Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата22.05.2022
өлшемі0,71 Mb.
#144537
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Қазақстан тарихы 4-кітап

Бақылау сұрақтары:
1. Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайына сипаттама
беріңіз.
2. Қазақ КСР-дың мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның тарихи маңызын көр-
сетіңіз.


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
43
3. 1991 жылғы «Тамыз бүлігінің» себептері қандай?
4. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялауды жылдамдатқан факторларды
атаңыз.
5. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің мәнін ашып көрсетіңіз.
6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына сипаттама беріңіз.
7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасына сипаттама беріңіз.
8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының мәні мен өзерістерінің себеп-
тері неде?
9. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының еліміздің тарихындағы орны мен рөлі қан-
дай?
 
§ 2. Мемлекеттік институттардың қалыптасуы
 
Ұлт болып ұжымдасудың, ел болып топтасудың үш негізгі тұғыры бар:
1) тәуелсіздік;
2) тұрақтылық;
3) халықтың әл-ауқатының өсуі.
Тәуелсіздік жылдары президенттік басқару жүйесімен өмір сүріп келе жатқан Қазақстан
өзін тек жақсы жағынан көрсетті. Бұл жүйе даму мен алға басудың кепіліне айналды деуге
де болады. Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы тарағаннан кейін өз тәуелсіздігін жариялады. Ал
өзінің іргелі мемлекет ретінде даму жолында президенттік басқару жүйесінің тек жемісін жеді.
Бұл Қазақстан үшін ең дұрыс, ең үздік таңдау болғаны сөзсіз.
Әлемде президенттік басқаруды таңдаған көптеген дамыған елдер бар. Ол елдер де қары-
штап дамып барады. Осы уақыт ішінде республикалық басқару формасына көшкен мемлекет-
тердің басым көпшілігінде президент лауазымы енгізілуі оның өміршеңдігін және институт-
тық-саяси жетілгендігін көрсетеді.
Ұлыбританияның бұрынғы премьері Маргарэт Тэтчерден: «Елді басқарудың қай жүйесі
тиімді?» – деп сұрағанда ол: «Тәтті нанды дайындау үшін президенттік басқару формасы, ал
сол тәтті нанды бөлу үшін парламенттік басқару формасы тиімді болады», – деп жауап қайы-
рыпты. Яғни жаңа мемлекет құруда президенттік жүйе, ал оны басқаруда парламенттік жүйе
тиімдірек болады дегені.
Біздің ойымызша, бұл жердегі мәселе елді басқаратын адамға көп байланысты. Тәу-
елсіз Қазақстанның қалыптасуында еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
атқарған еңбегі ерекше. Біріншіден, Қазақстан басшысы – мемлекеттің негізін құраушы тұлға.
Ол өз елін Кеңес Одағының күйреуі, Азиялық дағдарыс және соңғы жылдардағы жаһандық
құлдыраудан аман алып шыққан көшбасшы. Мысалы, 2007-2008 жылдардағы жаһандық дағ-
дарыстан Қазақстан бірінші болып шықты. Екіншіден, Қазақстанның барлық көршілері азамат
соғысы мен тұрлаусыз төңкерістерді бастан кешсе де Н.Ә. Назарбаев қанды қақтығыстарға жол
берген жоқ. Керісінше, полиэтникалық және көпконфессиялы Қазақстан бейбітшілікті сақтап,
халқының өмір сүру деңгейін көтерді.
Қазақстанда президенттік институт КСРО-ның құлауынан біраз бұрын қалыптаса
бастады. 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі «Қазақ КСР-ының президенті лау-
азымын белгілеу және Қазақ КСР-ының конституциясына тиісті өзгерістер енгізу» туралы заң
қабылдады. Заң мемлекеттік биліктің Жоғарғы органдарының жүйесінде президенттің мәрте-
бесін, сондай-ақ оның өкілеттіктерін белгіледі
51
.
Бұл кезде кеңестердің жаппай билігі сақталған еді. Жоғарғы кеңес мемлекеттік өмірдің
барлық мәселелерін шешуге ресімді құқығы бар Жоғарғы мемлекеттік орган болып қалды.
51
Қазіргі Қазақстан тарихы: хрестоматия / ред. Б.Ғ. Аяған. – Алматы, 2010. – 41-б.


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
44
Қазақ КСР тұңғыш президентін Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің жасырын дауыс беру жолы-
мен сайлады. Президент болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Президент, көбінесе, Қазақ КСР
Жоғарғы кеңесіне тәуелді болды. Оның үстіне Қазақ КСР-дың президенті егемен, ' тәуелсіз
мемлекеттің басшысы болмады, өйткені Қазақ КСР-ы президентінің іс-қимылдары мен өкілет-
тіктері КСРО Жоғарғы кеңесі мен КСРО президентінің құзыретімен шектелді.
Қазақ КСР президентінің мұндай жай-күйі КСРО таратылып, Қазақ КСР-дың Мемле-
кеттік егемендігі туралы декларация қабылданғанға дейін созылды. Алғашқы кезеңде Қазақ
КСР Жоғарғы кеңесінің толық билігі, өзінше бір парламенттік республика туралы айтуға бола-
тын еді.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан халқы бірінші рет бүкілхалықтық сайлауда ел
президентін сайлады. Сайлаушылардың 88,2 %-ы келіп, 98,7 % дауыспен тұңғыш президент
Н.Ә. Назарбаев жеңіске жетті. Қазақстан жалпыға бірдей сайлау барысында тұңғыш пре-
зидентті сайлап, жоғары билікті ұйымдастыру мен оның іс-қимылының жаһандық тәжіри-
бесін үйлесімді қабылдады. Біз оны өз қоғамымыздың ұлттық спецификасын, дәстүрлері мен
ерекшеліктерін ескере отырып, жүзеге асырдық.
2012 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан халқы алғаш рет жаңа мемлекеттік мереке – тұңғыш
президент күнін атап өтті. ҚР президенті осы оқиғаға байланысты жарияланған өзінің «Қаза-
қстанның жаңа дәуірінің алғашқы күні» деген мақаласында 1991 жылдың 1 желтоқсанында
біздің халқымыздың бүкіл тарихында алғаш рет өткен жалпыға ортақ Қазақстан президенті
сайлауы еліміздің тарихындағы маңызды белес екенін атай отырып, «Бұл оқиғаның тарихи
мәні мен патриоттық құндылығы көзге ұрып тұр және ешқандай талас тудырмайды. Бұл күні
Қазақстан халқы биліктің шынайы қайнар көзі болудағы, билікті қалыптастырып, оның саяса-
тын айқындаудағы өзінің егемен құқығын алғаш рет жүзеге асырды»
52
, – деп бағалады.
Ал 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың атап көрсеткеніндей:
«22 жыл бұрын біз Мәңгілік ел болудың бірегей қадамын жасадық. Дүйім дүниеге тәуелсізді-
гімізді жария еттік» 
53
. Осы күні біз өзіміздің Қазақстан жолын бастадық.
1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі
туралы» конституциялық заң қабылданғаннан бергі кезең ішінде Қазақстан демократиялық
52
Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның жаңа дәуірінің алғашқы күні // Егемен Қазақстан. – 1 желтоқсан. – 2012.
53
Тәуелсіз Қазақстанның жеті қазынасы. ҚР-дың президенті-елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіздік күніне арналған сал-
танатты жиында сөйлеген сөзі. 14.12.2013. – Ақиқат. – № 1. – 2014. – 5-б.


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
45
саяси-құқықтық жүйесі бар, экономикасы тұрақты, халқының әл-ауқаты жоғары, ұдайы даму
үстіндегі мемлекет ретінде қалыптасты.
Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру
жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірауыздан мемлекет басшысы болып
сайланған тұңғыш президент – елбасы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен іске асты 
54
.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланған сәттен бастап президенттік инсти-
тут қалыптасуының екінші кезеңі басталады. Бұл кезеңдегі басты жағдай президент тәуелсіз
мемлекеттің басшысына айналды. Мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот
тармақтарына бөлінуі принципінің орнықтырылуына байланысты президент мемлекеттің бас-
шысы ғана емес, сонымен бірге республиканың атқарушы билігінің де басшысы деп танылды.
ҚР-дың 1993 жылғы конституциясы президентті мемлекеттік биліктің атқарушы тар-
мағына енгізді. Сөйтіп, бірінші конституция президенттің мәртебесін әлсіретті. Оның есесіне
Жоғарғы кеңестің ұстанымдары мен өкілеттіктері күшейтілді. ҚР-дың Жоғарғы кеңесі тәу-
елсіз мемлекеттің бірден-бір заң шығарушы және өкілдікті органына айналды. ҚР Жоғарғы
кеңесінің құзыреті, шын мәнінде, шексіз болды. Демек, 1993 жылғы ҚР-дың конституциясы
күшті заң шығарушы билік ұстанымында тұрды. Мұндай жағдайда қандай да болсын күшті
президенттік билік туралы айту орынсыз болатын. Ол атқарушы билікке байланды. Сондықтан
ҚР-дың 1993 жылғы конституциясында президенттің жоғары мемлекеттік билік органдарының
өзара іс-қимылын қамтамасыз ету құқығы туралы ережелер болған жоқ.
Президенттік басқару формасына қарай алғашқы елеулі қадамды ҚР-дың Жоғарғы
кеңесі 1993 жылғы желтоқсанда, президентке заңдар қабылдау құқығы берілген кезде жасады.
Президентке заң шығару өкілеттігін уақытша беру туралы заң қабылданған сәттен ҚР-да пре-
зиденттік басқару формасының қалыптасу үрдісі басталды.
1993 жылғы конституция бойынша Қазақстан парламенттік республика болып саналды.
Өкілеттігі аса мол Жоғарғы кеңес президентке мемлекет басшысы ретінде толыққанды және
тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік бермеді. Мұндай жағдайда елде демократиялық реформалар
жүргізіп, нарықтық экономика құру мүмкін емес еді. Жоғарғы кеңес президент Н.Ә. Назар-
баевтың саясатына қарсы тұрды. Осы саяси дағдарыс нәтижесінде 1995 жылы парламентсіз
қалдық.
54
Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығы декларациясы. Қазақстан Республикасы парла-
менті сенатының қаулысы // Егемен Қазақстан. – 12 желтоқсан. – 2011.


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
46
Осыған байланысты Н.Ә. Назарбаевтың саясатын жүзеге асыру жолында арқа сүйейтін
қандай да бір құқықтық негіз қажет болды. Сөйтіп, 1 наурызда президент жарлығымен Қаза-
қстан халқының ассамблеясы (қазіргі Қазақстан халқының ассамблеясы – С.С.) құрылып, ол
президент Н.Ә. Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту жөнінде 1995 жылы 29 сәуірде референдум
өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл тұрғыда Назарбаев Қазақстан халқының ассамблеясы
туралы өз жарлығына сүйенді.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Респуб-
ликасының конституциясы мемлекетіміздің ойдағыдай дамуының құқықтық іргетасы болып
табылады. 1995 жылғы конституция Қазақстанды президенттік басқару нысанындағы біртұ-
тас мемлекет деп жариялады. Мемлекеттің саяси жүйесі конституцияда нақты көрініс тапқан.
Саяси жүйенің негізгі тұғыры – президенттік басқару жүйесі конституцияда алғаш рет заңда-
стырылған.
Президенттік басқару нысаны төмендегідей сипатталады:
– президент – мемлекет басшысы;
– үкімет өзінің бүкіл қызметінде президенттің алдында жауап береді, тек конституцияда
көзделген ретте ғана парламентке есеп береді;
– президент үкімет мүшелерін тағайындайды;
– президент өз қалауы бойынша, үкімет мүшелерін қызметтен босатады;
– президенттің парламент қабылдаған заңдарға тыйым салуға құқығы бар;
– конституцияда көзделген ретте президент заңдар, сондай-ақ заң күші бар жарлықтар
шығарады;
– президент заңдардың қабылдану кезектілігі мен жеделдігін белгілей алады;
– президент парламентті тарата алады;
– президент лауазымы бойынша, Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы болып
табылады;
– президент мемлекеттің, демек, үкіметтің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыт-
тарын өз қалауынша айқындайды;
– президенттің өз қалауынша парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыруға құқығы
бар;
– президенттің өз қалауынша референдум өткізуге құқығы бар;
– президенттің елде төтенше жағдай енгізуге, оның бүкіл аумағында немесе жекелеген
жерлерінде әскери жағдай енгізуге, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялауға шектеулі
құқығы бар;
– президенттің кешірім жасауға, марапаттауға, азаматтық беруге құқығы бар
55
.
Қазақстан Республикасы президенті мәртебесінің аталған ережелері өзіндік ерекшелік-
тері бар президенттік басқару формасының орнатылғанын айғақтайды. Қазақстан Республи-
касы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Елбасы атап көрсеткендей,
55
Қазақстан Республикасының конституциясы. – Алматы, 2010.


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
47
«президенттік республика моделін таңдап алып, біз елді посткеңестік экономикалық және
саяси бейберекетсіздіктен шығардық»
56
.
1995 жылы жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының
конституциясы президентті азаматтардың құқы мен бостандықтарын қорғаудың, сондай-ақ
мемлекеттік биліктің барлық тармақтары мен институттарының тиімді және үйлесімді қыз-
метінің кепілгері ретінде айқындап, президенттік билікті нығайта түсті.
Президент институтының қазақстандықтар арасындағы жоғары беделі 1999, 2005, 2011
жылдардағы баламалы жалпыға ортақ президенттік сайлау өткізу барысында нақты қуатталды.
Республика президентінің жетекшілігімен кең ауқымды экономикалық, саяси және әле-
уметтік реформалар жүзеге асырылды. Мемлекет басшысының жан-жақты сараланған ішкі
және сыртқы саясатының арқасында еліміз саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге
ұшырамай, дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу
мен өркендеу жолына шықты.
2011 жылы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы президентін кезектен тыс сайлау Нұр-
сұлтан Назарбаевтың халықтың берік сеніміне және қолдауына ие болған тарихи тұлға екен-
дігін тағы да дәлелдеп берді. Бүгінгі Қазақстан – өзінің ел таныған ұлттық лидері бар, демо-
кратиялық қоғамды орнықтыруды басты мақсатына айналдырған, дүниежүзілік қауымдастық
мойындаған тәуелсіз ел. Бұрын біз басқалардан үйренген болсақ, енді басқа елдер біздің
тәжірибемізді басшылыққа алатын айшықты заман орнығып келеді
57
. Біз үйренетін ұлттан
үйрететін ұлтқа айналдық.
ҚР президенті «Қазақстан-2050» стратегиясында атап айтқандай: «Біз мемлекеттік
басқаруда өзіндік тұрғыда төңкеріс жасауға қол жеткіздік, оны халыққа мемлекеттік қызмет-
терді көрсету сапасын арттыруға қайта бағдарладық»
58
.
Мемлекетті басқарудағы жүйе түзуші рөлді президенттік институт атқарады. Республика
президенті конституцияның сенімді кепілі, елді жаңғыртудың бастамашысы және іске асыру-
шысы болып табылады. Қазақстандағы осы саяси-мемлекеттік институттың қызметіне келсек,
жиырма жылдан астам уақыт президенттік институттың ұтымды жақтарын көрсетіп берді.
Қазақстандағы парламентаризмнің қалыптасу және даму тарихы. Халықтық демократи-
яны білдіру нысаны ретіндегі өкілді билік қазақстандық қоғамға ежелден тән. Ол қалыптасқан
саяси жүйеге байланысты өзгеріп отырды. Қазіргі Қазақстан парламенті бір палаталы өкілді
органның – алғаш рет Қазақ КСР-дың 1937 жылғы конституциясы, ал содан кейін Қазақ КСР-
дың 1978 жылғы конституциясы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы конституциясы
негізінде құрылған Жоғарғы кеңестің орнына келді.
Жоғарғы кеңес өзі жұмыс істеген кезде он үш рет сайланды. Қазақ КСР Жоғарғы
кеңесінің алғашқы сайлауы 1938 жылғы 24 маусымда өткізілді. Ол уақытта депутаттар корпу-
сын құру баламасыз негізде Коммунистік партияның қатаң бақылауымен жүргізілгенін атап
өту керек. Депутаттыққа кандидаттар партия ұйымдары белгілеген таптық, партиялық, ұлт-
тық, жыныстық-жастық және басқа да квоталар бойынша іріктелді. Сондықтан заң шығару
органының құрамында қанша жұмысшы, колхозшы, қызметші, коммунист, комсомол мүшесі,
қазақ, орыс, украин, сондай-ақ басқа да ұлт өкілдері, әйелдер, жастар және т.с.с. болатыны
сайлау басталмастан бұрын белгілі болатын. Мемлекеттік органдардың жоғарғы шенеуніктері,
партия, комсомол және кәсіподақ органдарының басшылары атқарып жүрген қызмет лауазым-
дарына сәйкес депутаттыққа кандидат болып ұсынылатын.
56
Егемен Қазақстан. – 17 мамыр. – 2007.
57
Омарбеков Т Өрлеу жолында // Ана тілі. – 22 желтоқсан. – 2011.
58
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. ҚР президенті-елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауы. 14.12.2012 // Айқын. – 15 желтоқсан. – 2012.


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
48
Қазақ КСР-дың 1978 жылғы конституциясы сайлау жүйесіне аз ғана өзгерістер енгізді.
Еліміздің осы негізгі заңына сәйкес Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі мемлекеттік биліктің жоғарғы
органы болып табылды. Қазақ КСРдың Жоғарғы кеңесі КСРО конституциясымен және Қазақ
КСР конституциясымен Қазақ КСР жүргізуіне жатқызылған мәселелердің барлығын шешуге
өкілетті болатын.
1990 жылғы наурызда он екінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің сайлауы өтті.
Бұл әкімшіл-әміршіл жүйенің ықпалы әлі де болса жеткілікті болып тұрған жағдайдағы рес-
публиканың жоғарғы заң шығару органының алғашқы неғұрлым демократиялық сайлауы бола-
тын. Сайлау алдындағы тартысқа 360 депутаттық мандат үшін екі мыңнан астам үміткер
қатысты. Республикалық қоғамдық ұйымдардан 90 адамның сайланғаны да аталған сайлаудың
бір ерекшелігі болып табылады. Бұл сайлау толыққанды саяси партиялар болмаған жағдайда
өткенімен, тоталитарлық жүйенің өзгеру үрдістеріне бұлжымас сипат берді.
Он екінші сайланған Жоғарғы кеңес Қазақстан парламентаризмінің қалыптасу
тарихында ерекше рөл атқарды. Бұл бірқатар аса маңызды құқықтық актілердің қабылда-
нуында, мемлекеттің 90-жылдардағы саясатын заңнамалық жағынан қамтамасыз етуде көрініс
тапты.
«Қазақ КСР президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР конституциясына (Негізгі
заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы 1990 жылғы 24 сәуірдегі Қазақ КСР-
ның заңымен Қазақ КСР Президентінің қызметі тағайындалып, еліміздің алғашқы президенті
болып Н.Ә. Назарбаев сайланды.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі «Қазақ КСР-ының мемлекеттік еге-
мендігі туралы» декларацияны қабылдады, онда тұңғыш рет аумақтың бөлінбейтіндігі және
оған қол сұғылмайтындығы бекітіліп, еліміз халықаралық құқық субъектісі ретінде айқын-
далды, азаматтық институт, сондай-ақ меншік нысандарының тең құқылығы енгізілді.
1991 жылғы тамыз бен желтоқсандағы оқиғалар – Мәскеуде іске аспай қалған бүлік және
Беловежск келісімдері КСРО тарихының соңғы нүктесін қойып, 1991 жылғы 16 желтоқсанда
Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуел-
сіздігін жария етті.
Он екінші сайланған Жоғарғы кеңес 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстанның кеңестен
кейінгі алғашқы конституциясын қабылдады.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы конституциясында бұрынғыша Жоғарғы
кеңеске өте көп өкілдік берілді, бұл биліктің бөліну принципін жүзеге асыру мен тежемелік
әрі тепе-теңдік жүйесін құруды қиындатып жіберді. Реформалардың одан әрі жүргізілуі рес-
публикалық билік органдарының, бірінші кезекте, өкілді органдардың тиімсіздігін анықтады,
өйткені олар жедел өзгеріп жатқан оқиғаларға шұғыл түрде әсер ете алмады және осыған орай,
баламалы шешімдер қабылдауға дәрменсіз болды. Жоғарғы кеңестің тұрақты негізде істеген
жекелеген органдарының жұмыс нәтижелері де кәсіби парламент құрудың қажеттігін дәлел-
деді. Тежемелілік пен тепе-теңдік тетіктерінің жұмыс істемеуі Жоғарғы кеңеске үкіметтің қыз-
метіне араласуына немесе оны ауыстыруға дейін баруына мүмкіндік берді, бұл республиканың
өкілді органының қызметін мерзімінен бұрын тоқтатуға алып келді.
Он екінші сайланған Жоғарғы кеңестің өзін-өзі таратуы биліктің жергілікті өкілді орган-
дарының өкілеттіктерін тоқтатуынан басталды. Алдымен, Алматы қаласының Алатау аудан-
дық кеңесі, ал содан кейін республиканың аудандық және облыстық кеңестері бірінен соң
бірі өз сессияларында өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.
Бұған қоса, 43 халық депутаты өкілеттігін тоқтатқаны туралы мәлімдеме жасап, әріптестерін
өздерінің жолына түсуге шақырды. Он екінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы
кеңесі 11-сессиясыньщ жұмысы аяқталар қарсаңында жергілікті кеңестердің төрттен бірінен
астамы өз жұмысын тоқтатты. Осындай жағдайда халық қалаулылары парламент қабырғасында
өткізген ұзақ пікірсайыстардан кейін «Сайлау туралы кодекс», «Республика президенті мен


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
49
жергілікті әкімдерге уақытша қосымша өкілеттіктер беру туралы» заң және «Жоғарғы кеңе-
стің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» заң қабылдады. Республиканың жоғарғы
өкілді органының соңғы екі заңнамалық актіні қабылдауының маңызы іс жүзінде конституци-
яға түзетулер енгізумен бірдей болды.
1994 жылғы 7 наурызда өткен сайлау республикада көп партиялылықтың қалыптасуына
ықпал етті. Уақытша регламентке сәйкес партиялар өкілдіктері негізінде Жоғарғы кеңесте
мынадай фракциялар құрылды: Қазақстан Халық бірлігі одағы (ҚХБО – 32 адам), Қазақстан
Халық конгресі партиясы (ҚХК – 22 адам), Социалистік партия (12 адам) және Кәсіподақтар
федерациясы (12 адам), сондай-ақ, негізінен, кәсіби белгісі бойынша қалыптасқан 14 депутат-
тық топ болды. Қазақстан тарихында тұңғыш рет саяси партиялар мен қозғалыстар биліктің
нақты тұтқаларына қол жеткізіп, мемлекеттік бағдарламалардың қалыптасуына және қабыл-
дануына ықпал ету мүмкіндігін алды.
1994-1995 жылдар кезеңі қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуындағы төтенше
маңызды кезең болып табылады. 1994 жылғы сәуір – 1995 жылғы наурыз аралығында жұмыс
істеген он үшінші сайланған Жоғарғы кеңес депутаттар тұрақты негізде жұмыс істеген Қаза-
қстанның тұңғыш кәсіби парламенті болды.
Алайда он үшінші сайланған Жоғарғы кеңестің тағдыры өте қиындау болып шықты.
Ол өз қызметіне билік тармақтарын бөлу тетігі логикалық тұрғыдан аяқталуға дейін жет-
кізілмеген, биліктің тежемелілігі мен тепе-теңдік жүйесі нақты мазмұнмен толықтырылмаған,
Жоғарғы кеңестің, президенттің және үкіметтің мәртебесі аяғына дейін айқындалмаған мем-
лекеттік құрылыстың ең бір күрделі кезеңінде кіріскен еді.
Сонымен бірге бұл Жоғарғы кеңестің Қазақстанда парламентаризмнің одан әрі дамуына
алғышарттар негізін салғанын мойындаған жөн. Он үшінші сайланған Жоғарғы кеңестің
төрағасы Ә. Кекілбаев: «Кәсіби парламенттің құрылуын, абзалы, ешбір қиналыссыз биылғы
жылдың қоғамдық-саяси өміріндегі ең бір ірі оқиға деп атауға болатын шығар. Оның жұмысы-
ның басталуы жаңа мемлекеттілік пен демократияның қаз тұруындағы елеулі кезеңдердің бірі
ретінде Қазақстанның тарихи күнтізбесіне кіретіні шүбәсіз… Кәсіби парламент бізде ешқа-
шан болған емес және біз сынап көрулер және қателіктер әдісімен жұмыс істеуге мәжбүр бол-
дық… Жаңа мәртебе иеленген Жоғарғы кеңес өкілеттіктерінің айқындалуы біртіндеп жүріп
жатыр»
59
, – деп атап көрсетті.
Он үшінші сайланған Жоғарғы кеңес бір жылдан сәл азырақ жұмыс істеп, заңсыз деп
танылды, өйткені конституциялық сот сайлау заңнамасының кейбір нормалары конституцияға
сәйкес келмейді деп таныды, депутаттарды сайлау соған сәйкес жүргізілген еді.
Қазақстанды президенттік республика деп жариялаған 1995 жылғы конституция, сон-
дай-ақ «Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі
туралы», «Қазақстан Республикасының үкіметі туралы», «Сот жүйесі және судьялардың мәр-
тебесі туралы» конституциялық заңдар биліктің әрбір тармағының мәртебесі мен функциясын
реттеді.
1995 жылғы Кңзақстан Республикасының конституциясында парламенттің заң шығару
функциясын жүзеге асыратын Республиканың жоғарғы өкілді органы болып табылатыны
бекітілген
60
.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: сенаттан және мәжілістен
тұрады.
1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының конституциясында
«парламент» ұғымы алғаш рет ресми түрде бекітілді. Осыдан кейін ғана ел президенті Н.Ә.
Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заң күші бар Жар-
59
ҚР парламентінің ресми сайты http: // www.parlam.kz/kk/history
60
Қазақстан Республикасының конституциясы. – Алматы, 2010.


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
50
лыққа қол қойды, оған сәйкес қос палаталы парламентке депутаттарды сайлау 1995 жылдың
соңында өткізілді.
Бірінші сайланған Қазақстан Республикасының парламенті 19961999 жылдар аралы-
ғында жұмыс істеді. Бірінші сайланған парламент сенаты мен мәжілісінің сайлауы 1995 жылғы
желтоқсанда өтті. Сенатқа 40 депутат 19 облыстан және Қазақстан Республикасының астана-
сынан екі-екі адамнан сайланды. Сенаттың жеті депутатын Қазақстан Республикасының пре-
зиденті тағайындады. 1996 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы парламенті сенатының
бірінші отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша Өмірбек Бай-
гелді сенаттың төрағасы болып сайланды.
Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісіне сайлау 1995 жылы 9 желтоқсанда
болды. 67 депутат сайланды. 1996 жылғы 30 қаңтарда бірінші сайланған Қазақстан Республи-
касы парламенті мәжілісінің бірінші отырысында мәжіліс төрағасы болып М.Т. Оспанов сай-
ланды.
Екінші сайланған Қазақстан Республикасының парламенті 19992004 жылдар аралы-
ғында қызмет жасады. Қазақстан Республикасының бес облысы таратылуына байланысты сенат
депутаттары 14 облыстан және Алматы мен Астана қалаларынан сайланды. Екінші сайланған
Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағалары болып, О. Әбдікәрімов (2004
жылғы 10 наурызда депутаттық өкілеттігі аяқталғанға дейін жұмыс істеді) және Н. Әбіқаев
(2004 жылғы 10 наурыздан бастап) сайланды.
1999 жылдың күзінде енгізілген конституциялық өзгерістерге сәйкес алғаш рет Орта-
лық Азия өңірінде аралас схема бойынша Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісіне
сайлау өтті, бұл саяси партияларға тең өкілдік негізінде партиялық тізім бойынша парла-
ментке сайлану мүмкіндігін берді. Осындай жаңалықтардың нәтижесінде бұл сайлау парла-
менттік үлгідегі саяси партиялар құру үрдісін ынталандыра отырып, жоғары саяси мәнімен
және баламалы түрде өтуімен ерекшеленді. Сайлауға 10 саяси партия қатысты. Мажоритар-
лық бір мандатты округтерде 547 кандидат тіркелді. Жалпы сайлау барысында сол кезеңде
Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған кандидаттар саны бойынша орташа есеппен бір оры-
нға сегіз адам тіркелді.
Парламент мәжілісіне сайлау қорытындылары бойынша бір мандатты округтер бойынша
67 депутат және біртұтас жалпыұлттық округ бойынша партиялардан 10 депутат сайланды.
Олар жеті пайыздық барьерді еңсерген төрт партияның – «Отан», Азаматтық, Аграрлық және
Коммунистік партияның өкілдері болды. Екінші сайланған Қазақстан Республикасы парла-
менті мәжілісінің төрағасы болып Ж.А. Тұяқбай сайланды.
Үшінші сайланған Қазақстан Республикасының парламенті 2004-2007 жылдары жұмыс
істеді. 2005 жылғы 1 желтоқсанда Қдзақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы
болып Н. Әбіқаев сайланды. Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы парламенті сенаты-
ның 2007 жылғы 11 қаңтардағы отырысында жасырын дауыс беру арқылы Қазақстан Респуб-
ликасы президентінің ұсынуымен Қдсым-Жомарт Тоқаев сенат төрағасы болып сайланды.
Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісін сайлау 2004 жылғы
қыркүйекте болды. Сайлауға 12 саяси партия қатысты, олардың ішінде 4-еуі екі сайлау бло-
гының құрамында. Сайлау нәтижесінде Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісіне 77
депутат сайланды. 67 депутат Республиканың әкімшілік-аумақтық бірлігі ескеріле отырып
құрылған, шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бой-
ынша сайланды. 10 депутат тең өкілдік жүйесі және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің
аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланды. Олардың ішінде 7 депутат «Отан»
республикалық саяси партиясынан, бір-біреуден «Асар» республикалық партиясынан, «Ақ
жол» демократиялық партиясынан және Қазақстанның Аграрлық және Азаматтық партияла-
рының «АИСТ» сайлау блогынан (Еңбекшілердің аграрлық-индустриялық одағы) сайланған.


. Коллектив авторов. «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышар-
ттары және қалыптасуы. 4-кітап»
51
Үшінші Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің төрағасы болып О.Б. Мұхамеджанов
сайланды
«Үшінші шақырылған Қдзақстан Республикасы парламентінің мәжілісін тарату және
Кдзақстан Республикасы парламенті мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағай-
ындау туралы» Қазақстан президенті жарлығының қабылдауына байланысты 2007 жылғы 20
маусымда үшінші сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісі өз қызметін
аяқтады.
Конституцияға 2007 жылғы мамырда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес
төртінші сайланған Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының жаңа құрамы 2007
жылғы тамызда қалыптастырылды. парламент сенатында президент тағайындайтын депутаттар
санының 15 адамға дейін ұлғаюын көздейтін өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып,
елбасы 2007 жылғы 28 тамызда қосымша 8 сенаторды тағайындады.
Жаңартылған конституцияға сәйкес мәжіліс 107 парламентшіден тұрады. Олардың 98
депутаты 2007 жылғы 18 тамызда 7 саяси партиядан біртұтас жалпы ұлттық округ бойынша
жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланды.
Мәжілістің 9 депутатын 2007 жылғы 20 тамызда Қазақстан халқы ассамблеясы сайлады.
Көп партиялы сайлауда дауыс беру кезінде «Нұр Отан» халықтық-демократиялық пар-
тиясы ғана 7 пайыздық кедергіні еңсерді, оның қатарындағы депутаттар парламент мәжілісін-
дегі барлық 98 орынды иеленді. Төртінші Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің
төрағасы болып алғаш А.Е. Мусин сайланды. Ол өкілеттігін 2008 жылғы қазанда тоқтатты.
2008 жылы қазанда оның орнына төраға болып О.Б. Мұхамеджанов сайланды.
Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы парламентіне 2012 ж. 15 қаңтарда кезек-
тен тыс сайлау өтті. Бұл күні 6 миллион 980 мың қазақстандық (тұрғындардың 75,1 %-ы)
өз таңдауын жасады. 2011 жылдың соңында бірнеше депутат ел президентіне мәжіліс пен
мәслихаттарды тарату туралы Жарлық қабылдауын сұрап өтініш жасаған болатын. Депутат-
тар бұған негізгі екі себепті атады, біріншіден, 2012 жылы әлемдік қаржы дағдарысының
екінші толқыны келуі мүмкін, сондықтан одан өткен кезде сайлаулар өткізуге алаңдамаған
жөн, ал екіншіден, жаңа заңға сәйкес келесі парламенттің құрамында кемінде екі саяси пар-
тия болуы керек. 2011 жылы 16 қарашада Н.Ә. Назарбаев депутаттардың өтінішін қанағат-
тандырып, тиісті жарлыққа қол қойды. Сайлауға 7 партия – «Нұр Отан» халықтық демо-
кратиялық партиясы, «Әділет», «Қазақстан патриоттары партиясы», Жалпыұлттық социал-
демократиялық партиясы (ЖСДП), «Ақ жол», Қазақстанның коммунистік халық партиясы
және Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы қатысты. Кезектен тыс парламент-
тік сайлаудың қорытындысы бойынша «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы сай-
лаушылардың 80,99 % дауысына ие болып сенімді жеңіске жетті. Соның нәтижесінде «Нұр
Отан» мәжілістегі 83 депутаттық мандатқа ие болды. Қазақстанның «Ақ жол» демократия-
лық партиясы 7,47 %, ал Қазақстанның коммунистік халық партиясы 7,19 % дауыс алып, жеті
пайыздық көрсеткішті еңсеріп, парламенттен орын алды. Орталық сайлау комиссиясы сайлау
қорытындысы бойынша бекіткен квотаға сәйкес, «Ақ жол» парламентте сегіз орын, ал Қаза-
қстанның коммунистік халық партиясы жеті орын алды. Өткен сайлау елдегі көппартиялы-
қтың, демократияның дамуындағы маңызды қадам болды. Қазақстан демократияны дамытуда
елеулі қадам жасады. 2012 жылғы 15 қаңтарда өткен сайлаудың қорытындысы бойынша парла-
мент мәжілісінің құрамы көппартиялы болып түзілді. Қазақстан халқы ассамблеясынан пар-
ламентке 9 адам депутаттыққа сайланды. Парламент мәжілісінің төрағасы қызметіне Н. Нығ-
матуллин ұсынылып, оны барлық депутат қауым бір ауыздан қолдады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет