18-сурет.
Жарма дәнді дақылдарын гидротермиялық өңдеу сұлбасы
Көлденең булағыштарда бу қысымы 0,1 МПа деңгейде тұрақты
ұстау және өңдеу ұзақтығын ұстау мақсатымен үстіне шлюзді ашып
жапқышпен жабдықталған екіүш булағыштар орналастырады.
Жоғары қысыммен өңдеу үшін Неруш аппаратын қолданады. Осы ап
-
паратта жоғары қысымда 17 мин аралығында бумен өңдеу үшін авто
-
матты реттеуіш қарастырылған. Барлық өңдеуге кететін цикластықпен
58
толтыру, түсіру және буды шығару 310 минутты құрайды. Аппараттың
сыйымдылығы 1100 л, бір циклдегі қуаты 660 кг немесе булау ұзақтығына
байланысты 39005600 кг/сағ. Будың шығыны 390600 кгсағ сәйкес.
Буланған астық, булағыш аппаратынан кейін кептіргіштің үстінде
орналасқан, бөктіру қорабына беріледі, ал одан тік булы кептіргішке
түседі. Булағыш аппаратынан кейін орналасқан бөктіру қорабында жи
-
налатын буды алу үшін аспирациялық қондырғы жобалануы қажет.
Кептіргіштің түсіргіш – айдағышын тоқтатып, оны жоғарғы деңгейіне
дейін астықпен толтырады. Кептіргіш үстіндегі қорап астықпен толғаннан
кейін бу беріледі, сонымен қатар ауаны сорғыш желдеткішті және өнімді
кептіргіштен шығаратын механизмді іске қосады.
Кептіргіштен шыққан астықтың ылғалы және температурасы қажетті
деңгейде болмағандықтан, оны ылғалы мен температурасын бір қалыпқа
келтіру үшін бөктіру қорабына түсіреді, содан кейін екінші рет кептіреді.
Кептіргіштің температурасы тұрақты болуы үшін оны жеке бөлмеге
орналастырады. Кептіруге тапсырыс берілген режимдеріне (кептіру
агентінің температурасы және астықтың кептіргіште болу ұзақтығы)
ондағы бу қысымын 0,2 – 0,5 МПа аралықта ұстау мүмкіншілігі болуы
қажет.
Кепкен астықты суыту арнайы аппаратта жүргізеді. Осы жағ
дайда берілетін салқын ауа астықты қосымша ылғалдамауы керек,
ол үшін суытатын ауаның ылғалы төмен болуы қажет. Суытылған
астықтың құрамындағы металл қоспаларды бөліп алу үшін магнит
қондырғыларынан өткізеді. Металл қоспалардың болуына бу және кон
-
денсат судың әсерінен гидротермиялық бөлімі жабдықтарының темір
бөлшектері тоттанып астыққа түсуі мүмкін. Осы жағдайлар болмау
үшін жобалау кезінде кептіргіштер мен ылғалдау аппараттары алдын
-
да, тасымалдағыш қондырғыларын (нория, транспортер) қолданбай,
қораптарды орналастырған тиімді. Ылғалды астықты сақтау немесе та
-
сымалдау кесінді жерлерде қаңылтыр орнына ағаш материалын қолдану
тиімді болады.
Гидротермиялық өңдеуден кейін астықты автоматты таразыда өлшеп
қауыздау бөліміне жібереді. Гидротермиялық өңдеу және өңдеуден кейінгі
айырмашылық бойынша алынған ылғалдың мөлшерін анықтайды.
|