Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов


Астықты дайындау бөлімі жабдықтарынан



Pdf көрінісі
бет24/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

2.11 Астықты дайындау бөлімі жабдықтарынан 
алынған қалдықтарды және ұшындыларды тексеру
Жарма зауыты дайындау бөлімдерінде қоспаларды қарқынды тазалау
-
да кейбір жарамды негізгі астық дәні қоспаларда қалуы мүмкін. Жарам
-
ды азық­түлік астық дақылдарын қалдықтардан тексеруде бөліп алып, 
олардан сапалы жарма алады. Соның нәтижесінде жарма шығымын 
арттыруға болады. Жемді қалдықтардан минералды қоспаларды ажы
-
ратып жем қоспа жасайды. Қоспалардағы жарамды астық мөлшері нор
-
мадан аспауы қажет.
Қайта тексеруде кейін, негізгі астық алынбай қалған жағдайда, оларды 
тұтынуға қолданады. Астықты тазалаудан кейін алынған, әрекет етілген 
топтамаға байланысты қалдықтар құрамындағы астық мөлшеріне бай
-
ланысты үш категорияға бөлінеді.
Бірінші категерия – астық қалдықтары мөлшері 30­дан 50% және 
астық дәні 10 – 30%, сондай­ақ ұнтақ және басқа жемді заттар.
Екінші категория – астық қалдықтары мөлшері 2­ден 10%, сондай­ақ 
жұмсақ қауыз (сұлы және арпа), асбұршақ қауызы, топан, жүгері қабығы 
және басқа жемді қалдықтар.


46
Үшінші категория – астықты тазалауда алынған қалдықтар (негізгі 
астық мөлшері 2% аспайтын қабылдау елегі сырғымасы және соңғы 
електен өткендері, сабан бөлшектері, ұшындылар және басқа жемді 
емес қалдықтар).
Ескеретін жағдай. Азық­түліктік, жарма және бұршақ дақылдары, 
жем­шөпдақылдары тиісті стандарттарына сәйкес келетін немесе астық 
қалдықтарына сәйкес келетін қалдықтарды атайды. Түрлі категориялы 
қалдықтарды араластыруға болмайды, себебі оларды жем­шөп ретінде 
қолдануға болмайды.
Астықты қайта өңдеуге дайын бөлімінде машиналардан алынған 
қалдықтарды сапасына және жемдік жарамдылығына байланысты топ
-
тайды. Үшінші категориялы жарамсыз қалдықтарды (жемдік еместер) 
пайдалануға болмайтындықтан, бөлек қораптарға жинайды. Жарамсыз 
қалдықтар ағымын дұрыс қосып, оларды тексеру қажеттілігі болмайды. 
Тек қуаты жоғары жарма зауыттарында, егер құрамында жарамды зат
-
тар болған жағдайда, бұл қалдықтардан жарамды заттарды бөлу үшін 
бураттан тексеруден өткізеді.
Жемді қалдықтарды жарма бөлгіштерде немесе бураттарда тексереді. 
Олардың құрамынан № 1,2 – 1,6 немесе 1 – 1,3 х 20 мм електер арқылы 
тас, кесек және құмды және майда қоспаларды, майдаланған дәнді бөліп 
алады, осы електердің сырғымасы негізгі дақыл дәнін құрайды, оны 
желдетіп жеңіл қоспаларды ұшырады. Алынған дән және ядро (күрішті 
қайта өңдегенде) тербелмелі пневмо столға жібереді, онда минерал
-
ды заттар және шөп­шалам бөлінеді де, тазаланған дақыл негізгі астық 
желісіне қосылады.
Тас бөлгіш машиналарынан алынған өнімдерде әрқашан тазалана
-
тын негізгі астық дақылы болады. Осы қалдықтар тербелмелі пневмо тас 
бөлгіштерде (А1­БКР немесе А1­БКВ) тексеруден өтеді. Бөліп алынған 
негізгі астықты, тас бөлгіш машинасынан кейінгі жабдыққа, тазаланған 
астық ағымына қосады.
Қуаты тәулігіне 200 т жарма зауыттарында жемді қалдықтарды 
елеуіш машиналарда тексереді. Ондағы електердің саңылауын зерт
-
ханада сұрыптаудан кейін таңдайды, ауа жылдамдығын және оның 
шығымын, қуатын тескерілетін қалдық көлеміне және жеке тазаланатын 
астық ерекшеліктеріне лайықты алады. Өндірістің құрамында құрама 
жем бөлімі болмаған жағдайда қалдықтарды балғалы ұнтақтағыштарда 
ұнтақтайды. Дискілі триерлерден алынған қалдықтарды, егер тексеру 
дискілері болмаса, цилиндрлі триерлерде тексереді.


47
Бөлінген майда астықты тексеруден өткізу орынды келеді. Бұл 
жағдайда електің сырғымасы негізгі жарамды астық алынады, ал майда 
жемдік материалды тексеріп, шөп­шалам және минералды қоспаларды 
бөліп алады, оларды жарамсыз қалдыққа қосады.
Желдету үшін екі желі қолданады: алғаш циклонда ауа тазалаудан 
өтеді, содан кейін фильтрден өтеді. Қоспалардың құрамында қылтанақ 
және қауыздың бөлшектері болған жағдайларда, олар фильтр ма
-
тасын бітейді, жұмыс атқарған ауаны екі рет тазалауды қолданады. 
Бұл жағдайда филтрдың алдында циклон немесе ұшынды жинағыш 
қарастырылады.Басқа жағдайларда сорғыш фильтрлерді таңдайды. 
Аспирациядан алынған қоспаларды, олардың жемдік құндылығына 
байланысты сәйкестік қораптарға жібереді. Жұмыс орындарында ваку
-
умды төмендету және фильтрлер мен желдеткіштер санын ықшамдау 
мақсатымен бекітулі аспираторларды таңдайды.


48


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет