55
рысында, ауа ыстық астықпен әрекетте болып температурасы көтеріледі,
ылғал жұтқыштығы артады, нәтижесінде дәннің ылғалы ауаға өтеді, ал
дән қосымша ылғалынан айырылады. Ылғалы жоғары ауамен суытпау
қажет, өйткені ылғалды ауаның ылғалы астықты қосымша ылғалдауы
мүмкін, ал бұл қауыздау үдерісінің тиімділігін төмендетеді.
Астықтың температурасын 2530 градус аралығына жайлап төмен
детіп, қауыз бен ядро температурасын тұрақты ұстауды қамтамасыз
ету қажет. Керісінше болған жағдайда ядро ылғалы қауызға өтіп, оның
ылғалын арттырады, ядродан ажырауын қиындатады, қауыздағыш
машинасының жұмысын қарқындатуды қажет етеді де, ядро шығымы
азаяды және дән шағылады. Осы жағдайды болдырмау үшін суытудан
кейін астықты жедел қауыздауға беру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: