Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет15/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

Електің еңкіштігі
. Жарма зауыттарында, астықты қоспалардан 
тазарту үшін, тербелмелі қозғалыста болатын ылди орналасқан ау
-
алы електі тазалағыш машиналарды (сұрыптауыштар, елеуіштер) 
кеңінен қолданады. Електерді еңкіш орнатудың негізгі мақсаты – астық 
дақылдарын қабылдау орнынан ылди қозғалуын қамтамасыз ету бары
-
сында оны ірілігі бойынша сұрыптау. Еленетін әр дақылдың динамикалық 
үйкеліс коэффициентін ескеріп електің еңкіштігін орнатады. Тары, ас 
бұршағы, қонақ жүгері және қонақ дақылдары үшін елек еңкіштігін елек 
ұзындығының 1:16 (1 метрге 60 мм) қатынастан көп болмауы қажет, ал 
қарақұмық үшін – 1:12 (1 метрге 80 мм).
Елекке түсетін астықтың қалыңдығы.
Сұрыптау тиімділігіне 
түсетін астықтың қалыңдығы әсерін тигізеді. Елекке толық жүктеме 
берілгенде сілкінетін астық оның бетіне көтеріледі, осының салдарынан 
еленуі төмендейді. Сондықтан сұрыптауда астық пен елек енінің толық 
қамтылуын, қалыңдығы дәннің үш еселенген өлшеміндей біркелкі бо
-
луын қадағалайды. 
Елеу үдерісінің қарқындылығын арттыру үшін тербелетін електің 
қабылдау бетінде, астық ағымына перпендикуляр, биіктігі 5 мм көтеріңкі 
қопсытқыш (кеңірдекті, табалдырық) қолданады. Бұл астықтың елек 
бетінде ұзақ болуын қамтамасыз етеді және еленбеуін болдырмайды.
Електі тазалау.
Елек саңылауы бекітілгенде елену беті, таза жұмыс 
беті азаяды, сондықтан електі тазалау механизмі үздіксіз тербелмелі не
-
месе дірілдеу қозғалыста болуы қажет. Осындай қозғалыс нәтижесінде 
астық массасы қопсып, біріншісі екіншісімен салыстырғанда қозғалып, 
олардың арасында қуыс пайда болу нәтижесінде өзіндік сұрыпталу 
үдерісіпайда болады. Осы жағдайда майдасы және ауыры (тығыздығы 
жоғарылары) ірілерінің арасынан өтіп, төменгі қабатта шоғырланады, 
ал жеңілдері ауыр заттардың бату әрекетінде пайда болатын сына тектес 
күш әсерінен қабаттың жоғарғы бетіне шығады. Сұрыпталатын астықтың 
(қоспалардан және басқа дақылдардан тазартылған) тығыздығы бірдей 
болғандықтан, өзіндік сұрыпталуда ірілігі бойынша жіктеледі; бұл 
жағдайда майдалау астық електің бетімен әрекетте болып, олардың елек 
саңылауынан өтуі қамтамасыз етіледі.


25


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет