Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет18/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

2.5 Тығыздық айырмашылықтары бойынша 
астықты қоспалардан тазалау
Астық массасы кесектер, ұсақ тас, руда және басқа қоспалармен ласта
-
нуы мүмкін, егер осы қоспалардың өлшемдері астық дәндерімен бірдей 
болса оларды сепараторларда және желдеткіштерде бөле алмайды. Осы 
қоспалар барлық дақылдарда кездеседі. Аталған қоспалардың бір бөлігінің 
өлшемдері негізгі астық дәні өлшемдерімен бірдей келеді, бірақ тығыздық 
көрсеткіштері бойынша елеулі айырмашылықтары болады.
Өзіндік сұрыпталған астық массасының фракцияларынан тығыздығы 
және заттардың үйкеліс коэффициенттері айырмашылықтары бойынша 
минералды қоспаларды тас бөлгіш машиналарда бөліп алады. Іс­әрекет 
айырмашылықтары бойынша тас бөлгіш машиналар үш топқа бөлінеді: 
тербелмелі, тербелмелі пневматикалық және гидродинамикалық.


31
Бірінші топта, сусымалы массада тербелмелі жағдайда, бетте пайда бо
-
латын инерциялық күшті пайдаланатын машиналарды қолданады. Жеке 
компоненттердің қабат­қабат болуы және бөлінуі олардың тығыздық, 
өлшемдері, формасы және бет жағдайлары ерекшеліктеріне байла­
ныс ты.
Қоспаны бөлу үшін тербермелі пневматикалық әрекеті бар екінші топ 
машиналарын қолданады. Бұл машиналарда көтерілетін ауа ағымымен 
сұрыптайтын беттің тербелу әрекеттерінің үйлесімі пайдаланған.
Минералды қоспаларды су ағымында бөлу үшін үшінші топтағы ма
-
шиналарды қолдану арқылы шешеді (жуғыш машиналарда).
Тас бөлгіш АI­БОК төрт бөлім бар шкаф типті кузовтан тұрады. 
Әр бөлім металл сымды електер, елеу бетін құрайтын, тартылған тік 
бұрышты 12 рамалардан 1 тұрады (9­сурет). Қайтармалы айналатын 
шкафтың көлденең жазықтығында астық массасы сұрыпталып, үш 
фракцияға бөлінеді.
9-сурет
. А1­БОК тас бөлгіш машинасы електі рамасы
1 – металл елек; 2 – төгетін астауша; 3, 5 – табаны; 
4 – құбырдың шеткі бұрыштамасы
Бірінші фракция – минерал қоспалары жоқ, жоғарғы қабатқа қалқып 
шыққан негізгі дақыл. Осы таза астық астауша 2 арқылы табаны 3 бойы 


32
раманың қысқа жағынан жылжиды. Бұл фракцияда ұзын қоспалар бо
-
лады, өзіндік сұрыпталуда жоғарғы қабатқа қалқып шығады.
Екінші фракция – минерал қоспасы бар астық. Раманың металсымды 
елегінен сырғып, сыртқа жіберетн қорапшаға жиналады.
Үшінші фракция – майда қоспалар (металсымды електен өткені) таба
-
ны 5 бойымен шкафтың бүйірінде орналасқан астаушамен шығарылады. 
А1­БОК тас бөлгіш тербермелі пневмо А1­БКР мен немесе соған ұқсас 
А1­БКВ­мен үйлесіп жұмыс істейді, олар құрамында жарамды дәні бар 
бөліп алынған минерал қоспаларды сұрыптайды (10­сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет