35
Қоспалардан күресуді алдын ала бастау қажет. Ол үшін: астық масса
-
сын тазаланған вагондарға тиеу; норияларды жақсы тазалау; құбырлар
мен жабдықтарды қалдықтардан қайта жөндеуден кейін және тотталудан
ұқыпты тазалау; жабдықтардың бөлшектерін және металл құбырларды
жөндеу жұмыстарын шеберханаларда жүргізу; жұмыс бөлшегін абразивті
массамен толтырар алдында зімпараны магниттен өткізу.
Металлмагнит заттарды астық массасынан және өнімдерден тазалау
үшін магнитті сепараторларды қолданады. Олардың жұмыс органдары
тұрақты немесе электрлі магниттер.
Тұрақты магниттер және олардан құрастырылған магнит колонка
-
лары (12сурет) жарма зауыттарында кеңінен қолданады, себебі олар
-
ды кез келген жерге (құбырлар ішіне, сепараторлар астына және басқа
машиналарға) орналастыруға ыңғайлды. Олардың кемістігі: бөлінген
қоспаларды қолмен алу, мезгілмезгіл магниттеу, себебі астық құлағанда,
металды заттармен әрекеттескенде және пайдалану барысында, жылудың
әсерінен магниттік қасиеттері төмендейді.
12-сурет
. МК1400
магниттік колонка
36
Қазіргі кезде тағаға ұқсас немесе магнико қорытпасы кеңінен қол
дануда (13сурет), олардың магнит индукциясы жоғары; соққыға және
тербелтуге төзімді, өте ыңғайлы – габаритті өлшемдері және массасы аз.
Қалыпты жағдайда бір тағаның көтеру күші 12 кг., ал магнико қоспаның
бір тағасының көтеру күші 20 кг. Осының нәтижесінде магнит блогының
бірлігіне жүктемені көбейтіп, магнит санын азайтуға мүмкіндік туады.
Тағалы магнит блогы үстіндегі астық пен жарманың қалыңдығын 1012
мм ұстайды, ал ұнды өнімдер үшін – 57 мм.
Достарыңызбен бөлісу: