамдық институттарды дамыту, этносаралық және конфессияаралық қаты-
настарды жетілдіру, жастарды тәрбиелеу тәрізді мәселелер назарда болуы тиіс. Мұны оқулық
авторлары ескеріп аталған бағыттарда зерттеулер жүргізіп, өздерінің тұжырымдарын оқулы-
ққа ықшамдап ұсынды. Қазақстан халқының рухани жаңғыруы да баса назар аударуды керек
етеді. Өйткені кез келген тәуелсіз мемлекет отаршылдық санадан арылып, жаңа тарихи сананы
және патриоттық көзқарасты қалыптастыруға міндетті. Онсыз ол егеменді ел бола алмайды.
Қазақстан үшін мұндайда ұлттық тарихты дамытуға көңіл бөлу, бұрын отаршылдық қапа-
сында тұншығып, орыс тілінің тасасында қалған қазақ тілін мемлекеттік тіл деңгейіне көтеру
міндеті тұрды. Бұл мемлекет құрушы қазақтар үшін аса маңызды мәселе еді. Айта кету
керек, бұл бағытта да мемлекет біраз шараларды жүзеге асырды. Олар осы оқулықта қамты-
лған. Сонымен бірге қазақ халқының ұлттық мәдениетін, рухани жетістіктерін зерттеу үшін
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылды. Қазақстан үшін тәуелсіздік-
тің 25 жылында діни-мәдени қайта құрудың қиыншылықтары мен қайшылықтары аз болған
жоқ. Сондықтан да дін мәселесінде мемлекет үздіксіз жаңа шараларды жүзеге асыруға барды.
Оқулық авторлары бұл мәселенің де маңыздылығын түсіне отырып, оларға айтарлықтай елеулі
көңіл бөлді. Қазақстан Республикасының басқа елдер тарапынан мойындалуы, әлемдік қауым-
дастықтың Қазақстанды дербес республика ретінде қолдауы және көтермелеуі біздің еліміз
үшін аса маңызды болғаны белгілі. Сондықтан да оқырманға ұсынылып отырған оқулық Қаза-
қстанның халықаралық аренаға шығуындағы қиын, бұралаң соқпақтарды Қазақстан Респуб-
ликасының сыртық саясатындағы басты ұстанымдар мен бағыттарды нақтылап жазуға тыры-
сты. Сонымен бірге оқулықта Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен күрделі
қарым-қатынастары, Қазақстандағы интеграциялық үдерістер, әлемдік және аймақтық қауіп-
сіздік мәселелерін шешу жолындағы Қазақстанның аршынды қадамдары жан-жақты қарасты-
рылды. Осы айтылғандардың бәрі тарихымыз үшін аса маңызды болғандықтан, Қазақстанның
тәуелсіздік тұсындағы тарихына арнайы оқулық арнап, оны студенттерге ұсынып отырмыз.
Бұл оқулық бүгінгі күнмен тығыз байланысты саясаттың және экономиканың күрделі мәсе-
лелерін баяндайтындықтан, олқылықтардың орын алуы әбден орынды деп ойлаймыз. Жалпы
тәуелсіздік тарихы көптеген маңызды құжаттарды және оларды жүзеге асыруды жан-жақты
қарастыратын болғандықтан, ол әрқашан да толықтыруды қажет етеді. Сондықтан да оқулы-
ққа байланысты оқырмандардың ақыл-кеңестері мен ұсыныстарын түсіністікпен қабылдауға
дайынбыз. Олар оқулықтың келесі басылымын дайындауда авторлар тарапынан міндетті түрде
ескерілетін болады.
Оқулықты жазу барысында авторлар ұжымы төмендегідей тақырыптар бойынша жұмыс
істеді:
І бөлім – Б.С. Сайлан (§ 1-4); ІІ бөлім 1-тарау – С.С. Смағұлов (§ 1-4); ІІ бөлім 2 тарау
– А.Ш. Алтаев, Ф.А. Қозыбақова (§ 1-4); ІІ бөлім 3 тарау – А.Ш. Алтаев, Б.С. Сайлан (§ 1-2),
А.Ш. Алтаев, С.С. Смағұлов (§ 3-4); ІІ бөлім 4-тарау – С.Т Рысбекова, М.Д. Байдаулетова
(§ 1-2), С.Т Рысбекова, Н.А. Тасилова (§ 3-4); ІІ бөлім 5-тарау – К.Е. Абикенова (§ 1-4); ІІ
бөлім 6тарау – С.С. Смағұлов (§ 1-5).


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
7


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет