Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет22/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

2.9 Қылтанақты бөлу
Қылтанағы бар астық немесе қылтанақты арамшөппен ластанған не
-
месе қосарланған дәні (сұлы) бар астықты қайта өңдеуге жіберер алдын
-
да қылтанақты алады және қосарланған дәнді ажыратады.
Қылтанақты қалақты ұрғыш машиналарда алады, ондай машиналар
-
ды қылтанақ бөлгіш деп атайды. Сұлы және арпаның қылтанағын ажы
-


39
рату үшін цилиндрі зімпаралы қалақты ұрғыш машинасын, ал күріш 
және сұлы үшін арнайы құрылымды қылтанақ бөлгіш (энтгранер) ма
-
шинасын қолданады (15­сурет). Өңделіп желдеткеннен кейін алынған 
қылтанақтың үйінді массасы жоғары болып, сусымалды келеді. Қорапқа 
түсетін дақылдың массасы өседі, машиналардың және тасымалдау 
механизмдердің қуаты жоғары болуын қажет етеді. Мұндай астықты 
електерде және триерлерде сұрыптау тиімді. Қылтанақты ажыратуда 
машиналар дақылды қауыздамауы және зақымдамауы қажет. Сұлыны 
өңдеуде және қосарланған дәнді бөлуде обойкалы машиналардың 
қалақтарының айналу жылдамдығы 14 м/с аспауы қажет, ал зімпаралы 
бетпен қалақтардың арақашықтығы 20 – 25 мм және қалақтардың орна
-
ласу ылдилығы ұзындығынан 12 – 14% болуы қажет.
15-сурет
. Қылтанақ бөлгіш машина қондырғысының ішкі көрінісі
Соңғы жылдары агротехнологияның жетіліуіне байланысты қылта­
нақты дақылдар және қылтанақты ластанған тары мөлшері азаюда, 
қылтанақты дақылдар өңдеуге өте аз түседі. Күрішті кептіруде, но
-
рияларда тасымалдауда қылтанағы алынады, бірақ ласты тарының 
қылтанағы мықты болғандықтан қиын алынады.


40
2.10 Жарма дақылдарын қоспалардан тазарту 
үдерістерінің жалпы принциптерін құрастыру
Жарма зауытының дайындау бөліміне түсетін астық, жарма өндірісіне 
тағайындалған астыққа бекітілген стандартқа сай сапа көрсеткіштері 
қойылған талаптарға жауап беруі қажет. Дайындау бөлімінде астықты 
қоспалардан мұқият тазалау қажет. Астықты алдын ала тазалауда және 
оны қамбаға құяр алдында ірілігі бойынша ірі партияларды құрастыру 
қажет. Осы жағдайда құралатын партия сапалық, технологиялық және 
жарма өндіруге сай болуын қатаң қадағалау керек. 
Қайта өңдеуге алғаш құрылатын партия және қоспалардан алдын 
ала тазалау сапасы жоғары жарма өндіруді және талапты шығымды 
болжамдауға мүмкіндік береді.
Астықтың түрлі сұрыптарын, типтерін және подтиптерін, сондай­
ақ сапалары (ылғалы, ластануы, бұзылған дәнді) әртүрлі сұрыптың бір 
түрін араластыруға болмайды.Стандартты астықты сұрыпы бір, бірақ зи
-
янды және қиын тазаланатын қоспасы бар астықпен араластыруға бол
-
майды. Осындай астық алдын ала тазаланудан өтуі қажет. Ылғалдық 
айырмашылығы 1 пайыздан аспаған бір сұрыпты астықты араластыруға 
болады. Кептіруден өткен астықтың ылғалы, кептіруден өтпеген астықтың 
ылғалымен бірдей болсада, оларды жеке өңдейді.
Жарма дақылдарын бір рет кептіруде күріш, тары және қарақұмық 
дақылдары үшін ылғалдың алынуы 3%, ас бұршағы және арпа 4% және 
жүгері 5,5%­дан артық болмауы қажет. Осы жағдайда, дәннің қызу тем
-
пературасы күрішті кептіруде 35 градустан, тары, қарақұмық және ас 
бұршағы 45­тен, ал сұлы, арпа және жүгері 55 градустан аспауы қажет. 
Астықты кептіруден кейін суыту қажет.
Астықты қоспалардан тазалаудың жоғары технологиялық тиімділігіне 
жетуде дайындау бөлімінде технологиялық нобайда қарастырылған 
үдерістердің бірізділігін орындап, әр машинаның жарамды жұмысы 
қамтамасыз етілуі қажет.
Жарма зауытының дайындау бөлімінде астық массасындағы барлық 
қоспаларды толық бөліп алу қажет. Бірақ астық массасында қиын бөлінетін 
қоспалардың болуы бұл мақсатты орындауға мүмкіндік бермейді. Осы
-
ны ескеріп, жарма зауыты технологиялық үдерістерін ұйымдастырып, 
жүргізу ережесі дайындау бөліміне жіберілетін тазаланған астықтың 
массасында қоспалардың мөлшеріне шек қарастырылған. Жарма 
дақылдарының форма, өлшемдері және құрылым ерекшеліктері, әр 
дақылда кездесетін қоспалардың өзгешіліктері жалпыға бірдей, барлық 


41
дақылдарды қамтитын және олардың әр қилы қасиеттерін ескеретін 
әмбебап технологиялық нобайды ұсынуға мүмкіндік болмайды.
Кейбір дақылдардың ортақ ерекшеліктерін ескеріп ғылым мен прак
-
тика қызметкерлері астықты дайындаудың ортақ технолгиялық нобайын 
ұсынды. Осындай технологиялық нобай 16­суретте келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет