Лекция тақырыбы Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру үрдісіне қосудың вариативті формалары. Лекцияның оқыту нәтижелері



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата30.05.2022
өлшемі401,59 Kb.
#145523
түріЛекция
  1   2   3   4   5
Байланысты:
10-лекция



№10 Лекция тақырыбы
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру 
үрдісіне қосудың вариативті формалары

 
Лекцияның оқыту нәтижелері:
1. Мүмкіншілігі шектеулі балалармен жұмыс жасауға дайындығын көрсетеді;

2. Білім беру барысында балалардың ерекшелігін есепке ала отырып, тәжірибеде 


қолдану дағдысын көрсетеді; 
 
Лекция мазмұны: 
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары 
«Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», 
«Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге 
ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», 
«Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан 
Республикасының Конституциясында бекітілген.
Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, 
зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге 
байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. 
Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi-сегiз жастан анық байқалады. Ата-аналары 
көмекші не арнайы мектептер мен мектеп-интернаттарға, психологиялық-педагогикалық 
түзеу кабинеттері мен коррекциялық-түзету сыныптарына кемтар балаларын бергісі 
келмеген жағдайда жалпы білім алатын мектептерде ПМПК-ның ұсынысы бойынша 
жеңілдетілген бағдарламамен оқытуына толық құқылары бар. Жалпы білім беретін 
мектептер мен бала бақшалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни, 
баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге 
және инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн. Инклюзивті оқытуға жалпы 
мектептерде арнайы (психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед) 
мұғалімдер болмаған жағдайда, тәрбиешілерді, бастауыш кластың мұғалімдерін, қазақ тілі 
мұғалімдерін арнайы курстарға жіберіп оқытуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет